Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

117-Билет. 1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы: сипаты, нысаны.

1995 жылғы Конституцияның тарихи маңызы:

-Егемеді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, өркениетті даму кезеңіндегі ерекшеліктері, әлемдік демократиялық құндылықтары көрініс тапқан.

- республиканың одан әрі даму кезеңіне арналған тарихи құжат

Қазақстан Республикасының Конституциясы:

  • 1 бөлімі, Жалпы ережелер

  • 2 бөлімі, Адам және азамат

  • 3 бөлімі, Президент

  • 4 бөлімі, Парламент

  • 5 бөлімі, Үкімет

  • 6 бөлімі, Конституциялық кеңес

  • 7 бөлімі, Соттар және сот төрелігі

  • 8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

  • 9 бөлімі, Қорытынды және өтпелі ережелер

I бөлім, Жалпы ережелер

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз.

1-бап

  1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.

  2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.

118. Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы

Астана — қазақ елінің төртінші астанасы (1998)

ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Мин. Каб-і (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың республиканың кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникация, инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлеуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктілігі сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. аймағы (ААЭА) құрылды (1996 ж. 9 қазан).

1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Астана — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы.

Астана қалалық екі ауданға (Алматы, Сарыарқа) бөлінеді. Тұрғыны 500 мыңнан астам адамды құрайды. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан.

Астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала.

Қәзір қаланың аумағы 200 шаршы км., астам аумақты алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ беріліп, медальмен марапатталды. Қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді және оның келешегі зор.

Тәуелсіз Қазакстанның қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі өзгерістердің бірі астананың ауысуы болды. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан жолы» атты еңбегінде астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылдамас бұрын ұзак ойланғанын, барлық қадамдарын есептеп, тарихшылармен, саясаттанушылармен, мәдениеттанушылармен ақылдасқанын, басқа елдердегі астаналарын көшіру тарихымен танысқанын айта келіп, астананы ауыстырудың негізгі себептерін былайша түйіндейді:

Біріншіден, астананы ауыстыру Қазақстанды геосаяси жағынан күшейтудің қажеттігінен туындайды. Сондыктан елдің бас қаласының орнын анықтауға ерекше көңіл бөлінді. Астана өзіне еуропалық және азиялық озық дәстүрлерді сіңіріп отырған Еуразия құрлығының орталығы болып табылады.

Екіншіден, бұл шешімді қабылдағанда қауіпсіздік мәселесі де еске алынды. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы, мүмкіндігінше, сыртқы шекараларынан жырақта және елдің ортасында орналасуы тиіс.

Үшіншіден, астананың орнын ауыстыру Қазақстанның экономикасын сауықтыру қажеттігінен де туындады. Ол елдің экономикасы үшін тиімділікті қамтамасыз етті. Облыс орталықтары дами бастады, экономиканың құрылыс материалдары өндірісі, жол төсеніштері, энергетика және машина жасау сияқты салалары аяғынан тік тұрды. Тұрғын үй құрылысы бұрын-сонды болып көрмеген қарқынмен дамуда.

Төртіншіден, астананы көшіре отырып, құрамы жағынан көп ұлтты біз, тұрақты полиэтникалық мемлекетті құру, Қазақстанды мекендеп отырған халықтардың арасындағы достықты сақтау бағытын да есте ұстадық.

Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 6 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының астанасын ауыстыру туралы» қаулысы тәуелсіз мемлекетіміз астанасының тағдырын шешті. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заң күші бар Жарлығы, 1997 жылдың 20 қазанында «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы» Жарлығы шықты.

1997 жылдың 10 желтоксанында Президент Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен Парламент пен Үкіметтің біріккен мәжілісі өтті. Осы күннен бастап Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып танылды.

1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті.[1]

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы