Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СУЙЕРКУЛ ПРАК САБАКТАР (1).doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.08.2019
Размер:
475.65 Кб
Скачать

Жарнама

Жарнама дегеніміз – тұтынушыны хабардар ету және осы тауарлар мен қызметтерге сұраныс мақсатында тауарлар, әр түрлі қызмет түрлері және тағы басқа туралы берілетін ақпарат.

Американдық нарық қызметкерлері жыл сайын жарнамаға 61 млрд. доллардан артық қаржы жұмсайды.

Жарнамаға ең көп шығын шығаратындар – дәрі-дәрмектермен, туалеттік бұйымдармен, косметикамен жұмыс істейтін жарнама берушілер. Одан кейінгі орында тұрғандар - сағыз, кондитерлік тағамдар мен сабын сатып алуды насихаттайтын жарнама берушілер. “Жарнама – сауда тетігі” деп бекер айтпайды.

1 – тапсырма

Мына сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыз.

Тұтынушы – потребитель

Хабардар ету – информировать, оповестить

Сұраныс – спрос

Мақсатында – в целях

Қызметкер – сотрудник

Артық – свыше, более

Қаржы жұмсау – тратить средства

Шығын – расход

Бұйым - предмет

Дәрі-дәрмек – медикамент

Жарнама берушілер – рекламодатели

Насихаттайтын – пропагандирующие

Бекер айтпайды – не зря говорят

2 – тапсырма

Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз:

Жарнама дегеніміз не?

Қазір баспасөзде неге жарнама көп?

Қала көшелерінен жарнама байқайсыз ба? Қандай жарнамалар?

Теледидардағы жарнамаларға көзқарасыңыз қандай?

3 - тапсырма.

Газеттерден жарнамаға мысалдар келтіріңіз.

4 – тапсырма.

Жарнама – сауда тетігі” тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыз.

Материалды бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу

Берілген сөздердегі көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып оқыңыз

Жар...ама, т...тынушы, хабар...ар ету, ...ызметтерге с...раныс, ...ызмет т...рлері, а...парат, американды... нары... ...ызметкерлер... , ...аржы ж...мсау, шы…ын шы…аратындар, д…рі-д…рмек, туалетт…к б…йымдар, жарн…ма беруш…лер, са…ыз, саб…н, наси…аттау, тет…к.

2-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті грамматикалық тұлғаларды жазып оқыңыз, ол сөздерге сұрақ қойыңыз.

Жарнама деген... – тұтынушы... хабардар ету және осы тауар... мен қызмет...ге сұраныс мақсат... тауар..., әр түрлі қызмет түрлер... тағы басқа туралы берілетін ақпарат.

Американ... нарық қызметкер...і жыл сайын жарнама... 61 млрд. доллар... артық қаржы жұмса...ды.

Жарнама… ең көп шығын шығаратын… – дәрі-дәрмектер…, туалет… бұйымдар…, косметика… жұмыс істейтін жарнама беру…лер. О… кейінгі орын… тұрған… - сағыз, кондитер… тағам… мен сабын сатып алу… насихаттайтын жарнама беруші... “Жарнама – сауда тетіг…” деп бекер айт…ды.

3-жаттығу

Мына сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.

Жарнама ... – тұтынушыны ... ... және осы ... мен ... сұраныс мақсатында тауарлар, әр түрлі қызмет түрлері және тағы басқа туралы берілетін ... .

Американдық ... ... жыл сайын жарнамаға 61 млрд. доллардан артық ... жұмсайды.

Жарнамаға ең көп … шығаратындар – дәрі-дәрмектермен, туалеттік …, косметикамен жұмыс істейтін … берушілер. Одан кейінгі … тұрғандар - …, кондитерлік … мен сабын сатып алуды … жарнама берушілер. “Жарнама – … тетігі” деп бекер айтпайды.

4-жаттығу

1-жаттығуда берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

5-жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз.

Рекламная акция, проинформировать потребителя, спрос на товары, работники рынка, тратить на рекламу огромные деньги, торгующие лекарственными препаратами, рекламирующие разные виды мыла, рекламировать кондитерские изделия, не зря говорят.

6 – жаттығу

Мына сөйлемдерді орысшаға аударыңыз.

