
- •2)Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
- •3)Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
- •1.Аса қажеттілікті тудыратын қауіптің көздері әр түрлі бо-
- •5)Аталған қылмыс үшін қарастырылған жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
- •6)Әрекет етіп отырған қылмыстық заң бойынша жаза жүйесі.
- •2. Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқа-дай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды".
- •7)Бас бостандығын шектеу.
- •8)Бас бостандығынан айыру негізгі жаза ретінде.
- •9)Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
- •10)Бірнеше қылмыстарды жасағаны үшін жаза тағайындау.
- •13)Есі дұрыстық және есі дұрыс еместік қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ретінде.
- •14)Жазадан босату және оның түрлері.
- •15)Жазадан мерзімінен бұрын босату және оның шарттары.
- •16)Жазаның мақсаттары.
- •17)Заңды және фактілі қате және оның қылмыстық жауаптылық туралы мәселелерді шешудегі маңызы
- •18)Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.
- •§2. Кәмелеткетолмағандарға тағайьіндалатын жаза түрлер
- •§3. Кәмелетке толмағандарды жазадан босату және оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану
- •§4. Кәмелеткетолмағандарды жазаны өтеуден
- •19)Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық.
- •20)Кінәнің түсінігі және қылмысты саралаудағы маңызы. Кінә нысандары.
- •21)Қажетті қорғану түсінігі мен мәні
- •22)Қажетті қорғану. Қажетті қорғанудың шегінен шығу.
- •23)Қасақаналық және оның түрлері.
- •24)Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау.
- •26)Қоғамдық жұмыстарға тарту.
- •28)Қылмыс жасауға оқталу және оның түрлері.
- •29)Қылмыс жасаудың жағдайы, тәсілі, орны, уақыты.
- •30)Қылмыс құрамының түрлері.
- •31)Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы. Қылмыстың және қылмыс құрамының арақатынасы.
- •37)Қылмысқа қатысудың нысандары.
- •43)Қылмыстардың көптілігінің түсінігі.
- •49)Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және негіздері.
- •50)Қылмыстық заңның диспозициясы және оның түрлері.
- •51)Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші.
- •56)Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс.
- •57)Қылмыстық құқықтың қағидалары.
- •58)Қылмыстық құқықтың міндеттері
- •59)Қылмыстық құқықтың түсінігі, пәні және әдістері.
- •60)Қылмыстың арнаулы субъектісі.
- •61)Қылмыстың қайталануының түсінігі және түрлері.
- •62)Қылмыстың ниеті мен мақсаты.
- •63)Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы.
- •66)Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы.
- •67)Қылмыстың түсінігі және оның белгілері.
38)Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының негіздері мен шектері
39)Қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың әрекеттерін саралау.
40)Қылмысқа қатысушылықтағы эксцесс.
41)Қылмыстардың жиынтығы.
42)Қылмыстардың көптілігі
1)Абайсыздық және оның түрлері.
ҚК-тің 21-бабының бірітиі бөлігіне сәйкес, Іменмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасал-ган қылмыс деп танылады.
ҚК-тің 2і-бабында абайсызда жасалған кінәнің екі түрі' — мснмендік және немк^райдылык, қарастырылған.
ҚК-тің 21-бабының екінші бөлігіне сәйкес, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қыл-мыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Менмендіктіц интеллектуалдык, жагдайы, адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін алдын ала білетіндігімен сипатталады. Интеллектуалдық жағдай бойынша қылмыстык менмендіктің тікелей және әсіресе жанама қасақаналықтың интеллектуал-дық жағдайымен біршама ұқсастығы бар. Бұл екі жағдайда да айыпкер өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зар-даптарының болатынын алдын ала біледі. Бірақ қасақаналық-тағы алдын ала білудің сипатының қылмыстық менмендіктегі алдын ала білудің сипатынан елеулі өзгешелігі бар.
Қасақаналықтағы алдын ала білу әрқашанда нақты сипатта болады.
Айыпкер болуы мүмкін немесе болмай қоймайтын кылмыс-тық салдар нақ соның езінің нақты жағдайда жасаған іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен) болатынын алдын ала біледі.
