
- •2)Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
- •3)Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
- •1.Аса қажеттілікті тудыратын қауіптің көздері әр түрлі бо-
- •5)Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
- •6)Әрекет етіп отырған қылмыстық заң бойынша жаза жүйесі.
- •2. Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды".
- •7)Бас бостандығын шектеу.
- •8)Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
- •9)Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
- •10)Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.
- •13)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
- •14)Жазадан босату және оның түрлері.
- •15)Жазадан мерзімінен бұрын босату және оның шарттары.
- •16)Жазаның мақсаттары.
- •17)Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
- •18)Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •§2. Кәмелеткетолмағандарға тағайьіндалатын жаза түрлер
- •§3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
- •§4. Кәмелеткетолмағандарды жазаны өтеуден
- •19)Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық.
- •20)Кінәнің түсінігі және қылмысты саралаудағы маңызы. Кінә нысандары.
- •21)Қажетті қорғану түсінігі мен мәні
- •22)Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың шегінен шығу.
- •23)Қасақаналық және оның түрлері.
- •24)Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау.
- •26)Қоғамдық жұмыстарға тарту.
- •28)Қылмыс жасауға оқталу және оның түрлері.
- •29)Қылмыс жасаудың жағдайы, тәсілі, орны, уақыты.
- •30)Қылмыс құрамының түрлері.
- •31)Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы. Қылмыстың және қылмыс құрамының арақатынасы.
- •37)Қылмысқа қатысудың нысандары.
- •43)Қылмыстардың көптілігінің түсінігі.
- •49)Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және негіздері.
- •50)Қылмыстық заңның диспозициясы және оның түрлері.
- •51)Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •56)Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс.
- •57)Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •58)Қылмыстық құқықтың міндеттері
- •59)Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •60)Қылмыстың арнаулы субъектісі.
- •61)Қылмыстың қайталануының түсінігі және түрлері.
- •62)Қылмыстың ниеті мен мақсаты.
- •63)Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы.
- •66)Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
- •67)Қылмыстың түсінігі және оның белгілері.
16)Жазаның мақсаттары.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің әр шарасының өз міндеті, өзінің ерекше мақсаттары бар. Жазаньщ максаттары деп мемлекеттің жаза тағайындау, оны қолдану мен іске асыру арқылы қол жеткізуге ұмтылатын ең шегіне жеткен, ақтық әлеуметтік нәтижелерін айтамыз.
Жазаның нақты мақсаттары Қазақстан Республикасы қыл-мыстық заңдары алдында тұрған міндеттерден туындаиды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаиың мақсаттарын анықтаудың, ең алдымен, соттың қүқық қолдану қызметіндегі маңызы зор. Нақты түлғаға қаты-сты жазаның түрі мен мерзімін анықтау барысында сот жаза-ның заңда көрсетілген мақсаттарын басшылыққа алуы керек. Бұл талапты елемеушілік заңсыз, негізсіз, әділетсіз жаза та-ғайындап, әділетсіз сот үкімін шығаруга әкеліп соқтырады
Заңдағы жазаның мақсатының айқындалуы жаза қолдану-дың тиімділігі туралы ғылыми зерттеулер үшін де қажет. Мы-салы, алғаш рет жасалып отырған қылмыстардың санының кемуі немесе арта түсуі жалпы ескертудің мақсатына жету дәрежесінің көрсеткіші болуы мүмкін. Ал арнайы ескерту мен сотталушының түзелуінің дәл осындай көрсеткіші — қайтала-нушы қылмыс деңгейі болып саналады.
Қылмыстық кодекстің 39-бабы жазаның мақсатын анықтаи келе былай дейді: "Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ, сотталган адамды тузеу және сотталган адамныц да, басқа адамдардыц да жаца қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады".
Олай болса, жазаның төмендегідей мақсаттары болады:
а)әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру; ә) сотталушыны түзеу;
б)сотталған түлғайы жаңа қылмыстар жасаудан сақганды- ру (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
в) басқа тұлғаларды қылмыс жасаудан сақтандыру (жалпы сақтандырудың мақсатьт).
Жазақолданылатын әр оқиға көрсетілген мақсаттарды тұтас коздеугетиіс.
Сонымен, әлеуметтік әдшеттілікті қалпьша келтіру — жаза-ІІың мақсаттарының бірі екен. Кез келген қылмыстың олеуметтік әділеттілікті бұзатыны белгілі. Мысалы, күші ба-сымдау адам өзінен әлсіз адамды үрыпкетеді. Еркек, күш көрсе-те отырып, әйелді зорлайды. Лауазымды тұлға өзінің кызмет бабын пайдалана отырып, азаматтардың заңды мүдделері мен құкықтарының елеулі түрде бұзылуына жол береді. Бұл аталған жағдайлардың әрқайсысында да осы қылмыстардан зәбір көруші тұлғаларға қатысты әлеуметтік әділеттілік сақталмаған, яғни бұзылған.
Сот кінәліге жаза тағайындай отырып, әлеуметтік оділеттілікті тек жәбірленушілер үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін, қалпына келтіруге (жартылай болса да) ұмтылуы тиіс. Қылмыскерге белгілі бір айрылу әкелу, қайғы-қасірет шектіру - жәбірленушінің, әрине оның жұбайының да бойына осы қылмыс арқылы бұзылған өзінің заңды мүдделері мен қүқықта-рының белгілі бір дәрежеде қайта қалпына келетіні туралы сенім ұялатуы тиіс. Мысалы, мүлкі ұрланған кезде жәбір көруші жоғалған затын қайтарып алуы немесе осы қылмыс арқылы өзінетиген залалдың орнын ақшалайтолтыруы мүмкін
Әлеуметтік әділеттілік, жалпы қоғамға қатысты қалпына келтіру былайша іске асады: сот әділ жазаны ашық түрде та-гайындай отыра (сот ісі негізінен, ашық отырыстарда қарала-ды), мемлекеттің қылмыстық занды бүзған тұлғаны жазалай алатыны, осы шара арқылы қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, азаматтардың денсаулығын, түтастай алғанда басқа да неғұрлым маңызды игіліктерді қорғ-ай алатынына қоғамның әр мүшесінің көзін жеткізеді. Қылмыскерлерді жазалаудың әрбір ісі туралы жан-жақтан естіп-білген сайын, жүрттың моральдық ризашылығы арта түседі.
Әлеуметтік әділеттілік заң арқылы жазаның мақсаты болып жарияланғандықтан, сот дәл, әділетті жаза тағайындау мәселесіне неғұрлым терең мән беріп, байыппен қарауға міндетті. Әйтпесе, жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатына қол жеткізу мүмкін болмайды.
Жаза адамдардыц әділеттілік сезімін, ал кейбір кездерде, қмлмыскердің жасаган жауыздыгына қарсы тразылық сезімін де қинагаттандыру үшін қолданылады. Сондықтан, көпшілік жүрт қаншалықты қатал болғанымен, бірақ әділетті тағаиындалған жазаны көбінесе оң қабылдайды. Керісінше, әділетсіз, сәикес емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатына жетуіне жол бермейді.
Жазаның басқа бір маңызды мақсаты — сотгалушьшың түзелуі болып табылады. Мұндай мақсаттың болуы — Қазақстан Рес-публикасы қылмыстық заңнамасының адамгершілік бағытты қолдайтындығының куәсі. Мемлекет, қылмыс жасаған тұлғаға заңды қолдана отырып, бұл тұлғаны жазасын өтеп болған соң қоғамға ол енді қайтадан жаңа қылмыстар жасамайтындаи етіп қайтаруға ұмтылуы тиіс. Түзелуді екіжақты тұрғыдан қарас-тырған орынды: біріншіден-, сотталушыға ықпал етуші тәрбие-леу процесінің өзі ретінде және, екіншіден, бұл ықпалдың нәтижесі ретінде.
Тузету дегеніміз — вұл сотталған тұлғаның психикасынан (санасынан) оны қылмыс жасауға жеткізген теріс әдеттерді аластату.
Тузету — сотталушының тәртібі мен психикасын жақсы жаққа қарай өзгертіп, оған жаңадан басқа қылмыстар жаса-мауға себеп болуы мүмкін, және де түзету оның мінезінде кездесетін қоғамға жат қылықтар мен көзқарастардан арылу мүмкіндігін беруден тұрады. Тузету кезінде сотталушы тұлғаға бұрын оның бойында болмаған әлеуметтік-пайдалы қасиеттер дарытылып, сонымен қатар, бір кездері езі ие болған, бірақ уақыт өте айрылып қалған жағымды қасиеттерін баянды ету-ден түрады. Олардың қатарына жеке басқа, оның қүқықтары мен мүдделеріне, қоғамда орнатылған қүқықтық тәртіпке ибадат-тылықпен қарау жатады. Тұтас алғанда түзетудің міндетінін орындалуы жазаны өтеу кезінде сотталушы тұлғаның көзка-растарының, сенімдерінің, қылықтары мен әдеттерінің сапалы түрде өзгеруіне қол жеткендігін білдіреді. Түзелген сотталу-шы жазадан қорыққанынан емес, жазаны өтеу кезінде оған дарытылған белгілі бір адамгершілік қағидаттары әсерінен жаңадан қылмыс жасамайды.