Жарнама дегеніміз – тұтынушыны хабардар ету және осы тауарлар мен қызметтерге сұраныс мақсатында тауарлар, әр түрлі қызмет түрлері және тағы басқа туралы берілетін ақпарат.

Американдық нарық қызметкерлері жыл сайын жарнамаға 61 млрд. доллардан артық қаржы жұмсайды.

Жарнамаға ең көп шығын шығаратындар – дәрі-дәрмектермен, туалеттік бұйымдармен, косметикамен жұмыс істейтін жарнама берушілер. Одан кейінгі орында тұрғандар - сағыз, кондитерлік бұйымдар мен сабын сатып алуды насихаттайтын жарнама берушілер. “Жарнама – сауда тетігі” деп бекер айтпайды.

7 – жаттығу

Жарнама” сөзімен тіркесетін сөздерге назар аударыңыз. Олармен сөйлем құрастырыңыз.

Ненің жарнамасы?

Тауар жарнамасы

Қызмет жарнамасы

Жарнама мақсаты

Жарнама міндеті

Жарнама құны

Жарнама шығыны

Жарнама бюджеті

8 – жаттығу

Мына сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз:

Газетная реклама, местная реклама, сравнительная реклама, телевизионная реклама, наружная реклама.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. “Қарсы жарнама” дегенді қалай түсінесіз? Оған мысал келтіріңіз.

2. Темекі қорабындағы “Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: темекі шегу сіздің денсаулығыңызға зиян” деген ескертпе жарнаманың қай түріне жатады?

Ситуациялық жаттығу

1. Газетке өзіңіз оқитын оқу орны туралы жарнама беріңіз.

2. Сіз – туристік агенттіктің иесісіз. Өз қалаңызға туристер тарту мақсатында жарнама мәтінін дайындаңыз.

3. Мектеп бітірушілер алдында өзіңіздің болашақ мамандығыңызды жарнамалаңыз.

4. Сіз – аяқ киім фабрикасының бас менеджерісіз. Жаңа тауарды қалай жарнамалайсыз?

Арнайы тапсырма!

Газет жарнамасын оқыңыз.

Сөздікті пайдалана отырып, онда қолданылған құрылыс материалдары атауларын аударыңыз.

3. Жарнама мәтінінде орыс тіліндегі нұсқасымен берілген тауар атауларын қандай қазақ сөздерімен алмастыруға болады? Өз баламаңызды ұсыныңыз

4 . Жарнама мәтініне қойылатын талаптарды білесіз бе?

ЖАРНАМА

Дина-Н” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Келіңіз, көріңіз, хабарласыңыз!

Сіздің іскерлік қызметіңізге әрдайым көмекке дайынбыз!

Отандық құрылыс материалдарын өндіретін “Дина-Н” ЖШС-нің тауарларына күн сайын сұраныс артып келеді.

Сапалы әрі арзан материалдар құрылыс ұйымдары мен мекемелерінің сенімді әріптестігінің негізіне айналып отыр!

“Дина-Н” Сіздерге мынадай тауар түрлерін ұсынады:

Өндірілетін өнімдер атауы

Көлемі (мм)

Жиектес, көмкерме

“Шестигранник” әшекей тақталары

“Катушка” әшекей тақталары

Цементблокті кірпіш (қожблок)

Әшекейлі, өрнекті ірге тақталары

ФБС-4 бетон блоктары

П30 темірбетон науалары

Нығыздалған кірпіштер:

а) күйдірілген

ә) құм-цементті

“Клевер” әшекей тақталары

“Пчелка” әшекей тақталары

Полимер жабынқышы:

а) қатарлы

ә) айдарлық

Металлопластиктік терезе, есік блоктары және әр түрлі әшекей әйнектері

1000х200х90

500х200х90

380х190х190

250х100х25

2400х600х400

3000х700х500х550

405х315

325х210х230

тапсырыспен

9- сабақ.

ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР.

Құнды қағаздар түрлері. Акция.

Экономикалық терминдер

Жаңа сөздермен таныс болыңыз!

құнды қағаздар — ценные бумаги

қазыналық - казенные

құндылық - ценностные

номиналды баға — номинальная цена

нарықтық – рыночная

акция иемденуші — владелец акции

қарыз түріндегі – долговая

қатерсіз құнды қағаз — безопасная ценная бумага

Мәтін