Қылмыстйһч менмендіктегі алдын ала білудің сипаты басқа. Менмендікте қылмыстық зардаптар жалпы, абстрактылы ны-санда көрінеді. Айыпкер өзі жасаған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жалпы қоғамға қауіпті зардагттар әкелуі мүмкін екендігін алдын ала біледі, бірақ нақты осы жағдайда бүл зардаптар болмайды деп сенеді.
Менмендіктегі еріктік жагдайда адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарын жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді.
Өз іс-әрекетінін зиянды зардаптарын болғызбаймын деп ойлағанда айыпкер өз пайымында ауыр зардаптарға тосқауыл болатын, нақты мән-жайларға сенеді.
Субъект арқа сүйеген жағдайлар әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Айыпкер өзінің күшіне, тәжірибесіне, біліміне, т.б. сенуі мүмкін.
Айыпкер, сонымен қатар, басқа адамдардың іс-әрекетіне, табиғаткүшіне, техникаға, т.б. сенуі мүмкін. Субъектінін сенімі бойынша зиянды зардаптарға тосқауыл бола алатын мән-жай-ларда сол зардаптарды шындығында тойтара алатындай қасиет болуға тиіс. Нақты, іс жүзінде бар мән-жайларға сенбей кез-дейсоқ мән-жайларға сену менмендікті болдырмайды.
Айыпкердің ойынша зиянды зардаптарға тосқауыл бола алатындай мән-жайларға сену жеңілтектік, яғни үстірт,
дәлелсіз, асығыс болады, себебі субъекті бұл мән-жайларды дұрыс бағалай алмайды. Айыпкердің белгілі бір мән-жайларға сенімі оның жеңілтектігі салдарынан дұрыс болмай шығады; ол өз күшін, басқалардың мүмкіндігін және басқа да мән-жай-ларды дұрыс есептемейді, зардаптардың болуына жол береді.
Мысалы, мына төмендегі Г-нің іс-әрекетінде менмендік бар. Г. автомашинаны жоеары жылдамдықпен қатты айдап келе жатады. Огсшқарама-қарсыжанындажолаушыК. бар, журггзуші И. келе жатқан. Жолдыц жиегінде, машишілардьщ қатарласып өтуін қиындататын тас уйінді бар еді. Г. жылдамдыгыи бәсең-детпей тар жерден өте шыгамът деп ойлап, И-діц автомаишна-сымен соқтыгысып қсілды. Осының ссілдарынан жолаушы К. қаза табады.
Менмендік пен жанама қасақаналық бір-бірінен негізінен, еріктік жағдайға байланысты өзгешеленеді.
Жанама қасақаналықта айыпкер, зиянды зардаптардың бо-луын өзі тілемегенімен де, оларға саналы түрде жол береді не немқұрайды қарайды.
Менмендік кезінде тілек те, зиянды зардаптардың болуына саналы түрде жол беру де не оған немқұрайды қарау да бол-майды.
Менмендіктегі еріктік жағдайда адам зиянды зардаптарды болдырмауға сенеді.
Нақты мән-жайларға негізделген, зиянды зардаптарды бол-дырмаудағы жеңілтектікпен сенуді нақты мән-жайларға негізделмеген, "мүмкін бола қоймас" деген есептен ажырата білу керек. Мумкін бола қоймас деп сену — зиянды зардаптарға саналы түрде жол беру, яғни бүл жанама қасақаналықтың еріктік жағдайы.
ҚК-тің 21-бабының ушінші бәлігіне сәйкес, егер адам қажетті үқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола түра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыстық немқурайдылықтьщ штеллектуалдық жагдайы адамның ез іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зар-даптарының болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алмауы-мен сипатталады.
Кінәнің басқа нысандарынан — қасақаналықтан және менмендіктен — немқұрайдылықтың айырмашылығы адамның оз әрекетінің қоғамға қауігтгілігін үғынбайтындығында, қоғамға қауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білмейтіндігінде.
Немқұрайдылықта адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ұғынбайды, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білмейді, себебі сақтық ережесін ұстан-байды, жеке адамның мүддесін, мемлекет пен қоғам мүдделерін сақтауға қажетті үқыптылық, сақтық және жете қамкорлық көрсетпейді. Егер айыпкер үқыптырақ болып, сақтық ережесін сақтауға, өз міндетіне жауаптырақ қараса, ол өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды екендігін үғынған болар еді, зияңды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала біліп, оларды тойтарған болар еді.
Немқүрайдылык болған кейбір жағдайларда адам жасала-тын әрекетті сол мәніндетолық үғына алмайды, сондықтан да ол қоғамға кауіпті зардаптардың болуы мүмкін екендігін ал-дын ала білмейді.
Немқурайдылықтың еріктік жагдайы екі белгімен сжтат-талады. Біріншісі — ад.ш ез іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарын алдын ала білуге тиіс еді; екішиісі — адамның оларды алдын ала білуі мүмкін болған. Қоғамга қауіпті зардаптарды алдын ала білу міндеті, заң тілімен айтқан-да "тиіс едГ деген сез немқұрайдылықтың объективтік критерийі болып табылады.
Алдын ала білу мүмкіндігі, егер заң тілімен айтар болсақ "мүмкін болган" деген сөз, — немқұрайдылықтың субъективтік критерийі болып табылады.
Заң (ҚК-тің 21-бабының ушінші болігі} немқұрайдылыққа екі критерийді — субъективтік және объективтік критеришіерді қосып анықтама береді.
Немқурайдылықтьщ объективтік критерийі — өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін адамның алдын ала білуге тиіс екендігінен түрады. Бүл міндет заңның, басқа да нормативтік актілердің талаптарынан, қызметтік және кәсіби міндеттерден, түрмыс ережелерінен, сақтықты талап ететін басқа да ереже-лерден туындайды. Бүл міндеттің мәні — адамньщ өзіне жүктел-ген міндетті орындау барысында, әрекет жасалынатын нақты жағдайда үқыпты, сақ болуға, зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге және оларды болдырмау үшін шара қолдануға тиісті екендігінде.
Объективтік кррітерий айыпкер айналысқан белгілі бір кәсіп, мамандық немесе қызмет адамдарына сақтауға тиісті сақтық-тың белгілі бір талаптарын ескеруді міндеттейді; әр адамга қүқықтық, моральдық, тұрмыстык ережедердің норімалары жүктеген сақтық шараларыньщ орындалуыя қажет етеді.
Объективтік критерий тұрғысынан алғанда, осындай жағ-дайда қалған кез-келген адам зиянды зардаптарды алдын ала білуге тиіс болғанда ғана сол зардаптардың болатындығьтн ал-дын ала білу мүмкіндігі бар деп танылады.
Объективтік критериңде адамның өзіне тән ерекшеліктері ескерілмейді және ол "өз әрекетінің зиянды зардаптарының болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге сол адамньтң нақты мүмкіндігі болды ма?" — деген сүрақтың жауабын бере алмай-ды. Сондықтан да объективтік критерийді субъективтік крите-риймен тығыз байланыста қарау керек.
Немқурайдылықтыц субъективтік критерийі әрбір нақты жағдайда нақты бір адамның тек өзіне тән ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. "Өз іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті зардаптарын сол адамның алдын ала білуі мүмкін болды ма?" деген сүраққа жауап беру үшін оның жа-сын, білімін, кәсібін, өмір тәжірибесін, жүмъіс стажын (өтілін) және т.б. ескеру, сондай-ақ денсаулық жағдайын, әрекет жа-салған кездегі жағдайды да ескеру қажет. Тек субъективтік кри-терийлерге сүйене отырып адамның зиянды зардаптардың бо-латынын алдын ала білуге нақты мүмкіндігі бөлған-болмаған-дығын анықтауға болады.
Субъективтік критерий объективтік назардың болуын жокка шығарды. Сондыктан да қылмыстық заң немқүрайдылықтың субъективтік критерийіне шешуші маңьтз береді.
Субъективтік критерішдіц бар-жоқтһігын анықтау ушін ал-дьшен объективтік критеі)іійдіц бар-жогын анықпшу керек. Егер немқүрайдылықтың объективтік критерийі болмаса (адам өз әрекетінің болуы мүмкін зардаптарын алдын ала білуге тиісті емес болса) онда немқүраңдылықтын субъективтік критерийі туралы мәселе де болмайды. Егер объективтік критерий анық-талса (адам зиянды зардаптардың болуы мүмкін екендігін ал-дын ала білуге тиіс болса), онда зардаптардың болуының мүмкін екендігін адам алдын ала біле алатын жағдайда ғана не-мқұрайдылық болады.
