Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУЙЕРКУЛ ПРАК САБАКТАР (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.08.2019
Размер:
475.65 Кб
Скачать

Аукцион

Аукционды сауда дегеніміз - нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың тікелей бәсекесін пайдаланады.

Аукцион – тауар сатудың әдісі, көпшілікке сатып алушы өз бағасын жариялайды. Аукциондар құнсыздану деңгейін төмендету мақсатымен тауарлардың тапшы түрлерін таратуға пайдаланылады. Қазіргі аукциондарда ғимараттар мен үймереттер, тұрғын үйлер, мекемелер сатылып жүр.

1 – тапсырма

Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

Аукцион деген не?

Аукционды сауда дегеніміз не?

Қазір аукциондар қалай өткізіледі?

Өзіңіз аукционға қатысып көрдіңіз бе?

2 –тапсырма

Мына сөздермен сөйлем құраңыз:

Аукцион, инфляция, кәсіпорын, ғимараттар, баға, тендер, бәсекелес, сауда-саттық.

3 –тапсырма

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз:

Своевременное выполнение обязательств, предприимчивость, единогласно, официальный визит, благотворительный фонд, международная политика, учредители товарищества с ограниченной ответственностью, политики, политика суверенного Казахстана, руководитель малого предприятия.

4-тапсырма

Мына сөздермен сөйлем құраңыз:

Аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, мекен-жай, тіркеу, заңды тұлға, ақпарат.

5-тапсырма

Мына сөздерді жаттап алыңыз:

Көне құнды заттар – старинные ценные вещи, антиквары

Маңызды нысандар – важные объекты

Сирек кездесетін заттар – редкие (ценные) предметы

Қолөнер бұйымдары – ручные изделия (работа)

Бастапқы баға – стартовая цена

Кесімді (соңғы) баға - окончательная цена

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

Та…ар сату …д…с…, сат…п алушы, не…ұрлым, т…келей б…секелест…к, қ…нсыздану де…гей…, тауар тапшылы…ы, …имарат, …ймерет, т…р…ын …й, мек…ме.

2-жаттығу

Мына сөздерге тиісті грамматикалық тұлғаларды қойып оқыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.

Аукцион... сауда деген... – нарық.... сауда... түр.... Онда сату... барынша пайда таб... мақсаты... аукцион... қатысқан көптеген сатып алушылар... тікелей бәсекесі... пайдаланады.

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Аукцион – … сату әдісі. Онда … көпшілікке өз … жариялайды. Аукциондар құнсыздану … төмендету мақсатымен тауарлардың … түрлерін таратуға пайдаланылады. … аукциондарда … мен …, … үйлер, … сатылып жүр.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Продажа товаров, объявлять стартовую цену, дефицитные товары, уровень обесценивания, распространяются антиквариаты, на торги выставляются здания и сооружения, стартовая (начальная) цена, окончательная цена.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Аукцион – тауар сатудың тиімді әдісі. Онда сатушы тауардың бастапқы бағасын жариялайды. Аукціон заттың, тауардың құнсыздану деңгейін төмендету мақсатымен өткізіледі. Онда тауарлардың тапшы түрлері таратылады. Қазіргі кезде аукциондарға ғимараттар мен үймереттер, тұрғын үйлер, мекемелер шығарылып жүр.

11- сабақ.

НАРЫҚ.

Нарықтық экономика.

Нарық тақырыбына қатысты сөздер тобы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

нарық – рынок

таза бәсеке нарығы – рынок чистой конкуренции

нарықтық экономика – рыночная экономика

нарықтық қатынас – рыночные отношения

нарық заңы – рыночный закон

нарықтық баға – рыночная цена

нарықтық ақпарат – рыночная информация

Мәтін

Нарық

Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын, айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субьектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілу. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болу керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және тауарға айналуын сипаттайды.

1 – тапсырма

Мына сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

нәтиже – результат

арасында – между

жиынтық – совокупность

шектелу – ограничиваться

басымдылық – преимущество

өнім – продукт

2 – тапсырма

Көп нүктенің орнына қызмет көрсету немесе тауар сөзін қойыңыз:

Фирма делдалдық … көрсетеді.

Экспорттық … жоғары сапамен ерекшеленеді.

Жарнамалық … өте қымбат.

Осы өнеркәсіпте өндірілген … бәсекелесе алады.

Олар … қызмет көрсетеді.

3 – тапсырма

Орыс тіліне аударыңыз:

Қалада не көп – дүкен көп. Дүкеннің түрі де көп. Орталықта азық-түлік дүкені бар. Онда экологиялық таза 500-600-ге жуық өнім түрі бар.

Дүкенде түрлі консервілер, шайдың он бір түрі, конфеттің бірнеше түрі, шұжық, ірімшік, ішімдік түрлері көп. Ұн, қант, күріш, макарон сорттары да жеткілікті.

Материалды бекітуге арнарлған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

Нары... , ...нд...р...с, н...тиже, ай...рбастау, өнд...р...ст...к ...атынастар, ж...йе, ...ызмет көрсету, ...алыптасатын, жиынты..., нары...ты... ...атынастар, ...нд...руш..., т...тынушы, к...рсету, тауар-а...ша, басымдылы..., себеб... , ...н...м.

2-жаттығу

Мына сөздерге тиісті грамматикалық тұлғаларды қойып оқыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.

Нарық – сатушы… мен сатып алушы… арасындағы тауар және қызмет көрсету процесі… байланысты экономикал… қатынас… жиынтығ… . Шынында тауар-ақша, нарық… байланыс… сату-сатып алу… шектелмейді. Мұнде басымды… айырбас пен айналыс саласын…ғы қатынастар… емес, өндіріс… болатын қатынастар… тиісті болу керек, себебі тек өндіріс… ғана өнім жасалады және тауар… айнала… .

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Нарық ... факторларын немесе оның ... мен ..., айырбастауға байланысты болатын ... қатынастардың жүйесі. Нарық – ... мен ... арасындағы тауар және ... көрсету процесіне байланысты экономикалық ... жиынтығы. Бұл ... ортақ нәрсе – нарықты өндірістің емес, ... категориясы деп таныту. Нарықтық қатынастардың субьектісі - ... мен тұтынушылар емес, ...мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шынында тауар-ақша, ... байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде ... өндірісте болатын қатынастарға тиісті болу керек. Тек өндірісте ғана ... жасалады және ... айналады.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Результаты и условия, производственные отношения, продавец и покупатель, на самом деле, ограничиваться куплей-продажей, преимущество, производится продукция, превращается в товар.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Нарық – өндіріс факторлары, оның нәтижелері мен шарттары, айырбастауға байланысты өндірістік қатынастардың жүйесі. Нарық – сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық өндірісте болатын қатынастарға тиісті болу керек, себебі осы жерде ғана өнім жасалады және тауарға айналады.

12- сабақ.

БИРЖА.

Еңбек биржасы.

Тауар биржасы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

Ұйымдасқан – организованная

Сұраныс - спрос

ұсыныс – предложение

негізінде – на основе

жалдау – нанимать

қор биржасы – биржевой фонд

делдалдық – посредничество

іске асыру – реализовать, осуществлять

мекеме – учреждение

сатып алу – покупка

жаппай – массовый

Мәтін

Биржа

Биржа – нарықтың ұйымдасқан формасы. Мұнда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауармен (тауар биржасы), бағалы қағаздармен (қор биржасы), валютамен (валюталық биржа) сауда жасайды немесе қызметкерлерді жалдаумен (еңбек биржасы) айналысады.

Қор биржасы – жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді.

Еңбек биржасы – еңбек рыногында делдалдың операцияларын іске асыратын мемлекеттік мекеме.

Тауар биржасы – тауар нарқының бір түрі, жаппай өндіріс тауарларын сату және сатып алу.

1 – тапсырма

Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

Биржа дегеніміз не?

Биржа немен айналысады?

Қор биржасы немен айналысады?

Еңбек биржасы дегеніміз не?

Тауар биржасының қызметі не?

2 - тапсырма

Екі жақты сәйкестендіріңіз:

Кім нені білуі керек?

аудармашы

есеп берушілік

хатшы

қаржы жөнінде жоспарлау, аудит

заңгер

іс қағаздарын жүргізу

жүргізуші

қолданыстағы заңдарды білу

бухгалтер

қазақ, ағылшын тілдерін жетік білу

мәшине жүргізу

3 - тапсырма

Мына сөздермен сөйлем құраңыз:

Тауар биржасы, тауар белгісі, жедел төлеу, экономикалық саясат, сауда туралы шарт.

4 – тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық тұлғаларды қойыңыз.

Мен хатшы…, сен саясаткер…, сіз заңгер…, олар тыңдаушы …, біз бағдарламашы…, мен банкир… .

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

Нары..., ...йымдас...ан, м...нда, с...раныс, ...сыныс, нег...з...нде, ба...алы қа...аздар, са...да жасау, ...ызметкер, жа...дау, айна...ысу, ...ор биржасы, к...с...пкерл...к, ж...мыс ...стеу, е...бек биржасы, де...дал, ...ске асыру, мемлекетт...к, мек...ме, тауар нар…ы, т…р, жаппай …нд…р…с.

2-жаттығу

Мына сөздерге тиісті грамматикалық тұлғаларды қойып оқыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.

Биржа – нарық... ұйымдасқан форма.... Мұнда сұраныс пен ұсыныс негізі... тауар..., баға.. қағаздар..., валюта... сауда жасала... немесе қызметкерлер... жалдау... айналыса... Қор биржа… – жеке кәсіпкер… принципі… жұмыс істей... Еңбек биржа… – еңбек рыногы.. делдал… операциялар… іске асыратын мемлекет… мекеме. Тауар биржа… – тауар нарқы… бір түр…, жаппай өндіріс тауар…ын сату және сатып алу.

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Биржа – ... ұйымдасқан формасы. Мұнда ... пен ... негізінде тауармен (... биржасы), бағалы қағаздармен (... биржасы), валютамен (... биржа) ... жасайды немесе қызметкерлерді ... (... биржасы) айналысады. … биржасы – жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді. … биржасы – еңбек рыногында … операцияларын іске асыратын … мекеме. … биржасы – тауар … бір түрі, жаппай … тауарларын сату және… алу.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Организованная форма рынка, на основе спроса и предложения, биржевой фонд, валютная биржа, торговать товарами и валютой, нанимают сотрудников (работников), заниматься торговлей, работать по принципу предпринимательства, государственное предприятие, частное предприятие, продажа производственных товаров, приобретение товаров, оптовая торговля.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Биржа – нарықтың ұйымдасқан түрі. Оның мынадай түрлері бар: тауар биржасы, қор биржасы, валюталық биржа, еңбек биржасы. Онда сұраныс пен ұсыныс негізінде тауармен, бағалы қағаздармен, валютамен сауда жасайды немесе қызметкерлерді жалдаумен айналысады. Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді. Еңбек биржасы еңбек рыногында делдалдың операцияларын іске асырады. Тауар биржасы – тауар нарқының бір түрі, жаппай өндіріс тауарларын сату және сатып алу.

13 - сабақ.

ТАУАР. ТАУАРТАНУ.

Тауарға қатысты сөздер тобы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

тауартану – товароведение

тауар айналымы - товарное обращение

тауар өндірісі – производство товара

тауар саясаты – товарная политика

тауар белгісі – товарный знак

тауар қозғалысы – движение товара

тауарларды өткізу – реализация товара

Мәтін

Тауар

Тауартану – тауардың тұтыну құнын, сапасын зерттейтін пән. Өндіріс процесін қайтадан бастау үшін тауарды ақшаға айналдыру қажет. Сауданың түріне қарай бөлшек және көтерме сауда тауар айналымдары болады. Тауар демпингі тауарды өткізу құралы болып табылады.

Тауардың екі қасиеті бар: тұтынамыз, айырбастаймыз. Тауардың тұтыну құны және айырбас құны болады.

Егер тауарың сапалы болса, сен ұлттың жалауына айналасың. Әр ұлттық мемлекет өз территориясының ішінде ұлт өкілінің ісін өзгеден жоғары қояды, оның тауарын шетелдік бұйымдардың ығыстырып кетуінен қорғайды: АҚШ пен Жапонияның автомобиль бәсекесін алайық.

Қазақстан неге жат капиталдың күшіне қарсы тұра алмайды? Жат капиталдың көздеген мақсаты - өзіне тәуелді тұтынушы жаңа аймақ табу.

Отандық өндірушінің тауарын әлемдік деңгейде тек сол өзінің халқы ғана құтқара алады: немістер өз “Мерседесін” ғана мінеді, кәрістер “Голдстарға” ғашық, Жапондар үшін “Тойота” - ұлттық намыстың символы.

1- тапсырма

Мына сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз:

құн – стоимость

тұтыну – потреблять

айналдыру – превращать

бөлшек сауда – розничная торговля

көтерме сауда – оптовая торговля

құрал –средство

қасиет – качество, свойство

айырбас – обмен

сапалы тауар – качественный товар

шетелдік бұйымдар – импортные изделия

ұлт өкілі – представитель нации

жоғары қою – ставить выше

ығыстыру – вытеснить

ұлттың жалауы – флаг нации

отандық өндіруші – отечественный производитель

ығыстырып кетуден қорғау – защищать от вытеснения

аймақ – зона, регион

әлемдік деңгей – мировой уровень

2 – тапсырма

Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Работать в учреждении, служить в войсках, работа на предприятии, служба в государственных учреждениях, рабочий, служащий, выполнить работу.

3 – тапсырма

Сөйлемдерді аударыңыз.

Сейчас работники отдела контроля и координации готовят годовой отчет. В настоящее время особое внимание уделяется охране здоровья детей. Нурлан заочно учится на экономическом факультете Академии управления. Начальник отдела сейчас принимает посетителя. Программист сейчас составляет программу. Мой старший брат работает в банке.

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз.

Т...тыну қ...ны, с...па, зер...теу, п...н, ...нд...р...с, ...айта бастау, а...шаға айналдыру, ...ажет, сауда т...р..., б...лшек, к...терме сауда, та...ар айналым, тауар ...тк...зу қ...ралы, ек... …асиет…, т…тыну, ай…рбастау, т…тыну қ…ны, айырбас құны, сапа…ы, …лттың жалауы, ұлтты… мемлекет, …ш…нде, …лт, …к…л…н…ң іс…, жо…ары …ою, шетелд…к б…йымдар, ы…ыстыру, …ор…ау, б…секе, к...ші, ...арсы т...ру, к...здеген ма...сат, т...уелд... т...тынушы, жа...а айма..., отанды… …нд…руш.., …лемд…к де…гей, халы.. , қ…т…ару, …лтты… намыс.

2-жаттығу

Мына сөздерге тиісті грамматикалық тұлғаларды қойып оқыңыз, оларға сұрақ қойыңыз.

Тауартану – тауар... тұтыну құны..., сапасы... зерттейтін пән. Өндіріс процес... қайта бастау үшін тауар... ақша... айналдыру қажет. Сауда түрі... қарай бөлшек және көтерме сауда тауар айналым...ы болады. Тауар демпингі тауар... өткізу құрал... болып табылады. Тауар… екі қасиет… бар: тұтына…, айырбастай…. Тауар… тұтыну құн… және айырбас құн… болады. Әр ұлт… мемлекет өз ішін… ұлт өкілі… іс… өзге… жоғары қояды.

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Тауартану – тауардың ... құнын, сапасын ... пән. Өндіріс ... қайта бастау үшін тауарды ... айналдыру қажет. Бөлшек және ... сауда тауар айналымдары болады. Тауар демпингі ... өткізу құралы болып табылады. Тауардың екі … бар: тұтынамыз, …. Тауардың … құны және … құны болады. Егер тауарың … болса, сен … жалауына айналасың. Әр … мемлекет өз … ішінде ұлт өкілінің ісін өзгеден … қояды, оның … шетелдік … ығыстырып кетуінен қорғайды. ... капиталдың ... мақсаты - өзіне тәуелді ... жаңа ... табу. Отандық … тауарын әлемдік … тек өз … ғана құтқара алады.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Стоимость товара, диспиплина изучающая…, нужно превратить в … , чтобы начать заново, розничная торговля, оптовая торговля, средства сбыта товара, является средством реализации, потреблять товар, обменивать товар, потребительская стоимость, зависимый потребитель, независимая зона.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Тауартану – тауар сапасын зерттейтін пән. Өндіріс процесін қайта бастау үшін тауарды ақшаға айналдыру қажет. Бөлшек және көтерме сауда түрлері болады. Тауар демпингі тауарды өткізу құралы болып саналады. Тауардың екі қасиеті бар: оны тұтынамыз, айырбастаймыз. Тауардың тұтыну құны және айырбас құны болады. Жат капиталдың көздеген мақсаты - өзіне тәуелді тұтынушы жаңа аймақ табу. Отандық өндірушінің тауарын әлемдік деңгейге өз халқы ғана шығара алады: немістер өз “Мерседесін” ғана мінеді, кәрістер “Голдстарға” ғашық, жапондар үшін “Тайота” - ұлттық намыстың символы.

14-сабақ.

ТАБЫС. ПАЙДА.

Пайда, табыс қайдан келеді?

Табыс көздері.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

табыс – доход

валюталық табыс – валютный доход

жылдық табыс – годовой доход

мемлекеттік табыс – государственный доход

ақшалай табыс – денежный доход

ұлттық табыс – национальный доход

таза табыс – чистый доход

акция бойынша табыс – доход по акциям

салым бойынша табыс – доход по вкладам

Мәтін