Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

67. Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.

ХІХғ ортасы-Қазақ жеруне капиталистік қатынастардың тарала бастауының көріністері:1) Отырықшы мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. 2) Жеке меншік жерді иеленудің кең таралуы. 3)Жылқы санының азайып, ірі қара малдың көбеюі.

ХІХ ғ. 60ж-ресейлік кісіпкерлер қаражаттарын қазба байлықтарын мол қазақ аймақтарында өндіріс орындарын салуға жұмасады.

ХІХғ 70-80ж-кедейленген қазақтар тау-кен орындарына, кәсіпорындарға тартыла бастады. Өлкедегі жалпы экономикалық ахуал:

  • Тау-кен өндірісі: 1)Түсті металдар және тас көмір өндіретін тұңғыш

кен орындары Шығыс,Орталық Қазақстанда ашылды. 2)ХІХғ соңы-ХХғ басындағы 300-400 жұмысшылары бар ірі өнеркәсіп орындары-Спасск мыс қорыту зауыты (1857ж), Успен кеніші,Қарағанды көмір алабы,Екібастұз,Риддер кәсіпшілігі. 3) 1898ж-Семей облысының Павлодар уезінде Воскресенск Кен-өнеркәсіп қоғамы құрылды. Кен кәсіпшілігінің орталығы-Қарқаралы уезі. 4) Химия өнеркәсібінің бастамасы-Шымкент сантонин зауыты (1822ж) 5) Қазақстанның кен орындарында балалар еңбегі ХІХғ.90ж кеңінен пайдаланды. 16жасқа дейінгі жұмысшы балалар үлесі -14%

  • Темір жолы: 1) 1893-1895жылдар-Сібір темір жолы (ұз.3138км)

салынды. Оның 178 шақырымы Қазақ жерін басып өтті. 2)1893-1897ж-Рязань-Орал темір жолы салынды. Оның 194 шақырым қазақ өлкесінің батысы арқылы өтті. 3) 1899-1905ж-Орынбор-Ташкент темір жолы (ұз.1656км) салынды. Орынбор-Ташкент темір жолында 30мың жұмысшы болды. (1902-1904ж) . Патша үкіметінің темір жолдар салудағы көздеген мақсаты: 1) Жалпыресейлік жаңа шаруашылық қатынастар жүйесіне Қазақстанды тартуды тездету. 2) Өлкенің шикізатын кеңінен пайдалану.

3)Қазақстан мен Орта Азияны Ресей өнеркәсіп орталықтарымен байланыстыру. 4)Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі күшейген жағдайда Ресейден қарулы күштерді тез жеткізу.

  • Ауыл шаруашылық өндірісі: 1)Балық аулау кәсіпшілігі-Каспий,Арал

теңіздері, Балқаш көлі. 2)Тұз өндіру-батыс, солтүстік-шығыс аймақтағы тұзды көлдер. 1867ж-Басқұншақ кәсіпорнында-55мың пұтқа жуық тұз өндірілді. 1900ж-20млн.пұт тұз өндірілді. 3)1875,1900ж-Верныйда темекі кәсіпорындары ашылды. 4)Арал,Қарабас-тұз өндіру орны ашылды. 5)Мал шаруашылығы шикізатын өндеу жөніндегі алғашқы кәсіпорындардың негізгі ошақтары-Ақмола және Семей облыстары. Семей облысында 13былғары, 9 сабын қайнататын,1шарап ашытатын,1май қорытатын,2сыра ашытатын,23кірпіш зауыты болды. Торғай облысында 42былғары, тон, май қорыту,сабын қайнату зауыты,202диірмен,май шайқау зауыты болды.(1898ж)

68. Хiх-хх ғғ. Басындағы Қазақстандағы жұмысшылардың жағдайы.

Өнеркәсіп орындарының салынуы жұмысшылар санының өсуіне және ұлттық құрамының өзгеруіне әсер етті.

Қазақ жұмысшыларының негізгі шоғырланған жері – тау-кен өнеркәсібі.

ХІХ ғ.соңында – 19 мың. 1902 ж – 30мың жұмысшы.

Кейбір өндіріс орындарында қазақтар жұмыс күшінің 60-70% құрап, ауыр еңбектерге тартылды.

Әлеуметтік теңсіздікке, жалақының төмендігіне, еңбек жағдайының ауырлығына шыдамаған қазақ, орыс жұмысшылары қарсылықтар білдіре бастады. Қарсылық түрлері: 1)Шағым, арыз жазу. 2)Өндіріс орындарын тастап кету. 3)Ереуілге шығу. 4)Жұмысшылар мен өндіріс иелері арасындағы қақтығыстар. Семей облысы кәсіпшіліктерінде жұмысшылар өндіріс орындарын қаша бастады: 1)1880 ж-2,7% 2)1890ж-4,7% 3)1896ж-6,4%

Қашқан жұмысшыларды ұстаған жағдайда 3 айға абақтыға жапқан.

Алғашқы ереуіл 1849ж қазанда Көкшетау кен орнында болды.

1888ж-Өскемен уезіндегі кен өндірісінде қазақ жұмысшылары ереуілге көтеріліп, жалақыны арттыруға мүмкіндік алды.

1893,1895,1899 жылдар Батыс Сібір теміржолында, 1899ж Омбы теміржолында ереуілдер болды.

1890ж ереуілде Алтайдағы Асташево кен орнының басқарушысы өлтірілді.

Жұмысшылар қарсылықтарының әлсіз жақтары:

1)Стихиялылығы 2)Өндіріс орындарының ұсақтығы 3)Жұмысшылар санының аздығы 4)Өзара бірлік пен түсінушіліктің жетіспеуі 5)Саяси талаптардың аздығы 6)Саяси ұйымдардың жоқтығы

Жұмысшы қарсылықтарының тарихи маңызы.

1)ХХғ басында революциялық оқиғаларға алғышарт қалыптастырды.

2)Өлке жұмыскерлерінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинады.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы