Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

41.Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.

Тер-сы-Жайық-Балқаш-Арал теңізі,Сырд-ң төменгі ағысы-Тобыл,Ертіс.Астанасы-алғашқыда Тура,1431ж Орда-Базар(Бат.Сіб),1446ж-Сығанақ.Халқы-өзб-р.Құр-да қыпшақтар,найм-р,маңғ-р,қарл-р,қоңыраттар,қаңлы-р,үйсіндер т.б болды.Әбілхайыр хан құрған мем. Атауы дәстүр бойынша Өзбек ұлысы, сондайақ Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы дейді. Өзбектер ғана емес осы аумақта мекен еткен Әбілқайыр мем. Құрамына кірген аса үлкен этникалық топтардың бірі Қыпшақ хандығы деп айтуға болады. Әбілқайыр жаулау соғысы XV ғасырдың 30 жылдарда басталған.Тоқа Темір әулетіне қарсы жорыққа Әб. Көп әскер жиды. Төменгі Сырдария аймағына жорыққа шығуы, оның Сырдария мен Арал жағалауы қысқы жайылымдық алу қажеттілігі еді. 1431 ж. Екітүреп деген жерде шайқас, ол Түркістан қалаларына жол ашатын. 1446ж. келесі жеңісі Атбасар маңында болды. Мұстафа ханды тас талқан еткен.1430 ж. қысқа мерзімге Хорезмді басып алды, Үргенішті тонады. Әбілқайыр Дешті Қыпшақтағы өз жақтастарының қыруар күшіне, далаға жиырма жыл бойы үстемдігін жүргізген өз қуатына сүйенгендіктен де Сырдария қалаларын тез басып алды. Шайбани ұлысы мен Орда ұлысы тайпаларының арасындағы қырғи қабақ қатынастарды бұрынғыдан бетер шиеленістірді. 1456-1457 жыл.Сығанақ түбінде қалмақтардан күйрей жеңілген Әбілқайыр Түркістанның талан-таражыға түскен қалаларын тастап шығып, Д.Қыпшаққа кетуге мәжбүр болды. Жеңілудің басты себебі оның мем. Ішкі әлсіздігі. Шыңғыс әулеті арасындағы қырқыстар, рулар мен тайпалардың көшпелі ақсүйектердің оқшаулыққа ұмтылуы, ішкі және сыртқы соғыстар кезінде Әбілқайыр қаза тапты.

55-билетҚаз Ресейге косылуы: тарихи жагдайлар мен негизги сатылары. Орта және кіші жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді. Қазақ жеріне шапқыншылығын қоймаған жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 ж.басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға Қойбағар Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақсаты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса, қолдау табу. 1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұранып патша Анна Ивановнаға тағыда өтініш хат жолдайды. 1731 ж. 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр ханға және «Бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамотаға қол қойылды.1730 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресейдің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді». Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған актіден басталады. 1731 ж. аяғында Орта жүз 1738 ж. Ұлы жүз ханы Жолбарыс ханға Анна Иоановна Грамота жібереді. 1746 ж. Албан, Суан, Үйсіндер Ресей қол астына кіреді. Қазақстанды отарлауды 3 кезеңге бөлуге болады. 1)1731-1822 бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз). 2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы. 1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады. 3) 1867-1917 ж.ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды. Отарлау заманында 200-дей ұлт-азаттық көтерілістер, толқулар 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». 1868 ж. 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды». Осы 2 ережеге сәйкес Қазақстан жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлінеді. 1) Түркістан г.-г., орталығы Ташкент (Сырдария мен Жетісу). 2) Батыс Сібір г.-г., орталығы Омбы(Ақмола, Семей). 3) Орынбор г.-г., орталығы Орынбор (Торғай, Орал). Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі. Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қосуды бастаған Әбілқайыр хан бірнеше мақсат көздеді:Ресей империясына арқа сүйеп, жоңғар шабуылына тойтарыс беру;Башқұрттардың қазақ жеріне шабуылын тоқтату;Қазақ еліндегі билік жолындағы қарсыластарын ықтыру, хан бастаған тағына отыру;Бойындағы мал жайылымдарын реттеу; Батыс пен шығысты жалғастыратын кернеу жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Тәуке ханның Сібір ген.губ М.П.Гагаринге көмек сұрап жіберілген елшілігі, Ресейдің Швециямен соғысып жатқаны үшін, жауапсыз қалған еді. Ал бұл кезде Ресей империясы Қазақстан жеріне біртіндеп ене бастаған болатын. Патша үкіметі Ертіс өзенінің бойына әскери бекіністерді көптеп сала бастады.Мысалы: 1716 жылы Омбы,Жәміш;1717 жылы Железинск;1718 жылы Семей;1720 жылы Өскемен,Коряков бекіністері салынды.1731 жылы 30 ақпанда Әбілқайыр хан жіберген Сейтқұл Құндағылұлы, Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілер Петербургте әйел патша Анна Иоановна Кіші жүзді Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш тапсырды. Бұл ұсынысты Анна Иоановна қабал алды.Анна Иоановна Әбілқайырдан ант алу үшін Кіші жүзге А.И.Тевкелев бастаған елшілерді жіберді.1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан, Кіші жүздің 27 старшыны Ресей бодандығын қабылдау туралы ант береді. Бұл жағдай Ресей империясының қазақ жерін отарлауының басы болды. 1734 жылы И.К.Кириллов басқарған экспедиция табиғат байлықтарын зерттеу, сауданы ұлғайту, Сырдария бойында бекіністер салу, Ор бекінісін тұрғызу сияқты мақсатпен қазаұ жеріне аттанды.1735 жылы Ор бекінісі салынды.1737 жылы Патша үкіметі башқұрт халқының көтерілісін басу үшін Кіші жүз әскерін пайдаланды.

