Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУЙЕРКУЛ ПРАК САБАКТАР (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.08.2019
Размер:
475.65 Кб
Скачать

Кәсіпкерлік қызмет.

Еліміз нарықтық экономикаға өткен кезде кәсіпкерлік қызмет деген жаңа ұғым пайда болды. Оның мағынасы - өз ақшасын пайда табатын жерге салып, ақша табу. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен іске асырылады.

Кәсіпкерлік қызметпен жеке тұлға да, заңды тұлға да айналысады. Жеке тұлғалар патент сатып алады. Салық инспекциясына есепке тұрады. Салық төлеуге міндетті. Патент – мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжат.

Заңды тұлғалар әділет органдарында тіркеледі. Кәсіпкерлікпен кез келген азамат айналысады, кәсіпкерді заң қорғайды.

1 – тапсырма

Мына сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

ақша салу – вложение денег

пайда табу – иметь прибыль

мүліктік жауапкершілік – имущественная ответственность

іске асыру – осуществлять

жеке тұлға – частное лицо

заңды тұлға – юридическое лицо

айналысу –заниматься

есепке тұру – состояь на учете

міндетті – обязан

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – свидетельство о государственной регистрации

құқық береді – дает право

тәуекел ету – рисковать

тіркеу – регистрация

қорғайды – защищает

құжат – документ

2 - тапсырма

Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

Кәсіпкерлік қызмет деген не?

Кәсіпкерлікпен кімдер айналысады?

Азаматтар патентті қайдан сатып алады?

Салықты қайда төлеу керек?

3 – тапсырма

Мына сөйлемдерді қазақшаға аударыңыз:

В понедельник я заполняю документы и сдаю в отдел регистрации. В среду мои документы рассмотрят и дадут ответ.

Во вторник утром я буду на приеме у заместителя начальника департамента финансов. Буду говорит с ним о финансировании нашего проекта создания малого предприятия.

В четверг и пятницу после обеда пойду в “Бизнес-клуб”.

Ситуациялық жаттығу

Телеарна тілшісі, халықаралық шолушы, үкімет басшысы және еліміздің білікті экономист мамандары бас қосқан “2007 жылы экономика қалай дамиды?” деген тақырыпта өтетін дөңгелек үстелде болжамдар жасап, пікір таластырыңыз.

Мына клишелерді есте сақтаңыз!

Меніңше, … .

Мен сізбен толық келісемін, өйткені …

Біздіңше, бұл – дұрыс пікір емес, өйткені …

Сіздікі дұрыс, дегенмен мәселеге аздап басқаша қарау керек сияқты…

Мұныңызға үзілді-кесілді қарсымын, …

Бұл – жаңсақ пікір, …

… ханым дұрыс айтады, …

Мен … мырзаның көзқарасы дұрыс деп санаймын, …

Біз … ханымның жеке басын сыйлаймыз, алайда оның … туралы пікірімен келісе алмаймыз, себебі …

Мен … мырзаны толғымен қуаттаймын, сондықтан …

Бәріңіздің де дәлелдеріңіз жеткілікті, дегенмен…

…алайда бұл мәселе туралы кесімді шешім шығаруға әлі ертерек, сондықтан …

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

Ел...м...з, нары...ты... экономика, ...ткен кез, к...с...пкерл..к ...ызмет, жа...а ...ғым, ма...ына, ...з а...шасы, а...ша табу, к...с...пкер, т...уекел, м...л...кт...к жауапкерш...л...к, ...ске асыру, жеке т…лға, за…ды тұл…а, салы… инспекциясы, есепке т…ру, салы… т…леу, м…ндетт…, мемлекетт…к т…ркеу, ку…л…к, қ…қы… беред…, қ…жат, әд…лет органдары, т…ркеу, к…с…пкер, за…, …ор…ау.

2-жаттығу

Мына сөздерге тиісті грамматикалық тұлғаларды қойып оқыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.

Елі… нарық… экономика... өткен кезде кәсіпкер… қызмет деген ұғым пайда бол…. О… мағына… - өз ақша… пайда табатын жер… сал…, ақша таб…. Кәсіпкер… қызмет кәсіпкер… аты…, оның тәуекел етуі… және мүлік… жауапкершілігі… іс… асырыл…ды. Кәсіпкер… қызмет… жеке тұлға да, заңды тұлға да айналыс…ды.

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Еліміз ... экономикаға өткен кезде ... қызмет деген ... ұғым пайда болды. Оның ... - өз ақшасын ... табатын жерге салып, ... табу. ... қызмет кәсіпкердің атынан, оның ... етуімен және ... жауапкершілігімен іске асырылады.

Кәсіпкерлік … жеке … да, заңды … да айналысады. … тұлғалар патент сатып алады. Салық … есепке тұрады. … төлеуге міндетті. Патент – мемлекеттік … туралы куәлік және … айналысуға … беретін құжат.

… тұлғалар … органдарында тіркеледі. Кәсіпкерлікпен … … азамат …, кәсіпкерді … қорғайды.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Рыночная экономика, предпринимательская деятельность, новое понятие, иметь прибыль, вложить деньги, имущественная ответственность, частное лицо, юридическое лицо, налоговая инспекция, заниматься предпринимательской деятельностью, защищается законом, документ дающий право.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Еліміз нарықтық экономикаға өткенде кәсіпкерлік қызмет деген ұғым пайда болды. Оның мағынасы - ақшаны пайда табатын жерге салып, ақша табу. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметпен жеке, заңды тұлғалар айналысады. Жеке тұлғалар патент сатып алып, салық инспекциясына есепке тұрады. Патент – мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжат. Кәсіпкерлікпен кез келген азамат айналысады, кәсіпкерді заң қорғайды.