Мысалы, М. мен К. өзара жанжалдасып бірін-бірі итере бас-тайды. М-ныц қатты итеруіиенК. шшіқасынан түсіп құлап, басы /пасқа согылады. К. желке суйегі мен бас терісінің жарақатта-ІІуы нәтижесінде көп кешікпей қайтыс болады, Сот М-ның орекетінде қылмыстық немқұрайдылық нысанындағы абаисыз-да адам өлтіру бар екендігін таниды. Тасты жерде түрған К-ны итергенде М. зиянды зардаптың болуы мүмін екендігін (К-ның өлімін) алдын ала білмесе де, оның қүлайтынын және ауыр зардаптың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс еді және біле алатын еді.
Немқұрайдылық зиянды зардагітардың болуы мүмкін екендігін алдын ала білуге тиіс емес жағдайдағы сияқтьт, олар-дың болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алмаған жағдайда да орын алмайды.
Қьілмыстьіқ немқұрайдылықты кездейсоқ жагдайдаи немесе казустан, яғни жазықсыз зиян келтіруден ажырата білу керек
Зардаптың кездейсоқ жагдайда болғандығына адам жазык-ты емес, сондықтан да бұл жағдайда қылмыстық жауаптылык болмайды.
Казус, яғни жазықсыз зиян келтіру мына төмендегі баптар-да сипатталған: ҚК-тің 23-бабының біртшібөлігтесәйк&с, егер әрекет жасаған адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және одан кейін пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жаса-ғаны және қоғамдыққауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыс-тық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасшіган деп танылады.
ҚК-тің 23-бабының-е/сшш/ бөлігіие сәйкес, егер әрекет жа-саған адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіптілігін үғынбаған және істің мән-жайы бойынша үғына алмаған болса, не қоғамдық қауіпті зардаптардың пайда болуы мүмкін еі!?енін алдын ала білмесе және істің мән-жайы бойын-ша оларды алдын ала білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, әрекет жазықсыз жасалган деп танылады.
КК-тің 23-бабының екінші болігі жазықсыз зиян келтірудің ерекше түрін де қарастырады.
Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың пай-да болуын алдын ала білген адам оны болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байла-ньтсты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әре-кет жазықсыз жасалған деп танылады
2)Айдап салушы және оның жауапкершілігі.
Басқа тұлғаны сөз байласу, сатып алу, қорқыту арқылы немесе басқа тәсілмен қылмыс жасауға көндірген тұлға айдап салушы деп танылады (ҚК-тің 28-бабының пюртінші бөлігі). Бұл тұлғаның атқаратын қызметі — белгілі бір кылмысты жасауды бұған дейін де ойластырып жүрген тұлғаның шешімін бекіте түсіп, оны осы қылмысты жасауға қайрай түсетіндігінде. Осыған орай біреудің қылмысты іспен айналысу туралы жал-пылама, белгісіз түрде айта салған сөздерін айдап салушылық деп қарастыруға болмайды.
Айдап салу: қылмыс жасауға сөз байласу, уәде беру, қорқы-ту, сатып алу арқылы немесе басқа тәсілдермен жүзеге асуы мүмкін. Айдауға көнген тұлғаның дәл айдап салушы көндірген қылмысты жасауы — айдап салушылықтық нәтижесі болуы тиіс. Басқаша айтқанда, айдап салушының қылығы — айдап са-лынушының, яғни, айдауға түсушінің қылмысқа баруының себебі.
Айдауға көнушіні қьглмыс жасауға көндірген кезде айдап салушының колданған амалдары жаза тағайындауға әсер етеді.
Тұлғаның басқа біреуді дем берушілікке, яғни орындаушыға қолдау к^рсетуге көндіруі де айдап салушылық деп танылады. Мәселен, А. кісі елтіру үшін Б-дан қару тауып беруді сүрап, олар осы жайында сөз байласады делік. Бүл жағдайда А-ның тарапынан айдап салушылық орын алып отыр.
Егер де айдап салынып отырған тұлға бастапқыда бүл іске келісімін бергеніне қарамастан, қылмыс жасаудан бас тартса, айдап салушылық та жойылады. Аталған жағдайда (айдап са-лушылық сәтсіздікке үшырағанда) айдап салушының тарапы-нан қылмыс жасауға дайындық болды деп есептеледі.
Субъективтік жағынан алыпқарағанда, айдап салушылық-та тікелей қасақаналықтың болатындығы анық. Біреуді белгілі бір қылмыс жасауға айдап сала отырып, кінәлі өзінің әрекетінің қоғам үшін қатерлі сипатын жақсы түсікеді, оның қоғам үшін кауіпті салдарының сөзсіз болатындығын немесе мүмкіндігін алдын-ала біліп, сол салдардың орын алуын тілейді.
Айдап салушының әрекетіндегі ниет пен мақсат орындау-шының әрекетіндегі ниетпен мақсатқа сәйкес келмеуі мүмкін. Алайда, бүл жағдай олардың жауаптылығына әсер ете алмай-ды. Мысалы, кісі өлтіруге айдап салушының қүрбан болушы адаммен бас араздығы болса, үйымдастырушының оны өлтіруде пайдакүнемдік ойы іске асуы мүмкін.
Егер де айдап салушының көндіруімен жасаған қылмысын аяғына дейін жеткізбесе, айдап салынушы қылмыс жасауға оқталуға бірге қатысқандығы үшін ҚК-тің 24, 28-баптарына және Ерекше бөлімнің тиісті бабына сәйкес жауап береді.
Нақты бір қылмыс жасауға бірлесіп қатысу болып есептелетін айдап салушылықтан онымен ұқсастығы бар кейбір қылмыс түрлерін ажырата білу керек. Мысалы, басқыншыльгқ соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде ша-қыру (ҚК-тің 157-бабы), Қазақстан Республикасының консти-туциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бүзуға шақыру (КК-тің 170-бабы). Бұл жағдайларда айдап салушылыкка жеке, қыл-Імыстык әрекетке өзінетиісті жауаптылық қолданылады^себебі мұндағы кінәлінің әрекеттері белгісіз тұлғаларды қоғамдық қауіпті істер жасауға кендіруге бағытталған.
3)Айыппұл қылмыстық жазалау шарасы ретінде.
КК-тің 40-бабына сәйкес — Қылмыстық кодексте көздел-ген піекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданыЯып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша өндіріп алу айыппұл деп танылады. Басқаша айтканда, қылмыстық жаза ретінде айыппүл тағайындалған түлға белгілі мөлшерде материалдық шығынға ұшырайды. Айыппұл қыл-мыстық жазаның негізгі түрі ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінің баптарында қарас-тырылған санкциялардың жалпы санының 39,14%-ын қүрай-тын 247 савкцияда және қосымша жаза ретіңде 4,2%-ын қүрай-тын 27 санкцияда белгіленген.
Қылмыс жасаушыға мемлекеттің кінә тағуын алға тарта оты-рып, айыппүл сотталушыға психологиялық әсер жасайды. Және де, оның үшырататын материалдық салдарынан мүліктік және басқа қылмыстардың көптеген түрлері қылмыскер үшін әрі қауіпті, әрі тиімсіз болуы мүмкін1.
Заң шығарушының айыгшүлды жаза түрлерінің тізіміндегі бірінші орынға қойғандығын ескере отырып, оны жазаның онша қатаң емес шарасы ретінде, сондай-ақ ауыр және аса ауыр дәрежелерге жатпайтын қылмыс жасаған тұлғаға әсер етудің тиімді тәсілдерінің бірі ретінде қарастырған орынды. Бұл — сот практикасыңца ең жиі қолданылатын жаза түрі. Айталық, 1995 жылы айыппұл сотталғандардың 9,3 %-ына тағайындалса, 1996 жылы оның саны 14,9 %-ға жеткен.
Айыппұлды қолдану да жаза жүйесіне кіретін жаза түрлерінің барлығы үшін бекітілген мақсаттарды көздейді. Айыгшүл тек қылімыскерді түзету, жалпы және жеке ескертудін мақсаттарын ғана емес, сондай-ақ, міндетті түрде, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің мақсатын да қамтамасыз етеді. Әрине, айыппүлдың кылмыстық жазаның кез-келген басқа түрі сияқты, мақсатқа жету тәсілдері бойынша, сондай-ақ олардың қүрамындағы мәжбүрлеу мен тәрбиелеудің ара қатысы бой-ынша және, осыған орай, олардың жазаның мақсаттарына жетудегі мүмкіндіктерінің әртүрлі болуына қарай айырмашы-лығы бар1.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының нарықтық қаты-настарға көшуіне байланысты орьтн алған экономикалық көрсеткіштер жазаның шарасы ретінде айыішүлды қолдануды кеңейту үшін қажетті әлеуметтік алғышарттар болып табыла-ды. Материалдық ынта қай кезде де маңызды орынға ие болып келді, ал коғамдағы халықтың көпшілігі материалдық хал-аху-алды жақсартуға тұрақты ұмтылыс көрсетіп отырған қазіргі кезенде, оның маңыздылығы рдан сайын арта түсуде. Жаза, мінездің қылмыстык заңға қарсы түрін болдырмайтындай ын-таға ықпал жасау үшін керек екендігі белгілі, ендеше, қылмысқа қарсы күресте материалдық ынталарға әсер етуден бас тарту, тіпті де дұрьтс болмас еді. Әрине, айыгшүл тағайындаған кезде, хал-ахуалдың деңгейі бойынша қоғамда орын алып отьгрған ала-қүлалықты ескеру керек. Айыгшұлдың бір нақты мөлшері сот-талушылардың әртүрлі тобына, олардың мүліктік жағдайына байланысты әртүрлі әсер етеді. Заң шығарушы бұл жағдайды ойластыра отырып, ҚК-тің 40-бабының екінші болігінде айып-пұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сот-талған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді деп атап көрсеткен.
Айыппүлды есептеудің екі тәсілі бар:
1) заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтінде қол-данылып жүрген айлық есептік керсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мелшерде;
2) сотталушының жалақысының немесе оның қылмыс жа-саған сәтіндегі белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мелшерінде.
Бірінші жагдайда айыппұлдың мөлшері Қазақстан Респуб-ликасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен — жиырма мыңға дейінгі мөлшерімен, екінші жагдайда —- сотталған адамның жалақы-сының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезендегі өзге де табысының мөлшерімен шектелген.
Өзге табыс дегенде кірістің жалақыдан басқа түрі туралы айтылады1. Және де, заң "өзге табыстар" емес, аөзге табьгс" дейді. Мұның өзі сот айыгшұлды табыс түрлерінің біреуінің мөлшеріне қарай тағайындап, қалғандарының барлығын ескермеуі тиіс екендігін керсетеді.
Сотталушы тұлғаның белгілі бір кезендегі өзгетабысы сот шешімінде көрсетілген мерзім аралығында салық салуға жата-тын түсімдердің көздері, түрлері және мөлшерлері бойынша тағайындалады.
Айыппүлдың мөлшері жасалған қылмыстың ауырлығына, сотталушы түлғаның мүліктік жағдайьша байланысты және жасалған қылмыс сараланған баптың санкцияларында белгіленген шектер, сол сияқты жағдайда жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріле отырып, сот арқылы тағай-ындалады. Мысалы, басқыншылық соғысты түтандыруға на-сихат жүргізу және жария түрде шақыру үшін (ҚК-тін 157-бабының бірінші бөлігі} үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мелшерде немесе сотталған адамның үш айдан тоғыз айға дейінгі кезендегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыгшүл салу көзделеді (бас бостандығынан айы-румен алмастырылуы мүмкін). Ал денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында қасақана орташа ауырлыктағы зиян келтіру (ҚК-тің 108-бабының бірітиі болігі) үшін елу айлық есептік керсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның торт айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табьтсының мөлшерінде айыппұл салу көзделген (жазаның басқа түрлерімен алмастырылуы мүмкін). Аталған қылмыстар үшін салынатын айыппұл мөлшерінің мүндай айырмашылығы, әрине, қылмыстардың ауырлылығының әртүрлілігіне байланьгсты.
Мүліктік жағдайды бағалау кезінде сотталушыға тиісті мүліктің барлық түрлері ескеріледі, мысалы, жеке меншік құқығындағықозғалмайтын мүліктің, жеңіл машинанын, жерді пайдаланудан түскен табыстардың немесе басқа табыс түрлерінің болуы; оның жалақысының мөлшері; отбасы мүшелері мен оның асырауындағылардың (кәмелетке толма-ған балаларының, ата-аналарының, асырауындағы еңбекке жарамсыз басқа тұлғалардың) саны.
Айыгшүл, егер ол, ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті бап-тың санкциясында тікелейкөрсетілген болса ғана қолданылуға жатады. Сонымен қатар, ол ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тиісті бап бойынша көзделген жаза түріне қарағанда, неғүрлым жеңіл жаза ретінде тағайындалуы да мүмкін. Айыппүл ҚК-тің Ерек-ше бөлімінің баптары санкциясы бойынша міндетті жаза ретінде көзделген күнде де ҚК-тің 55-бабы қолданылатын жағдайда, сот оны қосымша жаза ретінде қолданбауы мүмкін.
Айыппүл шартты түрде соттау кезінде қосымша жаза ретінде қолданылуы мүмкін (ҚК-тің 63-бабының төртінші болігі).
Жазаны етеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату кезінде, сот айыппүл түрінде тағайындалған жазадан толық немесе ішінара босатуы мүмкін (ҚК-тің 70-бабы).
Айыппұл кішігірім немесе орташа ауырлықты қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген түлғаның жа-засынын өтелмей калған бөлігін (ҚК-тің 71-бабының бірінші бөлігі), сол сияқты, жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазасын етеуін кейінге қалдырған кезде, занда көрсетілген жағдайлар (ҚК-тің 73-бабының ушінші болігі} орын алса, жазаның қалған бөлігін алмастыра алады.
Жазасын етеп жүргентұлғаның жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстырылғанда, сот айыппұл түріндегі қосымша жазаны өтеуден толық немесе ішінара бо-сата алады (ҚК-тің 78-бабының бірінші болігі).
Еңбекке жарамсыз деп танылған, түрақты жұмысы жок не-месе оқу орнында өндірістен қол үзігт оқып жүрген түлғаларға түзеу жұмыстарының орнына сот бір ай түзеу жүмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есептік көрсеткішке тең айыгшүл сомасының есебінен айыппүл тағайындауы мүмкін. Аталған жағдай, егер де ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабының санк-ңиясы бойынша, айыппүл түріндегі жаза көзделмегенде қол-данылады. Сонымен қатар, егер көрсетілген жағдайлар жаза-ІІы өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жүмыстарын аиыппұл салумен ауыстыра алады (ҚК-тің 43-бабының ушінші болігі).
Аріыішұлды төлей алу мүмкіндігі болмаса, сот оны қамау жазасымен алмастыра алады. Бірақ, мүндай жағдайда камауға алу бір айға дейінгі мерзімге тағайындалады (ҚК-тің 46-бабы-ның екінші бөлігі).
Айыппұл төлеуге сотталған тұлға оны сот шешімі күшіне енген күннен бастап бір айдан қалдырмай төлеуге міндетті (Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 46, 22-бабының 1-тармағы). Егер сотталушы түлғаның айып-пұлды бірден төлеуге шамасы келмесе, оның өтініші бойын-ша, айыппүл төлеу мерзімі алты айға дейінгі мерзімге үзарты-луы немесе бөліп-бөліптөленуі мүмкін (ҚАК-нің 22-бабының 2-тармағы).
Айыппүл төленбеген жағдайда, ол үкімді шығарған сот бер-ген орындау қағазы негізінде мәжбүрлеу арқылы өндіріліп алы-нады. Айыгшұл өндіріп алуға сотталушының ортақ меншіктегі үлесін, ақшасын, құнды қағаздары мен басқа да қүндылықта-рын, соның ішінде, қаражат-несие үйымдары мен банкілерде сақтауда, жинақта не есебінде бар қүндылықтарын да есептегендегі мүлкі жаратылады. Айыппұлды өндіріп алу кезінде, сот үкімі бойынша тәркіленуге жатпайтын мүліктердің тізімінде көрсетілген мүлік алынбайды.
