Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУЙЕРКУЛ ПРАК САБАКТАР (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.08.2019
Размер:
475.65 Кб
Скачать

Құнды қағаздар туралы не білесіз?

Құнды қағаздарға акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, вексельдер жатады. Бұл қағаздар бұрын “бағалы қағаздар” деп аталған. Бірақ қазір оны “құнды қағаздар” деп атап жүрміз, себебі, бүгінгі құнды қағаздар оның иесіне тек пайда, табыс әкеледі.

Құнды қағаздардың үш түрлі құндылық қасиеті бар, яғни оны сатып ала отырып, сіз

біріншіден, акция иемденуші боласыз,

екіншіден, оны шығарушы кәсіпорынның белгілі бір бөлігіне ие боласыз,

үшіншіден, акцияның екі бағасының номиналды және нарықтық бағасының айырымы арқылы пайда көресіз.

Құнды қағаздардың екі түрі бар: қарыз түріндегі құнды қағаз және корпоративтік құнды қағаз. Егер құнды қағазды мемлекет шығарған болса, ол мемлекеттік құнды қағаз – қатерсіз құнды қағаз болып табылады.

Сіз мемлекеттік құнды қағаз сатып алсаңыз, пайда табасыз. Бірақ одан аз пайда көресіз. Әйтсе де сіздің қаржыңызға ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы акцияңызды жоғалтпайсыз, керісінше, шамалы пайда үлесін аласыз.

Корпоративтік құнды қағазда қатер бар (риск), әйтсе де оның пайдасы жоғары.

Құнды қағаздар Қазақстанда 1991 жылдан бастап пайда бола бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі мен акционерлендірілуі шешуші роль атқарады.

Қазақстан заңдары бойынша Республика аймағында құнды қағаздардың мынадай түрлеріне рұқсат етіледі: акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер.

1-тапсырма

Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

айырым — разница

пайда — прибыль

кәсіпорын — предприятие

белгілі бір бөлігі— определенная часть

сата аласыз — можете продать

катерсіз — безопасный

катерлі — опасная

мемлекеттік - государственный

қажы - финансы

бастапқы — первоначальная

керісінше — наоборот

әйтсе де — тем не менее

шамалы — небольшая

үлес — доля

катер — риск

таңдау — выбирать, разбираться

қасиет — качество

бастапқы — первоначальная

2 – тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз:

Құнды қағаз дегеніміз не?

Құнды қағаздардың қандай үш түрлі құндылық қасиеті бар?

Қазақстанда құнды қағаздар қашан пайда болды?

Құнды қағаздардың қандай түрлері бар?

3 - тапсырма

Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз:

Акция сату, ұзақ мерзімді депозит, құнды қағаз, жылдық дивиденд.

4 - тапсырма

Мына сөздерді жаттап алыңыз:

атаулы акция – акция именная

акция бойынша дивиденд – дивиденд по акциям

акцияның бағасын белгілеу – котировка акции

депозиттік салым – депозитный вклад

депозиттік есеп – депозитный счет

жылдық дивиденд – годовой дивиденд

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1 – жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

Қ…нды қа…аз, …ұндылы… …асиет, акция ие…денуш…, шы…арушы к…с…порын, нары…тық ба…а, ба…а айырымы, …арыз т…р…ндег… ……нды …а…аз, корпоративт…к қ…нды қа…аз , …атерс…з қ…нды қа…аз, пайда …лес…н алу, …атер бар, пайдасы жо…ары.

2 – жаттығу

Мына сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық тұлғаларды қойып оқыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.

Құнды қағаздар… үш түр… құндылық қасиет… бар. Сіз, бірінші…, акция иемдену… бола, екінші…, оны шығару… кәсіпорын… белгілі бір бөлігі.. ие боласыз, үшінші…, акція… екі баға…ның номинал… және нарық… бағасы… айырым… арқылы пайда көре…. Құнды қағаздар… екі түр… бар: қарыз түр…дегі құн… қағаз және корпоратив… құн… қағаз. Егер құнды қағаз… мемлекет шығарған бол…, ол мемлекет… құнды қағаз – қатерс… құн… қағаз болып табыл…ды.

3 – жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Сіз мемлекеттік … сатып алсаңыз, пайда табасыз. Бірақ одан аз … көресіз. Әйтсе де сіздің … ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы … жоғалтпайсыз, керісінше, шамалы пайда … аласыз.

Корпоративтік құнды қағазда … бар (риск), әйтсе де оның … жоғары.

4 – жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5 – жаттығу

Берілген сөздердің синонимдерін тауып жазыңыз.

Бағалы, арзан, пайда, үлес, аздап, көп.

6 – жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Становитесь владельцем акций, три вида ценностных качеств, получаете прибыль, долговая ценная бумага, корпоративная ценная бумага, государственная ценная бумага, безопасная ценная бумага, содержит в себе риск, первоначальная стоимость акции.

7 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Мемлекеттік құнды қағазды сатып алған адам пайда табады. Бірақ одан табатын пайда аз болады. Әйтсе де оның қаржысына ешқандай қатер төнбейді, яғни бастапқы акциясы жоғалмайды, керісінше, ол адам аздап болса да пайда үлесін алады. Корпоративтік құнды қағазда қатер болғанымен, оның пайдасы жоғары. Қазақстанда құнды қағаздар 1991 жылы пайда болды. Бұл жерде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі маңызды роль атқарады.

Қазақстан заңдарында Республика аймағында мынадай құнды қағаз түрлеріне рұқсат етілген: акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, вексельдер.

Ситуациялық жаттығу

Сіз – кәсіпкерсіз. Жеке меншігіңізде кондитерлік тағамдар шығаратын фабрика, сусын шығаратын зауыт және автомобиль жөндейтін шеберхана бар. Енді қала ортасынан ашылатын жаңа сауда орталығының иесі акцияларының бір бөлігін сататынын мәлімдеді. Сізде бос тұрған қаражат жоқ. Енді меншігіңіздегі өндіріс орындарының бірін сатуға тура келеді. Қайсысын сатасыз? Неге?

10- сабақ.

АУКЦИОН.

Аукцион – тауар сату әдісі.

Аукционды сауда.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

Сауда – торговля

Нарықтық – рыночный

Сатушы – продавец

Барынша – по мере возможности

Пайда табу мақсатында – с целью приобретения прибыли

Қатысу – участвовать

Сатып алушы – покупатель

Тікелей – прямо, непосредственно

Әдіс – способ, метод

Көпшілік – публика

Жариялау – объявлять

Құнсыздану – обесценивание

Төмендету – снизить

Тапшы – дефицит

Тарату – распространение

Ғимараттар - здания

Үймереттер – сооружения

Тұрғын үйлер – жилые дома

Мекемелер – предприятия

Мәтін