Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУЙЕРКУЛ ПРАК САБАКТАР (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.08.2019
Размер:
475.65 Кб
Скачать

Ұлттық байлық дегеніміз не?

Ұлттық байлық – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі.

Экономикалық әдебиеттерде “Ұлттық байлық” деп еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің қорын айтады. Кейбір экономистер ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады.

Сонымен ұлттық байлыққа не жатады? Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады:

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабаларымыз қалдырған барлық мұрасы;

ә) Табиғи және жер асты байлығымыз;

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз - халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны - сол елдің байлығының кепілі.

Әлемнің қай мемлекетін алсаңыз да, тіпті ол енді дамып келе жатқан ел болсын, ұлттық байлықтарының құны бар. Ол мемлекеттер әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеден қызметіне, екіншісін интерполға беріп қойған.

Ұлттық байлыққа жеке коллекционерлердің қолындағы көне заттар да жатады.

Барлық мемлекетте ғасырлар бойы жинақталған ұлттық байлық бар. Оны ғалымдар ең құндысынан бастап рет-ретімен зерттеп, ғылыми жұмыстармен дәлелдеген, сонымен қатар, ол заттың құны валютамен есептеліп шығарылған.

(“Қазақ әдебиеті” газетінен).

1 – тапсырма

Берілген сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

негізгі – основной

маңызды – важный

күш-қуат - потенциал

көрсеткіш – показатель

өндіріс – производство

тұтыну - потребление

игілік – благо, благородство

дәреже – степень

күретамыр – вена

кепіл – гарант, гарантия

көне – старинный

ежелгі – древний, античный

құн – стоимость

құнды -ценный

бабалар мұрасы – наследие предков

ғасырлар бойы – на протяжении веков

2 - тапсырма

Мына тіркестердің қазақша баламасын атаңыз:

Национальный университет, национальная библиотека, национальная академия, национальное богатство, национальная гвардия, национальный доход, национальный банк.

3 – тапсырма

Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз:

Ұлттық байлық, ата-бабалар мұрасы, табиғат байлығы, жер асты байлығы, ұлттық мұра, әдеби, мәдени мұралар.

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

...лтты... байлы..., елд...ң экономикалық к...ш-...уаты, ма...ызды к...рсетк..., ...дебиет, е...бекпен жасалатын, ...нд...р...с пен т...тыну, материалды... иг...л...ктер ...оры, таби...и ресурстар, ...асырлар бойы, ата-бабаларымыз …алдыр…ан, айма…, сырт жерлер, м…ралар, жер аст… байлы…ымыз, …деби, м…дени, тарих… м…ралар, халы…, …с…п-…ркендеу, …лтты… иг…л…г…м…з, к…ре тамыр, ма…тан т…ту, кеп…л, …лем, есепте…ген, т…ркелген, қ…ны аны…талған., халы…аралы… каталог, енг…зу, кеден …ызмет…, к…не заттар, …ұрайды, …алымдар, зерт…еу, …ылыми ж…мыс, есептел…п шы…арыл…ан.

2-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық тұлғаларды жазып, оқыңыз, ол сөздерге сұрақ қойыңыз.