Негёзгі жаза ретінде белгіленген айыппұлды телеуден түлға әдейі жалтарған кезде, соттың айыппүлдың төленбей калған мелшерін қоғамдық жүмыстарға тартумен, түзеу жұмыстарьт-мен немесе бір ай түзеу жұмыстарьтна не сексен сағатқа қоғам-дық жұмыстарға тартуға сәйкес қамауға алумен немесе айлық есептік керсеткіштің үш есе мөлшеріне тең айыппұл үшін он күнге қамауға алумен, жазаның осы түрлері үшін кылмыстық завда көрсетілген шек пен жағдайларды сақтай отырып, алмас-тыруға қүқығы бар (ҚК-тің 42, 43, 46-баптары).
Қылмыстық занда айыппұл төлеуден әдейі жалтару үғымы туралы түсінік берілмеген. Оған ҚАК-нің 23-бабын зерттеу барысывда мынадай анықтама беруге болады: айыппулды таіеу-ден әдейіжалтаруя&геттз сотталушы айыппүлды өз мезгілінде төлемеген жағдаңда, оған мәжбүрлеп өндіріп алудан өзінің мүлкін, табыстарын жасырып қалу, сонымен катар, ҚК-тің 40-бабының төртінші болігінде көзделген санкциялар қолда-нылуы мүмкін екендігі туралы ескерту жасалғаннан кейін де, заңмен белгіленген уақытта айыппүлдың төленбеуі.
Он сегіз жасқа толмай сотталған адам үшін айыппүл тағай-ындаудың шегі мен жағдайлары біршама өзгеше. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайын-далады. (ҚК-тін 79-бабының екінші бөлігі}.
Кәмелетке толмай сотталған тұлғаға айыппұл тағайындау кезінде сот ҚК-тің 52, 80-баптарында қарастырылған жағдай-лардың барлығын ескере отырып (жаза тағайындаудың жалпы негіздері, кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау), айып-пұлды оннан — бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақьгсының немесе езге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде есептеп шығарады (ҚК-тің 79-бабыньгң екінші болігі).
Кәмелетке толмаған адамға айыішұл түрінде жаза қолдану кезінде, Қазақстан Республикасы АзаматгықКодексінің 17,22-бап-тарында бекітілген жағдайлар ескерілуі тиіс, яғни, кәмелетке толмаған адам ез әрекетіне толық мәнінде жауап бере алады деп танылғанда: некеге тұрған күннен бастап (заң актілері арқ-ылы 18 жасқа толмай некеге тұруға жол берілген жағдайлар (АК-тің 17-бабының 2-тармағы); кәмелетке толмаған адам өзінің жалақысына, стипендиясына, басқа табыстарына өзі дер-бес түрде ие болу құқығынан айрылмаған және шектелмеген жағдайлар (АК-тің 22-бабының 3-тармағы).
4)Аса қажеттілік және оның шарттары.Аса қажеттілікке қатысты ҚК-тің 34-бабының, бірінші болігінде: "Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның неме-се өзге де адаэддардың өміріне, денсаулығына, қүқықтары мен занды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бүл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бүл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кехушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды" делінген Заңда көрсетілгендей, аса қажеттілік заңмен қорғалатын мүдделерді сақтап қалу үшін, зиян келтіру арқылы жасалатын қажетті жағдай/әрекет. Мұңцай жағдайда келтірілген зиянньщ мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болуы керек.
Аса қажеттілік жағдайындағы әрекеттерді кез-келген аза-маттар жасай алады. Белгілі бір санаттағы азаматтар (мысалы, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнаиы қызмет-керлер және т.б.) төнген қауіпті тойтаруға міндетті болып та-былады. Олардың өз міндетін орындамауы заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соқтырады.
Іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында жасалған бөлуы және оның заңды деп табылуы үшін мынадай бірнеше шарттардың жиынтығы болуы қажет:
Бірінші шарт төнген қауіпке қатысты шарт.
Қауіп төніп тұрған және одан қорғану кезіндегі аса қажеттілік жағдайындағы әрекет занды болуы үшін әр түрлі қауіті кездерінен туындайтын қауіп-қатер:
белгілі бір адамның жеке басына, сол адамның немесе
бөгде адамдардың қүқықтарына, қоғам мен мемлекеттің заң-
мен қорғалатын мүдделеріне төнуі керек;
нақты бар болуы керек;
шын мәнінде, анық болуы керек.