Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУЙЕРКУЛ ПРАК САБАКТАР (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.08.2019
Размер:
475.65 Кб
Скачать

2003 Жылы экономика қалай дамыды?

Жыл ішіндегі экономиканың өсу қарқыны көңіл тоғайтады. Айталық, ішкі жалпы өнімнің өсімі 9 пайызға жуық болды. Әсіресе, өңдеуші өнеркәсіп саласы алға дами түсуде. Жыл ішінде ағаш өңдеу және ағаш бұйымдары өндірісі - 1,7 есе, тері бұйымдарын шығару - 1,5 есе өсіп, мәшине құрылысы - 21 пайызға, мұнай өндірісі мен химия өнеркәсібі - 13, қара металлургия – 10, тамақ өнімдері өндірісі – 9 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығында үш жыл қатарынан миллиард пұттан астық жиналды. Мал басы көбейіп, одан алынатын өнімдер артты.

Бұлармен қатар, екінші деңгейдегі банктердің экономиканың түрлі салаларын несиелеуі өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге ұлғайды. Оның ішінде ұзақ мерзімге берілген несиелер 38 пайыз, қысқа мерзімді несиелер 18 пайызды құрайды. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті несиелеу 16 пайызға артып отыр.

Қаржы саласындағы табыстарға тоқталсақ, ұлттық қордағы активтер 3,4 миллиард доллардан асып, ұлттық валюта – теңгеміздің долларға шаққандағы бағамы тұрақтанды.

Соңғы кезде елімізде халық санының арта бастағанын атап айтқанымыз жөн. Бір жыл ішінде 80 мыңға жуық адам қатарға қосылып отыр. Дүниеге келген жас нәрестелер көбейді. Жыл ішінде 253 мыңнан астам бала дүниеге келді. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 11 пайызға көп.

Өткен жылы зейнетақы мен жалақы өсіп, ең төменгі зейнетақы мөлшері 5 мың теңгеден 5,5 мың теңгеге көтерілді. Жалпы еңбек өтілі бойынша зейнетақы көлемі артты.

Десек те, еңбекақы, зейнетақы қаншалық өссе, коммуналдық қызмет, электр қуаты, жанармай, тамақ өнімдері, күнделікті тұтынатын тауарлар нарқы соншалықты қымбаттайтыны жұртшылықты алаңдатпай қоймайды.

(«Көзқарас» газеті, 1-15 қаңтар, 2004 жыл)

13 - жаттығу

Мәтіннен өзіңізге таныс емес сөздерді теріп, сөздіктен олардың аудармасын табыңыз, есте сақтаңыз.

14 - жаттығу

Мына сөздердегі түсірілген әріптерді қойып, көшіріп жазыңыз:

Ө...деуші, м...най, өнерк...с...п, ...нд...р...с, ...н...м, н...сие, асты..., қ...рылыс, ауыр шаруашылы...ы, п...т, ....аржы, ...лттық, те...ге, зейнета...ы, жала...ы, тама..., т...тынушы.

15 - жаттығу

14 - жаттығуда берілген сөздермен сөйлем құраңыз.

16 – жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті грамматикалық тұлғаларды қойып, оқыңыз. Ондағы сан есімдердің оқылуына назар аударыңыз.

Елі...дегі екі... деңгейдегі банктер... экономиканың түрлі сала...ын несиеле...і өткен жыл... салыстырғанда 1,3 (бір бүтін оннан үш) есе... ұлғайды. О... ішінде ұзақ мерзім... берілген несие... 38 пайызды, қысқа мерзім... несие... 18 пайыз.. құрайды. Сондай-ақ шағын және орта бизнес.. несиелеу 16 пайыз... артып отыр.

Қаржы саласы...ғы табыстар... тоқталса..., ұлт... қор...ғы актив... 3,4 (үш бүтін оннан төрт) миллиард доллар... асып, ұлт... валюта – теңге...дің доллар... шаққандағы бағам... тұрақтанды.

17 – жаттығу

Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, оқыңыз.

Соңғы кезде елімізде ... санының арта бастағанын атап айтқан жөн. Бір ... ішінде 80 мыңға жуық ... қатарға қосылып отыр. Дүниеге келген жас ... көбейді. Жыл ішінде 253 мыңнан астам ... дүниеге келді. Бұл бұрнағы ... салыстырғанда 11 пайызға көп.

18 – жаттығу

Мәтін үзіндісін орысшаға аударыңыз.

Өткен жылы зейнетақы мен жалақы өсіп, ең төменгі зейнетақы мөлшері 5 мың теңгеден 5,5 мың теңгеге көтерілді. Жалпы еңбек өтілі бойынша зейнетақы көлемі артты.

Десек те, еңбекақы, зейнетақы қаншалық өссе, коммуналдық қызмет, электр қуаты, жанармай, тамақ өнімдері, күнделікті тұтынатын тауарлар нарқы соншалықты қымбаттайтыны жұртшылықты алаңдатпай қоймайды.

Есте сақтаңыз!

Ақы – плата

Зейнетақы – пенсия

Жалақы – оклад

Еңбекақы – зарплата

Төлемақы – оплата

Жәрдемақы – пособие

Шәкіртақы – стипендия

19 – жаттығу

Мәтіндегі мәліметтерге сүйене отырып, мына сұрақтарға жауап беріңіз.

2003 жылы экономиканың өсу қарқыны қандай болды?

Ішкі жалпы өнімнің өсімі неше пайызға жуық болды?

Әсіресе қай сала жақсы дамыды?

Жыл ішінде қандай өндіріс - 1,7 есе өсті?

Тері бұйымдарын шығару неше есеге артып, мәшине құрылысы қанша пайызға артты?

Мұнай өндірісі мен химия өнеркәсібінде қандай табыстарға қол жетті?

Қара металлургия мен тамақ өнімдері өндірісі неше пайызға артқан?

Ауыл шаруашылығында неше жыл қатарынан миллиард пұттан астық жиналды?

Мал басы көбейді ме, азайды ма? Одан алынатын өнімдер өсті ме, кеміді ме?

20 – жаттығу

Құрамында «ақы» сөзі қолданылатын сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құраңыз.

21 – жаттығу

Зейнетақы мен жалақының өсу немесе сол қалпында қалу себептерін маман ретінде түсіндіріңіз. Неліктен олардың мөлшері бір жылы өзгермейд, ал келесі жылы бірнеше пайызға артады? Бюджеттен алынатын осы сияқты ақылардың өз мерзімінде берілмеуі (кешіктірілуі) неге байланысты?

Ситуациялық жаттығу

1. Сіз - сүт өнімдерін шығаратын шағын кәсіпорынның басшысысыз. Сіздің мекемеңізде босаған бір орынға жұмысқа кіру үшін екі адам өтініш берді. Олардың бірі – жоғары оқу орнын жаңа бітірген жас маман, ал екіншісі – арнаулы орта білімі бар, осы салада бірнеше (он) жыл еңбек еткен тәжірибелі кісі. Екеуінің қайсысын таңдар едіңіз? Неліктен?

2. Шағын кәсіпорын басшысы мен жас маман арасындағы әңгімені диалог етіп құрастырыңыз.

3. Кәсіпорын басшысының қабылдауына кірген тәжірибелі маманның әңгімесі қандай болмақ? Сұхбат құрыңыз.

2 - сабақ.

САЛЫҚ.

Салық саясаты. Қазақстан Республикасындағы салықтар. Мемлекеттік салықтар, жергілікті салықтар. Салыққа қатысты сөздер тобы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

салық түрлері – виды налога

табыс салығы – налог на доходы

салық салу – налогообложение

салық заңдары – налоговое законодательство

салық саясаты – налоговая политика

салық жүйесі – налоговая система

салық төлеуші – налогоплательщик

жер салығы – земельный налог

жол салығы – дорожный налог

қосымша құн салығы – налог на добавленную стоимость

табысқа салынатын салық – налог на доходы

пайдаға салынатын салық – налог на прибыль

меншікті дүние–мүлікке салынатын салық – налог на личное имущество (состояние)

қосарланған салық – двойное налогообложение

салық құқығы – налоговое право

автокөлікке салынатын салық – налог на автотранспорт

салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТТН) – регистрационный номер налогоплательщика (РНН)

Мәтін