Ұлт... байлық – ел... экономика... күш-қуаты... аса маңызды көрсеткіші. Экономика... әдебиеттер... «Ұлттық байлық – еңбек... жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдалан...атын материал... игілік... қор...» делінген. Кейбір экономис... ұлттық байлық... табиғ... ресурстар... да қосады. Ұлттық байлық мынадай сала…дан тұрады: ғасыр… бойы ата-бабалар… жинап қалдырған барлық мұра…ымыз; табиғ… және жер асты байлығ…; әдеб…, мәден… және тарих… мұралар…. Соңғы топ… жатқызылған әдеби, мәдени, тарихи мұра…ымыз - халық…, мемлекет… өсіп-өркендеуі…, байлығ.. көрсететін ұлттық игілігіміз… күре тамыр… Кез-келген мемлекет өзі… ұлттық мұрасы… мақтан тұтады. О… құн… - сол ел… байлығы… кепіл…. Әлем… қай мемлекет… алса… да, ұлттық байлықтары… құн… бар. Ол мемлекеттер… әр тасы… дейін есепте…іп, тірке…іп, құны анықта…ған. Ол дерек… халықара… каталог… енгіз…іп, бір… кеден қызмет…не, екінші… интерпол… бер…ген. Ұлттық байлық… бір бөлігі… жеке коллекционерлер… қолы…ғы көне зат… құрайды. Барлық мемлекет.. ғасырлар бойы жинақта…ған ұлттық байлық... ғалым… зертте…, ғылым… жұмыс… арнаған. Ол заттар… құн… валюта… есепте…іп шығар…ған.

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып оқыңыз.

Ұлттық ... – елдің экономикалық ... аса маңызды .... Экономикалық ... «Ұлттық байлық - еңбекпен жасалатын, ... пен ... үшін пайдаланылатын ... игіліктер қоры» делінген. Кейбір экономистер ... байлыққа ... ресурстарды да қосады. Ұлттық байлық … салалардан тұрады: ғасырлар бойы … жинап қалдырған Қазақстан аймағындағы және … жерлердегі барлық …; табиғи және … … байлығымыз; …, мәдени және … мұраларымыз. Соңғы топқа жатқызылған әдеби, …, тарихи мұраларымыз - халықтың, … өсіп-өркендеуін, … көрсететін ұлттық игілігіміздің … тамыры. Кез-келген … өзінің ұлттық … мақтан тұтады. Оның … - сол елдің байлығының …. Әлемнің қай мемлекетін алсаңыз да, ұлттық … құны бар. Ол мемлекеттердің әр … дейін есептеліп, …, құны анықталған. Ол деректер … каталогке енгізіліп, бірі … қызметіне, екіншісі … берілген. Ұлттық байлықтың … … жеке коллекционерлердің қолындағы … заттар құрайды. Барлық мемлекетте ғасырлар бойы … ұлттық байлықты … зерттеп, … жұмыстар арнаған. Ол заттардың … валютамен есептеліп шығарылған.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Национальное богатство, экономический потенциал, важный показатель, экономическая литература, предназначенный для потребления, материальное достояние, благосостояние народа, природные ресурсы, завещанное предками состояние, за пределами республики, подземные природные ресурсы, полезные ископаемые, культурное наследие, памятники литературы, исторические памятники, развитие государства, процветание страны, золотая жила национального достояния, гордиться национальным богатством, иметь огромную ценность для народа, пересчитать и зарегистрировать, оценить каждый камень родной земли, дорожить каждым камнем, внести в международный каталог, передать в таможенную службу и в интерпол, старинные ценные вещи, изучены учеными, их исследованию посвящены научные труды.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Ұлттық байлық – елдің экономикалық күш-қуатының аса маңызды көрсеткіші. Экономикалық әдебиеттерде «Ұлттық байлық - еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктер қоры» делінген. Кейбір экономистер ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Ұлттық байлық мынадай салалардан тұрады: ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жинап қалдырған Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі барлық мұраларымыз; табиғи және жер асты байлығымыз; әдеби, мәдени және тарихи мұраларымыз. Соңғы топқа жатқызылған әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз - халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры. Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны - сол елдің байлығының кепілі. Әлемнің қай мемлекетін алсаңыз да, ұлттық байлықтарының құны бар. Ол мемлекеттердің әр тасына дейін есептеліп, тіркеліп, құны анықталған. Ол деректер халықаралық каталогке енгізіліп, бірі кеден қызметіне, екіншісі интерполға берілген. Ұлттық байлықтың бір бөлігін жеке коллекционерлердің қолындағы көне заттар құрайды. Барлық мемлекетте ғасырлар бойы жинақталған ұлттық байлықты ғалымдар зерттеп, ғылыми жұмыстар арнаған. Ол заттардың құны валютамен есептеліп шығарылған.

Арнайы тапсырма!

1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1. Қазақстанда кездесетін табиғи ресурстардың қандай түрлерін білесіз? Оларды топтап жазыңыз: мұнай, ...;

2. Қазақтың ауыз әдебиетінен қандай жыр-дастандарды білесіз? Мысалы: «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», ... ;

3. «Қазақфильм» киностудиясы шығарған үздік туындыларды атаңыз: «Алдар Көсе», «Атаманның ақыры», ... ;

4. Қазақстандағы табиғаты тамаша жерлерді атаңыз: Көкшетау, Баянауыл, Көлсай, … ;

5. Қазақстанның қандай көне қалаларын білесіз? Атап шығыңыз: Түркістан (Йассы), Отырар (Фараб), … ;

6. Қазақ жеріндегі аса көрнекті сәулет (архитектура) ескерткіштерін атаңыз: Арыстан баб кесенесі (мавзолей), Қожа Ахмет Йассауи кесенесі, … ;

7. Қазақстан қорықтарын (заповедник) атаңыз: Ақсу-Жабағылы қорығы, … ;

8. Қазақ жеріндегі тауларды атаңыз: Алатау, Қазығұрт, ... ;

9. Қазақ жеріндегі көлдерді атаңыз: Балқаш, ...;

10. Қазақстандағы өзендерді атаңыз: Жайық, ... ;

11. Қазақстанды мекендейтін бағалы аңдарды атаңыз: марал, ...;

12. Қазақ жерін мекендейтін құстарды атаңыз: аққу, бүркіт, ... ;

13. Қазақтың ұлттық киімдерін атаңыз: сәукеле, ... ;

14. Қазақтың ұлттық қолөнері туындыларын (әшекейлерін) атаңыз: шашбау, ... ;

15. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңыз: бешбармақ, ... ;

16. Қазақтың ұлттық сусындарын атаңыз: қымыз, ... ;

17. Қазақ тойларын (баланың дүниеге келуінен бастаңыз) атаңыз: шілдехана, бесік той, ... ;

18. Қазақтың ырым-кәделерін атаңыз: сүйінші, байғазы, ... ;

19. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз? Мысалы: көкпар, ... ;

20. Қазіргі қалаларымызда салынған сәулет ескерткіштерінен ең таңдаулылары деп қайсыларын айтар едіңіз?

Мысалы: Алматыдағы Тәуелсіздік монументі, Астанадағы «Бәйтерек» кешені, ... .

Ескерту: ресми деректер бойынша елімізде 85 мыңнан астам өзен-көл бар. Ал ресми емес деректер бойынша үлкенді-кішілі өзен-сулардың жалпы саны 225 мыңнан асады.

Ситуациялық жаттығулар

1. Сіз - туристік агенттіктің директорысыз. Шетелден келген қонақтарға Қазақстанды таныстыруыңыз қажет. Оларды қай жерлерге апарасыз? Неге ол жерлерді таңдадыңыз? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Сіздің екі шағын кәсіпорын ашуға мүмкіндігіңіз бар. Мемлекеттен алынатын рұқсаттама (лицензия) тамақ өнеркәсібіне, жеңіл өнеркәсіпке (киім және тұтыну заттарын өндіру) және құрылыс ісіне арналған. Қай саланы таңдар едіңіз? Неліктен? Өз пікіріңізді нақты деректермен дәлелдеңіз.

3. Екі жыл қатарынан үздіксіз жұмыс істеп, тамыз айында демалысқа шықтыңыз. Қай елде тыныққанды жөн көресіз? Бір нұсқаны таңдап, жауабыңызды негіздеңіз:

А) Алыс шет елдердің бірінде;

Ә) ТМД елдерінің бірінде;

Б) Қазақстан қалаларының бірінде;

В) Алматының айналасында.

4. Сіз – кинорежиссерсіз. Қазақстандағы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша үлкен қаражатты ұтып алдыңыз. Кім немесе не жайында, қандай фильм түсірер едіңіз:

А) Тарихи драма;

Ә) қазіргі саяси-әлеуметтік ахуал туралы деректі фильм;

Б) балаларға арналған комедия.

4- сабақ.

БАҒА.

Бағаның деңгейі туралы. Еркін баға.

«Баға» сөзімен тіркесетін сөздер.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

баға – цена

келісімді баға – договорная цена

көтерме сауда бағасы – оптовая цена

еркін баға – свободная цена

төмен баға – низкая цена

тұрақты баға – постоянная цена

маусымдық баға – скользящая (сезонная) цена

үстеме баға – наценка

Мәтін

Баға

Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Әрбір тауардың бағасы оның құнымен тепе-тең болуы керек.

Баға ақшаның құнсыздануын, басқа факторлардың қымбаттауын есепке алуы керек.

Бағаны реттеу – экономиканы реттеудің бір бөлігі ретінде жүзеге асуы тиіс. Нарық еркін бағасыз болмайды.

Еркін баға дегеніміз – бағаны бетімен жіберу емес. Нарықтық экономиканың өзегі еркін бағада, бірақ оны дәл белгілей білу қажет.

Жалақы мен бағаның өсуі нарық талабына сәйкес, бір-біріне сай түрде реттелуі қажет. Ерте ме, кеш пе сұраныс пен ұсыныс теңестірілуі мүмкін. Баға саясатын жүргізу үшін, қазіргі заңдарды жетілдіре отырып, жаңа заң қабылдау керек.

1 – тапсырма

Мына сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

Ақшалай көрінісі – денежный эквивалент

құн – стоимость, цена

тепе-теңдік – баланс, равновесие

құнсыздану –обесценивание

қымбаттау – подорожание

бетімен жіберу – распустить

теңестіру – выравнивать

баға айырмасы – разница в цене

баға алшақтығы – несоответствие цен

баға белгілеу – назначение цен

бағаны реттеу – урегулирование цен

ерте ме, кеш пе – рано или поздно

сұраныс – спрос

ұсыныс – предложение

қазіргі – современный

қолданыстағы заң – действующее законодательство

жетілдіру – усовершенствовать

қабылдау - принять

2 – тапсырма

Мына сөйлемдердегі “баға” сөзінің мағынасына назар аударыңыз:

Мұндай заттың бағасы кем дегенде 1800-2000 теңге.

Баланың көңілді болатын да реті бар, ол бүгін қазақ тілінен “бес” деген баға алды.

Бағаңды білмейді екенсің, кейбіреулер сен дегенде ішкен асын жерге қояды деп естідім.

Ол өз еңбегімен халыққа баға жетпес қызмет көрсетті.

Қадірің кеткен соң, бағаң да кетер.

3 – тапсырма

Мына сөздерді қазақшаға аударыңыз:

Цена мирового рынка, цена оптовая, цена производства, цена скользящая, договорная цена, цена потребителя.

4 - тапсырма

Баға туралы әңгімелесейік:

1. Бейресми жағдайларда тауардың бағасын қалай сұрауға болады?

(Как спросить о цене товара в неофициальной обстановке?)

не? қанша тұрады?

не? қымбат тұрады екен?

нені? қаншаға алдыңыз?

неге? қанша төледіңіз?

не үшін? қанша бердіңіз?

нені? қаншадан алдыңыз?

нені? қаншаға сатасыз?

не үшін? қанша алғыңыз келеді?

2. Ресми жағдайда тауардың бағасын қалай сұрайды? (Как спросить о цене товара в официальной обстановке?)

… бағасы қандай?

… қаншаға бағалайсыз?

3. Бағаның деңгейі туралы қалай айтуға болады? (Как следует выразиться об уровне цен?)

