Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
уголовка для подготовки.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
222.07 Кб
Скачать

§3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану

ҚК-тің 81 -бабы ізгілік және әділеттілік қағидаттарын негізге ала отырып бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге Қылмыстық кодекстің 82-бабында козделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса жазадан босатуы мүмкін екендігін белгілейді.

Мына көрсетілгендер тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу ша-ралары болып табылады:

а)ескерту;

б)ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;

в)келтірілген зиянды қалпына келтіру міндетін жүктеу;

г)бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;

д)кәмелетке толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру.

Қарастырып отырған баптағы тікелей көрсетіліп белгіленген шарттарды қолдану тек соттың құзыретінде. Жазадан босату белгілі бір шарттардьің болуын талап етеді, олар мынадай шарттар-қылмысты бірінші рет жасау;

кішігірім немесе орташа ауырлықта қылмыс жасау;

кәмелетке толмаған адамның түзелуіне тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларьш қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп соттың қорытындыға келуі: қылмьтстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, жасы толмағанның жеке басы (оның қылмыс жасағанға дейінгі жүріс-түрысы), отбасындағы қарым-катынасы, оқу орындарында немесе өндірістік мекемеде; келтірійген зиянды қалпына келтіруі; тергеуге қылмысты ашуға көмек көрсетуі және т.б.

Осы аталған шарттар болғанда ғана кылмыстық іс тоқтаты-лады және сот тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қол-дана алады. Бүл шарттардың мазмүны ҚК-тің 83-бабында керсетілген.

Кәмелеткетолмаған адамға ескерту жасау, оның әрекетімен келтірілген зиянды түсіндіруден және Қылмыстық кодексте көзделген қылмыстарды қайталап жасаудың зардаптарын түсіндіруден түрадьг.

Қадағалауға беру ата-аналарына немесе олардың орньшдағы адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органға кәмелет-ке толмаған адамға тәрбиелік әсер ету және оның мінез қүлқын бақылау жөнінде міндеттер жүктеуден түрады.

Келтірілген зиянды қалпына келтіру міндеті кәмелеткетол-маған адамның мүліктік жағдайын және оның тиісті еңбек дағ-дысы болуын есепке ала отырып жүктеледі.

Кәмелетке толмаған адамның бос уақытын шектеу және оның жүріс-түрысына ерекше талаптар белгілеу, белгілі бір орындарға баруға, бос уақыттың белгілі бір нысанын, оньгң ішінде механикалық көлік қүралын баскаруға баиланысты нысанын пайдалануға тыйым салуды, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үвден тыс жерде болуын, мамандандырылған мемлекеттік органның рұқсатынсыз басқа жерлерге баруын \шектеудікөздеуі мүмкін. Кәмелеткетолмаған адамға білім беру ^екемесіне қайта оралу, оқуын жалғастыру немесе аяктау не эдамандандырылған мемлекеттік органның көмегімен жұмысқа орналасу талабы да қойылуы мүмкін. Бұл тізбе әлі толық бо-лып табылмайды.

Алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге арнаулы тәрбие не-месе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыруды сот кәмелетке толмай қасақана орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамға тағайындауы мүмкін. Аталған мекемелерде болу адамның кәме-леткетолуына байланысты, сондай-ақтүзеуді қамтамасыз етуші мамандандырылған мемлекеттік органның қорытындысы негізінде сот кәмелетке толмаған адам өзінің түзелуі үшін б үдан әрі бұл шараны қолдануды қажет етпейді деген түжырымға келсе, мерзімінен бүрын тоқтатылуы мүмкін.

Жаңа қылмыстың алдын-алу немесе оны болдырмау үшін сот, кәмелетке толмағанның жеке басын, қылмыстың сипатьт мен қауіптілік дәрежесін, мінез-қүлқын анықтай отырып оның түзелуі үшін белгіленген қандай да болмасын тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының бірін қолдана алады.

Кәмелетке толмаған адам тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын жүйелі түрде орындамаған болса, арнайы зандарға сәйкес, мамандандырылған мемлекеттік органның қорытын-дысымен арнаулы қүжаттар қылмыстық жауаптылыққа тартуға жібертіледі. Қарастырылып отырған шаралар мемлекеттік күштеу шаралары бола отырып, тәрбиелік сипатты қамтиды, бірақ соттылықты көздемейді.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға арналған арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуды аталмыш баптың бесінші бөлігінде көзделген мерзім біткеннен КСРІІН ұзартуға тек кәмелетке толмаған адамның жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлығын аяқтауы қажет болған жағдайда ғана жол беріледі, бірақ ол кәмелетке толғанға дейінгіден аспауы керек.

Кәмелетке толмаған адамның арнаулы тәрбие және емдеу-тәрбиелеу мекемесінде болуының тәртібі мен ережелері заң-дармен белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]