Т ү з е т у кезеңі алдын-ала тергеу барысында басталып, сот отырысы кезінде одан сайын тереңдей түседі. Содан соң жазаның нақты бір түрі тағайындалған кезде түзету кезеңі сол тағайындалған жазаны өтеу барысында жалғасады.
Жазалаудың түрлі шараларьшан түзетудің де түрлі тәсілдері, әдістері мен жолдары туьщдайды. Жазаның шаралары сияқты, түзету, қайта тәрбиелеу тәсілдері де сотталушының жеке басы, жасалған қылмыстың ауырлығы ескеріліп қолданылуы тиіс.
Бас бостандығынан айрылу жазасын өтеу кезінде бас бос-тандығынан айрылуды өтеу режимі, қоғамдық пайдалы еңбек, тәрбие жұмысы — түзетудің негізгі тәсілдері болып табылады. Түзетуге ыкдал етуші басқа да тәсілдер қолданылады, атап айт-қанда: сотталғандардың көркемөнер ұйымдары, мәдени-ағар-ту жұмысы және басқа да әрекеттер.
Аталған мақсатқа әрқашан қол жете бермейтінін атап өткен жөн. Ал, жазалаудың өлім жазасы сияқты шарасын тағайын-даған кезде ол тіпті де орындалмайды.
Сотталушыны түзету мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қал-пына келтірудің мақсатымен тығыз байланысты. Егер тағай-ындалған жаза шектен тыс қатал немесе орынсыз жұмсақ бол-са, ол әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне бөгет болып қана қоймай, сотталған тұлғаның түзелу процесіне де зиянын келтіреді. Себебі, жөнсіз қатал жазадан ол мейрімсізденетүссе, шектен тыс жұмсақ жазадан оның бойында бұдан кейін де қылмыстар жасап, тиісті қатал жазаны айналып өтуге болаты-ІІы женінде сенім үялап, ол беки түседі.
Арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты жазаның жеке (дербес) мақсаты болыптабылады. Оның мәні мен маңызы — сотталған тұлғаны жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру. Ол қылмыс жа-саған тұлғаға тікелей бағытталған.
Әдеби оқулықтарда арнайы сақтандырудың мазмүны мен мақсаты және оған жетудің тәсілдері туралы бірегей пікір қалыптаспаған. А.И. Марцев арнайы сақтандырудың мәні "қыл-мыстық жауаптылыққа тартылған түлғаның жаңа қылмыс (не-месе жаңа қылмыстар) жасауына жол бермеуінде" және бүл мақсатқа жазалау мен тәрбиелеуді қолдану арқылы жетуге бо-лады" деп пайымдайды1.
И.И.Карпец нақты түлғаға жаза тағайындау кезінде арнайы сақтандыру мақсатын қамтамасыз етудің төмендегідей гәсілдерін атап етеді: қылмыскерді қылмыс жасай алатын күш мүмкіндігінен айыру; қылмыскерге психикалық ықпал жасау; үрейлендіру2.
Арнайы сақтандырудың мақсатына мынадай тәсілдермен жетеді. Біріншіден, сотталған түлғаның жаңа қылмыс жасау дәрменінен айрылуы арқылы.
Қылмыстық заң белгілеген жаза жүйесінде сотталған тұлға-ны жаңа қылмыстар жасау дәрменінен айыратындары да аз емес. Тереңірек айтсақ, бас бостандығынан айыру, қамауға алу — тұрақты бақылау мен күзетуі бар белгілі режиммен; туыс-тар, достар мен таныстардан оқшауланумен; тәртіпті бұзу және қылмыс жасау құралы мен тәсілі болуы мүмкін заттар мен ақшаны жанында ұстауға тыйым салумен қоса жүреді. Белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айрылғанда тұлға бұрынғы лауазымында қызмет ету және оны жаңа қылмыс жасау үшін пайдалану мүмкіндігінен айрылады.
Екіншіден, арнайы сақтандырудың мақсатына жазасын өтеу кезінде сотталушының психикасына түзелу бағытында әсер етіп, осы арқыльг оны жаңадан қылмыс жасаудан алып қалып жетуге болады.
Үшіншіден, арнайы сақтандыру мақсатына жазамен қорқы-тып, үрейлендіру арқылы да жетуге болады. Жазамен қорқыту жазаның сөзсіз болатындығына байланысты. Жаңа қылмыс жа-сағаны үшін жаңа жазадан қашьш қүтылу мүмкін емес екендігін сезіну — адамды қылмыс жасаудан бас тартқыза алады.
Кез-келген жаза сотталған түлғаны белгілі бір айрылуға, қайғы-*;асіретке ұшыратады. Сондықтан да ол кінәліні жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді, оның үстіне, қай-та жасаған қылмыс үшін заң бойынша жазаның күшейу мүмкіндігі қарастырылған. Анағұрлым қатал қасірет пен шектеулерді қайта бастан өткізуден қорқу түлғаның жаңа қыл-мыс жасаудан бас тартуына әсер етеді.
Сонымен, арнайы сақтандырудың да мақсаты сотталған түлғаны түзетудің мақсатымен тығыз байланысты.
Жалпы сақтандыру мақсатьт — сотталған түлғаны емес, негізінен санасында заң талаптарын орындау туралы түрақты-лық қалыптаспаған басқа тұлғаларды қылмыс жасаудан жаза-лау арқылы сақтандырудан тұрады. Арнайы, жеке сақтанды-руға қарағанда бұл мақсаттың айырмашылығы — ол қылмыс жасаған жекетүлғаға емес, басқа, сенімсіз түлғаларға, сол сияқ-ты, зандар мен басқа да нормативті актілерді бүзуға бейімтүра-тын түлғаларға арналған. Жазамен, оны қылмыс жасаған кезде колданумен қорқыту мұндай тұлғалардың санасы мен тәртібіне ұстамдылық пен сақтана білушілік әсерін тигізіп, оларды қыл-мыс жасау туралы ойдан арылуға көндіреді. Қылмыс жасаға-ны үшін жаза қолданылатындығында қорқып, үрейлену түрақ-сыз тұлғаларды қылмыс жасаудан тежеп қалады. Жазаның жалпы сақтандыратын әсері, деп жазады М.Д. Шаргородскии, біріншіден, қылмыстық заңның жариялануының өзі және онда нақты қоғамдық қауіпті іс үшін берілетін жаза түрінің тағайындалуы; екіншіден, қылмыс жасаған нақты хінәлі тұлғаға жаза ІІІарасын соттың тағайындауы; ушіншіден, тағаиындалған жа-Іаның оны өтеу барысында іске асуы1.
С.В. Полубинская жалпы сақтандырудың мақсатын екі түрге бөледі: қылмыстарды жасауға бейім тұлғаларға ең кем дегенде тфбиелік әсер, ал ең көп дегенде қорқытушы әсер 'Іудырудан тұратын, тар магынада түсінілетін — жалпы сақ-гандыру; кец магынада түсінілетін және жазаның қоғамның барлық мүшелеріне тәрбиелік ықпалынан тұратын жалпы сақ-Іандыру2.
Жазаның ҚК-тің 38-бабында аталған мақсаттары, бір жа-І І>інан, дербес сшіатта болып келсе, екінші жағынан, ажыра-мас құраңда жүзеге асады.
Жазаны қолдану кезінде жазаның барлық мақсаттары бір мезгілде көзделеді. Алайда, бұл — қайткен күнде де ол мақ-саттарға жетуге болады дегенді білдірмесе керек. Айталық, жазаны өтеудің кез келген кезеңінде де колонияға аластату арқылы сотталған тұлғаның жаңадан қылмыс жасауын тьтюға Іюлады (бұл арада арнайы сақтандырудың мақсаты орында-иады), бірақ бүл жағдайда түзетудің мақсатына әрқашан қол жете бермейді. Белгілі бір қылмыс үшін кылмыстық жауап-гылық белгілеу кезінде де, нақты бір қылмыс үшін жаза Ілгайындау кезінде де, нақты қылмыскерге баиланысты да, Ірнайы және жалгіы сақтандыру мақсаттарының түрлі ара І «Ітынасы болуы мүмкін. Сот нақты қылмыс үшін жаза пслгілеу кезінде жазаның барлық мақсаттарының дүрыс ара катынасына мән беруі тиіс.