1. Тұрақты баға

баға тұрақтанып жатыр

бағаның тұрақтануы

1. Цена стабильная

цены стабилизируются

стабилизация цен

2. Төмен баға

2. Цена низкая

бағаның төмендеуі

понижение цен

бағаның түсуі

падение цен

3. Жоғары баға

бағаның өсуі

бағаның көтерілуі

бағаның секіруі

3. Цена высокая

рост цен

повышение цен

скачок цен

4. Бағасы ұшып тұр

бағасы сұмдық

4. Цены кусаются

баснословная цена

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

Ба...а, қ...ны, а...шалай к...р...н...с, тепе-те... , ...ұнсыздану, ...ымбаттау, б...р б...л...г..., нары..., ерк...н ба...а, бет...мен ж...беру, нары...ты... экономика, ...зег..., д...л белг...леу ...ажет, жала...ының ...су..., с...йкес, б...р-б...р...не сай, ретте...у, с...раныс, ...сыныс, те...ест...р...лу, қаз...рг...і за...дар, жет...лд...ру, за... ...абылдау.

2-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық тұлғаларды жазып оқыңыз, ол сөздерге сұрақ қойыңыз.

Баға – тауар құны... ақшалай көрініс... . Әр тауард... бағас... оның құны... тепе-тең болу... керек. Баға ақша... құнсыздануы..., тауарлар... қымбаттауы... есеп.. алуы керек. Баға... реттеу – экономика... реттеу... бір бөліг.... Нарық еркін баға... болмай.... Еркін баға деген – баға... бетімен жіберу емес. Нарық... экономика... өзег... еркін баға..., бірақ оны дәл белгілей білу қажет. Жалақы мен баға... өсу... нарық талабы... сәйкес, бір-біріне сай ретте...уі қажет. Ерте ме, кеш пе сұраныс пен ұсыныс теңестіріл...ді. Баға саясаты... жүргіз... үшін, қазіргі заң...ды жетілдіре отыр..., жаңа заң қабылдау керек.

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Әрбір тауардың ... оның құнымен тепе-тең болуы керек.

Баға ақшаның …, басқа факторлардың … есепке алуы керек.

Бағаны … – экономиканы реттеудің бір бөлігі ретінде жүзеге асуы тиіс. Нарық … болмайды.

… … дегеніміз – бағаны бетімен жіберу емес. Нарықтық экономиканың өзегі еркін бағада, бірақ … дәл белгілей білу қажет.

Жалақы мен … өсуі … талабына сәйкес, бір-біріне сай түрде реттелуі қажет. Ерте ме, кеш пе … пен … теңестірілуі мүмкін. Баға … жүргізу үшін, қазіргі заңдарды жетілдіре отырып, жаңа … қабылдау керек.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Стоимость товара, денежный эквивалент, обесценивание валюты (товаров), подоражание вещей, снижение цен, нужно учесть, урегулирование цен, цены стабилизируются, свободная цена, оценка имущества, основа (стержень) рыночной экономики, часть регулирования экономики, усовершенствовать и ипересмотреть законы, обсудить и принять новый закон.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. Әр тауардың бағасы оның құнымен тепе-тең болуы керек. Баға ақшаның құнсыздануын, тауарлардың қымбаттауын есепке алуы керек. Бағаны реттеу – экономиканы реттеудің бір бөлігі. Нарық еркін бағасыз болмайды. Еркін баға деген – бағаны бетімен жіберу емес. Нарықтық экономиканың өзегі еркін бағада, бірақ оны дәл белгілей білу қажет. Жалақы мен бағаның өсуі нарық талабына сәйкес, бір-біріне сай реттелуі қажет. Ерте ме, кеш пе сұраныс пен ұсыныс теңестіріледі. Баға саясатын жүргізу үшін, қазіргі заңдарды жетілдіре отырып, жаңа заң қабылдау керек.