Орта жүздің Ресей құрамына кіруі.1738 жылы Орынбор қаласында Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің 25 старшыны, Орта жүздің 27 старшыны патша үкіметіне адал боламыз деп тағы да ант берді. Қазақ сұлтандарының антан Орынбор комиссиясының басшысын В.Н.Татищев қабылдады.1740 жылы қазақ ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жағдайға байланысты Ресей билігін мойындағанымен, іс жүзінде патша үкіметіне бағынбады. Олар бұл жолға жоңғар шабуылына қорғану үшін барған еді.1741-1742 жылдары Қалдан Церен басқарған жоңғар әскерлері қазақ жеріне тағы да шабуыл жасап, зор шығынға ұшыратты.1742 жылы Ресей Сенаты Кіші жүз қазақтарын жоңғарлардан қорғау туралы шешім шығарды. Осы жылы Орынбор комиссия басшысы И.Неплоев қонтайшы Қалдан Церенге Кіші және Орта жүз қазақтарына тиіспеуді ескертті. XVIII ғасырдың ІІ жартысында подполковник И.Д.Бухольцтың әскери барлау экспедициясы қазақ жерін жоңғарлардан қорғауды ерекше рөл атқарды.Ал Ресей үкімет қазақ жерін толық отарлау мақсатында Қазақстанның солт-шығ. Әскери шебтерді, бекіністер мен қамалдарды көптеп сала бастады. Мысалы:Ертіс өзенінің бойына 31 әскери форпост салды.Сонымен қатар Ресей үкімет Әбілқайырдың билігін тарылтып, Кіші жүзді толығымен отарлау мақсатын алдына қойды.Осыған байланысты Ресей билеушілерімен Әбілқайрдың арасындағы қатынас біртіндеп салқындай бастады.1748 жылы Ор бекінісіне Әбілқайыр А.И.Тевкелевпен кездеседі. 1748 жылы Ор бекінісіне қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды жекпе-жекте қарсыласы Барақ сұлтан өлтіреді.

60-билет.Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы: 1824 жыл. «Орынбор қазақтары туралы жарғы» және 1844 жылғы Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже.1824 Орынбор губернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жарғыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандықтан уақытша icкe аспады. 1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен. Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы: Бөліктер (батыс, орта, шығыс) басқарушысы – сұлтан. -- басқарушысы – ру шонжарлары-- Ауыл, басқарушысы – ауыл старшыны \ Реформаның салдары: 1) Орталық басқару нығайтылды. 2) Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды 3) 1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды. 1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.

97.КРЛАГ,АЛЖИР Казакстандагы Сталиндик террордын белгиси.Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.

1927-29жж мемлекетқайраткерлері Т.Рысқұлов, Нұрмақов, Қожанов, Мырзағалиев республикадан аластатылды.Мыңбаев-Қазақстан Орталық атқау комитетінің төрағасы қызметінен;

Сәдуақасов- Ағату халық комиссары қызметінен. Сұлтанбеков- Жер ісінің халық комисары қызметінен алынды.1937ж жаппай жазалауға да Ежов белсене кірісті.1937-38жж террор жаппай сипат алды.Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар-Сейфуллин(1894-1938), Майлин(1894-1938), Жансүгіров(1894-1938),Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді.

Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды:

Карлаг- ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.

ЧСИР- Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.

Алжир- Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.

Карлаг азабын көргендер арасында Одақ көлемінде белгілі ғалымдар, мемлекет қайраткерлеріболды:

Ғалым Чижевский-салмақсыздық жағдайындағы қан айналымы теориясы жөніндегі еңбектің авторы;

Нәдірбай Айтақов- Түркімен КСР Орталық атқару комитетінің төрағасы,

109-билет. КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуыТәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.Кеңес Одағындағы экономика, әлеуметтік-құрылымдық, қоғамдық және саяси салаларындағы жүйелік дезинтеграция үрдістері 1991 жылғы 26 желтоқсанда КСРО-ның ыдырауына алып келді. КСРО-ның ыдырауы оның құрамында болған 15 республиканың тәуелсіз мемлекеттерге айналуына және олардың әлемдік саяси аренада өздерінің дербес мемлекеттер ретінде дамуына алып келді.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды. Президентті бүкілхалықтық сайлау. Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді. Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы