Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУЙЕРКУЛ ПРАК САБАКТАР (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.08.2019
Размер:
475.65 Кб
Скачать

Салықты не үшін төлейміз?

І. Салық дегеніміз – үкіметтің кәсіпорындардан, жеке адамдардан алған төлемі. Үкіметті, әскерді, полицияны ұстау үшін халықтан салық жиналады. Ең алғашқы мемлекет құрылған кезде салық та пайда болды.

Қазіргі нарықтық экономикада – салық мақсатты болуы керек: қаражат қай жерге өте қажет болса, салықтан жиналған қаржыны сол жерге жұмсау керек. Халық салықтың жұмсалуы туралы деректер мен мәліметтерді үкіметтен үнемі сұрап бақылап отырады.

ІІ. Салық салу тәсіліне қарай төте және жанама түрлерге бөлінеді.

Салықтың мынадай міндеттері бар:

қазыналық (мобилизационная функция);

бөлу міндеті;

ынталандыру міндеті;

шектеу міндеті;

бақылау-бөлу міндеті.

ІІІ. Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады:

заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

қосымша құнға салынатын салық;

акциздер;

құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;

жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы.

ІҮ. Жергілікті салықтарға мыналар жатады:

жер салығы;

заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

көлік құралдарына салынатын салық;

жол салықтары

1 – тапсырма

Мәтінді мына сөздікті пайдаланып аударыңыз:

үкімет – правительство

кәсіпорын – предприятие

жеке адам – частное лицо

әскер – армия, войска

ұстау үшін – чтобы содержать

қаражат – финансы, денежные средства

деректер – данные, факты

мәліметтер – сведения

бақылау – контролировать

төте – прямой

жанама - косвенный

төлем – оплата, платеж

мақсатты – целевой, целенаправленный

2 - тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз:

Салық дегеніміз не?

Салықтың қандай түрлері бар?

Салықтың қандай міндеттері бар?

Мемлекеттік салықтарға нелер жатады?

Жергілікті салықтардың қандай түрлерін білесіз?

3 - тапсырма

Мына терминдердің қазақша баламасын беріңіз:

Подоходный налог, налог на ценные бумаги, налог на иностранную валюту, налог на автотранспортные средства.

4 - тапсырма

Мына сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құраңыз:

Салық төлеуші, салық саясаты, жол салығы, салық органдары, әділетті салық, жер салығы.

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

Салы..., ...к...мет, к...с...порын, т...лем, ...скер, ...стау ...шін, халы..., ал...ашқы мемлекет, қ...рылған кез, ...аз...рг..., нары...ты... экономика, ма...сатты, ...аражат, ...ажет, ...аржы, ж...мсау, д...рек, м...л...мет, ...нем..., с...рау, ба...ылау, салу т…с…л…, т…те, ж…нама, т…р, м…ндет, …азыналы…, б…лу, …нталандыру, ш…ктеу, ба…ылау-б…лу, мемлекетт…к, за…ды, т…лға, та…ыс , …осымша …ұн салы…ы, қ…нды қа…аздар, жер …ойнауын пайдаланушы, т…лем, жерг…л…кт… салы…, жер салы…ы, м…л..к салы…ы, к…л…кке салынатын салық, жол салы…тары.

2-жаттығу

Мына сөздерге тиісті грамматикалық тұлғаларды қойып оқыңыз, ол сөздерге сұрақ қойыңыз.

Салық – үкімет… кәсіпорындар…, жеке адамдар… алатын төлем…. Ол үкімет…, әскер…, полиция.. ұстау үшін халық… жинала… . Нарық… экономика… – салық мақсат.. түрде жұмсалу… тиіс, яғни қаражат қай жер… аса қажет болса, салық… жиналған қаржы сонда бөліну… керек. Халық салық… жұмсалу… туралы дерек… мен мәлімет…ді үкімет… үнемі сұрап бақылап отыр…ды. Салу тәсілі.. қарай салық төте және жанама түрлер… бөлін…ді. Салық мынадай міндет… атқарады: қазына…; бөлу; ынталан…у; шекте…; бақыла…-бөл… міндет…. Мемлекет… салықтар…: заң… және жеке тұлғалар… алынатын табыс салығ…; қосымша құн… салынатын салық; акциз…; құн.. қағаздар… жүргізілетін операциялар… салынатын салық; жер қойнауы… пайдалану…лардың арнау… төлемдер… мен салығ… жатады. Жергілікті салықтар…: жер салығ…; заңды және жеке тұлғалар… мүлкі… салынатын салық; көлік құралдары.. салынатын салық; жол салықтар… жатады.

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Салық – үкіметтің …, жеке … алатын төлемі. Ол …, …, … ұстау үшін … жиналады. Нарықтық экономикада – салық … … жұмсалуы тиіс, яғни … қай жерге аса … болса, салықтан жиналған … сонда бөлінуі керек. Халық … жұмсалуы туралы … мен … үкіметтен үнемі сұрап бақылап отырады. Салу тәсіліне қарай салық … және … түрлерге бөлінеді. Салық мынадай … атқарады: …; …; …; …; … міндеті. … салықтарға: заңды және жеке тұлғалардан алынатын … салығы; … салынатын салық; акциздер; құнды … жүргізілетін операцияларға салынатын салық; жер қойнауын … арнаулы төлемдері мен салығы жатады. … салықтарға: жер салығы; … және … тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; … құралдарына салынатын салық; … салықтары жатады.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз:

Частные лица, предприятия и учреждения, чтобы содержать армию и правительство, при рыночной экономике, применять (употреблять) целенаправленно, остронуждающиеся сферы, данные и сведения, правительство должно регулярно отчитываться перед народам, виды налога, виды государственных налогов, местные налоги, налоговая инспекция, выполнять определенные функции, прямые и косвенные виды налогов, частное лицо, юридическое лицо, подоходный налог, налог на автотранспорт, налог на землю, недры земли, налог на недвижимое имущество, налог на имущество.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Салық – үкіметтің кәсіпорындардан, жеке адамдардан алатын төлемі. Ол үкіметті, әскерді, полицияны ұстау үшін халықтан жиналады. Нарықтық экономикада – салық мақсатты түрде жұмсалуы тиіс, яғни қаражат қай жерге аса қажет болса, салықтан жиналған қаржы сонда бөлінуі керек. Халық салықтың жұмсалуы туралы деректер мен мәліметтерді үкіметтен үнемі сұрап бақылап отырады. Салу тәсіліне қарай салық төте және жанама түрлерге бөлінеді. Салық мынадай міндеттерді атқарады: қазыналық; бөлу; ынталандыру; шектеу; бақылау-бөлу міндеті. Салу тәсіліне қарай салық төте және жанама түрлерге бөлінеді. Мемлекеттік салықтарға: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; қосымша құнға салынатын салық; акциздер; құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы жатады. Жергілікті салықтарға: жер салығы; заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; көлік құралдарына салынатын салық; жол салықтары жатады.

Ситуациялық жаттығулар

1. Сіз - жоғары оқу орнын бітірген мамансыз. Жұмысқа тұру үшін қажетті құжаттарыңызды жинағанда, сізде СТТН жоқ болып шықты. Оны алу үшін аудандық салық комитетіне баруға тура келді. Сіз кімге жолығасыз, әңгімені неден бастайсыз?

2. Сіз – салық инспекторысыз. Жеке дүние-мүлкіне екі жылдан бері салық төлемеген азаматпен сұхбат жүргізіңіз. Оған жеке адамдардың мемлекетіміздегі салық саясатына қатысты құқықтары мен міндеттері жайында қысқаша баяндап беріңіз.

3. Сіз тез арада оқу ақысын төлеуіңіз қажет. СТТН-іңізді үйде ұмыт қалдырғаныңызды банкке келгенде бір-ақ білдіңіз. Не істейсіз?

Арнайы тапсырма!

1. Сіз СТТН алу үшін аудандық салық комитетіне келдіңіз. Арнаулы бланкке өзіңіз (аты-жөніңіз, ұлтыңыз, туылған күніңіз, айыңыз, жылыңыз, туған жеріңіз, ресми тіркелген жеріңіз және іс жүзінде тұратын мекенжайыңыз, құжатты берген мекеме, оның берілген күні және жарамдылық мерзімі т.б.) туралы жеке куәлігіңізде көрсетілген деректерді қазақша жазыңыз.

2. Күні бүгінге дейін мемлекеттік органдардан алған барлық құжаттарыңыздың атауын қазақша жазып, оларды сипаттаңыз.

Есте сақтаңыз!

Азаматқа мемлекеттік органдардан және оқу орны мен қызмет орнынан берілетін құжаттардың қазақша атаулары:

1. Туу туралы куәлік – свидетельство о рождении;

2. Неке қию туралы куәлік – свидетельство о браке;

3. Тіркелген жері туралы анықтама – справка о месте регистрации;

4. Жеке куәлік – удостоверение личности;

5. Төлқұжат - паспорт;

6. Орта білімі туралы аттестат – аттестат о среднем образовании;

7. Студенттік билет – студенческий билет;

8. Арнаулы орта білімі туралы диплом – диплом о среднем специальном образовании;

9. Жоғары білімі туралы диплом - диплом о высшем образовании;

10. Жүргізуші куәлігі – водительские права;

11. Еңбек кітапшасы – трудовая книжка;

12. Салық төлеушінің тіркелу нөмірі – регистрационный номер налогоплательщика;

13. Әлеуметтік жеке код – социальный индивидуальный код;

14. Жұмыс орны туралы анықтама – справка о месте работы;

15. Табысы туралы анықтама – справка о доходах;

16. Зейнеткер куәлігі – пенсионное удостоверение;

17. Тіркелген дүние-мүлкі туралы анықтама – справка о зарегистрированном имуществе;

18. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – свидетельство о государственной регистрации недвижимости.

Сұраққа жылдам жауап беріңіз!

Неліктен кейбір құжат түрлерінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленеді, ал кейбірінде оның суреті болмайды?

3 - сабақ.

ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ.

Ұлттық байлық дегеніміз не?

Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

ұлттық байлық – национальное богатство

ұлттық кітапхана – национальная библиотека

ұлттық өнім – национальная продукция

ұлттық мұра – национальное наследие

ұлттық ойындар – национальные игры

Мәтін