7 - жаттығу

Мына сөздердің көпше түрін жасаңыз:

Баға, тауар, табыс, құжат, дүние-мүлік, салым, пайда, салымшы, зейнеткер, кәсіпкер.

8 - жаттығу

Мына сөздермен сөйлем құрастырыңыз:

Еркін баға, сұраныс, ұсыныс, ақша айналымы, өндіруші, тұтынушы, шегерім (скидка).

9 - жаттығу

Мына сөз тіркестерінің мағынасын қалай түсінесіз?

Бағаны ұстап тұру, бағаны жіберу, бағаны қатыру (тұақтандыру).

10 - жаттығу

«Бағасыз дүние - құнсыз» («Что не имеет цены, то не имеет ценности») дегенді қалай түсінесіз? Мысалмен түсіндіріңіз.

11 - жаттығу

Орыс тіліндегі оценить, уценить, переоценить сөздерінің қазақша баламасын табыңыз.

12 - жаттығу

Көп нүктенің орнына “қайта бағалау”, “бағалау”, “арзандату” сөздерінің бірін қойыңыз.

Мынау - өте көне кітап, оны қымбатқа … керек.

Мына тауарға өте төмен баға қойылған, оны … керек.

Жаз мезгілі өтті. Жаздық заттарды 50 пайызға … керек.

Мына көйлекте шамалы ақау (брак, дефект) бар, сондықтан оны … керек.

Модельді есте сақтаңыз!

Не істеу керек?

Бағалау керек.

Бағасын төмендету керек.

Қымбаттату керек.

Өзгерту керек.

13 - жаттығу

Арзандату сөзінің синонимдерін табыңыз.

14 - жаттығу

Мына сөздердің антонимдерін табыңыз:

Қымбат баға - …

Сапалы зат - …

Өтімді тауар - …

Арнайы тапсырма!

1. Жарнамалық газеттерден тауар бағасы туралы 10 хабарландыруды тауып, қазақшаға аударыңыз.

2. Сіз – киім дүкенінің иесісіз. Маусымның өтуіне байланысты жазғы тауарлардың (жейделер, жеңсіз көйлектер, ши қалпақтар мен күнқағарлар т.б.) бағасын арзандату туралы бас менеджермен сұхбат құрыңыз.

3. Маусымдық шегерім (сезонная скидка) жайында газетке хабарландыру және теледидар мен радиоға жарнама беріңіз. Ол жарнама мәтінін үш нұсқада дайындаңыз.

4. Сіз – былғарыдан тігілген бұйымдар (қыстық киім, аяқ киім, сөмке, әмияндар т.б.) сататын дүкеннің кеңесші-сатушысысыз. Күздік киім алуға келген әкесі мен қызына тауарыңызды таныстырып, олардың таңдауына көмектесіңіз. Сұхбатты жазбаша дайындап, рөлдерге бөлініп, оқыңыздар.

5. Сіз анаңыздың туған күніне арнап сыйлық алу үшін сауда орталығына келдіңіз. Әшекей бұйымдар сататын бөлімнің сатушысымен болатын (сыйлық таңдау, тауарды өндіруші, заттың сапасы, бағасын түсіру туралы ұсыныс жасау т.б.) әңгіменің жобасын дайындаңыз.

6. Үйіңізге қонақ шақырып қойдыңыз. Жеміс-жидек және сусын түрлерін алу үшін сауда орнына (базарға немесе азық-түлік дүкеніне) келдіңіз. Сатушымен сөйлесуді неден бастайсыз? Сұхбатты жалғастырыңыз.

5-сабақ.

АҚША.

Ақша айналымы.

Ақшаның басты қызметі. Ақша белгілері.

ТЕҢГЕ – ұлттық валюта.

Қазіргі кездегі теңге бағамы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

нақты ақша – наличные деньги

ақша бірлігі – денежные единицы

ақша белгісі – денежные знаки

ақша қоры – денежные фонды

ақша айналымы – денежное обращение

ақшаның қызметі – функция денег

Мәтін