Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

100. Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.

Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін үұрыстарда.Соғыстың алғашқы кезінде Қазақағынан КСР-інде құрамы жағынан көп ұлтты 14 атқыштар және 6 атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға аттандырылды.Брест қамалың қорғаушылар арасында Қазақстандықтар А.Нағанов, В.Фрусов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтыров және т.б. болдв.Дивизия комиссары, Оңтустік батыс майдан Әскери Кеңесінің мушесі.Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер 1941 жылғы 20 қыркүйекте уш тәулік бойы күші басым жаумен соғысып қаза тапты.Мәскеу тубінде генерал майор И.В.Панфилов басқарған 316 атқыштар дивзиясы ерлікпен шайқасты.1941 жылғы қарашада Дубасскова түбінде 1075 атқыштар полкінің танк жоюшылары ерекше ерлік көрсетті. Осы топта ротаның саяси жетекшісі В.Г.Клочковтың: < Рессей кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу> деген сөзі ұранға айналды.Мәскеу үшін шайқаста И.В.Карлов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері ерекше ерлік көрсетті.Мәскеу түбіндегі ерлігі үшін 316 атқыштар дивизиясы 8-гвардиялық дивизия болып қайта құрылып, Қазал Ту орденімен марапатталады. Жауынгерлердің өтініші бойынша дивизия И.В.Панфилов есімімен аталатын болды.эМәскеу ушін шайқаста ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Бородино селосында көрсеткен ерлігі ушін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген Төлеген Тоқтаров. Ұлы Отан соғысының аты аңызы айналған қаhарманы, белгілі жазушы Б.Момышұлы.Соғыстың алғашқы күндерінде бірінші болып таран жасаған А.Масловтың экипажы. Оның құрамында жерлесіміз Бақытораз Бейсекбаевта бар еді. Оған 1998 жылы Халық Қаhарманы атағы берілді. Балтық флотында қызыл тулы бір ғана <Киров > крейсерінеде 156 қазақстандақ жауынгерлік сапта тұрды.Ленинград ушін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов жаудың қорғаныс ұясының аузын жауып қаза тапты. Сол ушін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Ориенбаум алғы шебінде 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дуйсенбай Шыныбеков шайқасты.1941 жылғы қыркуйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаев Ленинградтықтарға Ленинградтық өрендерім деген жырын арнады.1942 жылдың күзінде ауқымы адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград тубінде ұрыс жүріп жатты.Каспий өніріне соғыс жағдайы енгізілді.Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас еді. Сондықтан Сталинград майданына Батыс Қазақстанның ресурстары кен ауқымда тартылды. Қазақстанның Еділ бойындағы қахарман қаланы қорғаушыларға жолдаған үндеуінде: < Сталинград -Шығыстың кілті>, деп көрсетілді.Батыс қазақстандақтар Сайхан мен Ордада әскери әуежайлар құрылысына жұмылдырылды. Ақтөбе облысының кейбір аудандарында қорғаныс құрылыстары салынды.Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизияның өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойды.Сталинград майданында шайқасқан 29-шы және Алматының 38 атқыштар дивизияларының даңқы шықты, екеуі кейін 72-ші, 73 гвардиялық дивизиялыққа айналды. Ерлігі ушін 73-гвардиялық дивизия <Сталинградтық> деген құрмет атақ алды.Қарағандының өкілі, ұшқыш Нуркен Әбдіров 1942 жылғы 19 желтоқсанда Боковская Пономоревка ауданында таран жасап ерлікпен қаза тапты.Атақты <Павлов үйі> үшін соғыстың бір мүшесі Толыбай Мырзаев еді.Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады.300 фашистің тегеуріне 11 қаһарман төтеп берді. Ержурек жауынгерлер қорғаған төбе <Шығыстың 11 батырының төбесі> деп аталады.Дон мен Еділ бойында Қазакстандықподполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гврадиялық танк полкі ерекше көзге түсті.Днепр үшін ұрыста 18 жасар Ж.Елеусізов қазақтар арасыындағы ең жас Кеңес Одағының Батыры атанды.Қазақстандық партизадардың жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Шетелдердегі Қарсыласу қозғалысына қатысқан қазақстандықтар, солардың ішінде Кеңес Одағының батыры А.С Егоров, З.Х Құсайынов.2-ші дүние жүзілік соғысындағы еә ірі операциялардың бірі – берлин операциясы 1945 жылы 16 сәуір-2 мамырда бо кеңес Армиясы Берлинді толық билігіне алды.Берлин үшінұрыстарға қатысқан Кеңес Одағының Батыры С. Нұрмағамбетов. Жас офіцер Р. Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірже Рейхстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып жеңіс тун қадады.Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген екі марте кеңес одағының батыры Сергей Луганский. Екі марте Кеңес одағының батыры атағын алған жер лес ұшқыштарымыз Леонид Беда және Иван ПавловКеңес одағының батыры атағын әйелдер арасында 100-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасының пулиметшісі Мәншүк маметова және 54 атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова болды.

500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес одағының батыры атағын алды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы