Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

77. Абай Кунанбаев (1845-1904) – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде алды, сол кезде өзінің ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. 13 жасынан бастап Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Бірақ ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқып танысты. 1882 жылы – ең алғаш Лермонтовтың «Бородино» шығармасын аударады. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» атты өлеңін жазады. 1870 жылы орыс желтоқсаншысы Е.П.Михалиспен, 1880 жылдары Н.И.Долгополов, А.Льеонтьев танысады. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың жалпы саны 27 шығармасын аударды Жалпы, оның шығармашылығын топтастырғанда, үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады:өзі шығарған төл өлеңдері әлем әдебиетінің озық үлгілерінен аударған өлеңдері тәлім-тәрбиелік маңызы зор ғақлиялар (қара сөздер)

54 Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны. 1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.[1]Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.[2]1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды. [3]

Абылай (Әбілмансұр) хан — (15331537) билік құрғаны. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. ХВЫЫЫ ғасырдың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.И.Левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды. 1738-1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. А. қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қ-лары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде А. бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған казақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бйынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті. Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. Абылай қолының қоқан билеушісі Еркенбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында « шаңды жорық » деген атпен белгілі. Бұл 1771ж. Еділ қалмақтарының жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды

40.Ак Орда Жетісудің солт. бөлігі, Ертіс өңірі, Ұлытау мен Кентауға дейінгі дала, Жайық, Ырғыз, Торғай, Тобыл мен Сарысу өзендері алқаптарында, Арал өңірінің даласы мен төм. Сырдария бойы, Алакөл маңы. Оның астанасы – Сығынақ. Деректерде Ақ Орда еліндегі ақсүйектер жериеленушілігінің інжу,мильк, сойырғал сияқты түрлері болды. Тархандық сый тарту белгілі болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына құшыр, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі қарыздарды өтеп тұрған. Мемл.-ті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқардыХІІІ-ХVғ-дың басында Шығ. Дешті Қыпшық аумағында Ақ Орда мемл. өмір сүрді. ХІVғ-дың 2-жар. Алтын Орда билігінің әлсіреуіне орай Ақ Орда күшейіп, өз тәуелсіздігін алды. Алғашқы ханы – Сасы бұқа. Ерзен хан, Орыс ханның (ХІVғ-дың 60-70жж) тұсында айтарлықтай күшейді. Ақсақ Темірден Ақ Орданы қорғау ауыртпалығы Орыс хан иығына түсті. Темір Мәліктен Тоқтамыс Ақ Орда билігін жаулап алды.Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығымен анықталды. Көшпелі аудандарда мал жекеменшік деп саналып, сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жері қауым иелігінде деп айтылғанмен текті бай-бағландар шын қожасы еді. Ақ Орда билеушілері ХІVғ-дың 2-жарт. өздері Алтын Орданың қол астында екенін сөз жүзінде тәуелсіз саясат жүргізді. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Ақсақ Темір оған қарсы айдап отырды. Тоқтамыс 1377ж Сығанақ, Сауран қалаларын басып алып, хан болды

Хандары:Орда Ежен Сасы-БұқаЕрзен хан Мүбарақ Қожа (1320-1344)Орыс хан (1372-1380)Тоқтамыс хан

Моголстан мем

«Тарихи Рашиди» б/ша: «Моғолстанның шығ. жері қалмақтар жеріне кіріп жатыр, ол өзіне Барс көл, Еміл, Ертісті қосып алады. Солт.-де Көк теңізден(Балқаштан) Қараталмен, бат.-да Түркістан, Ташкентпен, оңт.-де Ферғана, Қашғар, Ақсу, Тұран мен шектеседі.»Мемл.-ң саяси басшысы ж/е жер-судың жоғары иесі хан болған. Басқару ісінде ханға ұлыс бегі көмектесті(дәстүр б-ша ол дулат тайпасы әмірлерінен таңдалынып отырған), хан жанында ақсүйектер кеңесі болған. Басқа аймақта алым-салық жинау мен әскери күшті ұйымдастыру күшейді. Моғолстанда мемл.-ң саяси бағыты, жердің ең жоғарғы билеушісі хан болды. Жерді ақсүйектер шартты түрде иеленді.Моғолстан ХІVғ-дың ортасы мен ХVІғ-дың басына дейін өмір сүрді. Моғолстанды белгілі Дулат тайпасының әмірі Болатшы бастаған ақсүйектер Шағатай ұрпағы Тоғылық-Темірді жаңа мемл-тің ханы етіп сайлайды.Астанасы – Алмалық.Темір шапқ.-ғы Моғолстанның титығына жетті. Алғашқы хандар Тоғылық-Темір, Ілияс Қожа Мәуереннахрда Шағатай әулетінің билігін қайта орнатпақ болып әрекеттенді.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды.

Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады. Хандары:Тоғылық-Темір (1348-1360) Қамар ад-Дин Дулати (1360-1388)Қызыр Қожа (1389-1399)Мұхаммед хан (1408-1416)Уәйіс хан (1418-1428)Есенбұға хан (1433-1462)Жүніс хан (1462-1487)Сұлтан Ахмет (1484-1506)Махмуд хан (1487-1508) Рашид хан (1533-1565)Әбілқайыр мемлекеті Батысынды Жайықтан бастап, шығ-да балқаш көліне дейін, оңт-де Сырдарияның төм. Ағысы және Арал өңірінен Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді иемденді.Негізінен арғы тегі қыпшақтар мен қарлұқтардан шыққан түрік тайпалары. Ерте орта ғасырдағы Дешті Қыпшақ, қаңлы, үйсін, қарлұқ халықтарының түркіленіп кеткен моңғол тайпаларының ұрпақтары.Көшпелілер мен егіншілер өзара бір-бірімен материалдық мәдениет, тұрмыс, шаруаш. тәжірибе машықтарын әлеум. нормамен мемл. ұйымдары түрлерін, әскери өнер элементтерін алып отыруға мәдени жетістік алмасуына себепші болды. 1430ж Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұд Қожаны талқандайды. 1446ж Әбілқайыр Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Хорезмді басып алып, Үргенішті талапайға салады. 1450ж Темір ұрпағының ішкі тартысына килігіп, Самарқан, Бұхарға тонап талау шапқыншылықтарын жасайды. 1468ж жорықты жолда өледі. 42.70-80жж Қызыр Қожа хан Дулат әміршісі Қамар ад-Динмен және Темір шапқ-на ұзақ та қажырлы әскери қимыл жүргізді. Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан құтылды. Шу мен Таластағы біраз жерді қайтарды. Моғолстанға шығыс жақтан ойраттар (Орта Азия деректерінде оларды қалмақтар деп атаған) шабуылы жиілей түсті. Уәйіс хан олармен қанды шайқастар жүргізді. ХVІғ-дың басында мемл. талас-тартыстан құлдырады. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары ХVІғ-дың 60-жылдары құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Көшпелі аудандарда жер қауымның меншігінде деп есептелген. Бірақ мал алпауыт ақсүйектерінің қолында болған(деректер тіпті жүздеген мың санды малға бір адамның қожалық еткенін айтады). Осы себепті көшпелі аудандарда қоныс-өрістердің барлығы шын мәнінде солардың қарауында болған. ХІVғ-дың 60жж соңында Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Әмір Темірге қарсы саяси одағы құрылды. Бұл одақ Ақ Орда мен Моғолстанның әскери күшін ортақ жауға қарсы жұмылдыру арқылы Шығ. Дешті Қыпшақ және Моғолстан халықтарын ауыр апаттан құтқарып қалды. Назар хан өлген соң оның балалары билік үшін тартысты бастады.

39.Алтын Орда Батый хан тұсында моңғолдар Польша, Венгрияны шапты. Грузияны жеңіп, Кавказ халықтарын бағындарды. Алтын Орда Днепр мен Ертіске дейін және Сырдарияның төмегі ағысынан Солт. Мұзды мұхитқа дейін созылып жаттыМемлекетті басқару 4 әмірден құрылған диуанның қолында болды. Жергілікті жерлерді басқару тікелей диуанға бағынышты – жергілікті әкімдердің қолына берілді. Басыбайлы адамдарды көшпенділер мен құлдарды аяусыз қанаудың нәтижесінде моңғолдар көшпелі ақсүйектері кең жерлерде өте көп мал мен басқа байлықтарды иемденді. Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді.Батый хан тұсында Жошы ұлысында екі: оң және сол қанатқа бөлісу процесі жүргізілді. Оң қанат басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазақстан жерінің көп бөлігі солт.қанат құрамына кірді.Бастапқыда Алтын Орда монғолиядағы Ұлы ханға тәуелді болды. 1260ж монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға бөлініп кетті. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның тұсында тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі Мөңке хан тұсында өз атынан теңге шығара бастайды. Алтын Орда ХІVғ-дың І жарт. Өзбек хан мен Жәнібек хан тұсында құдіреттілігі арта түсті. 1312ж Өзбек хан исламды Алтын Ордадағы мемл. дін деп жариялайды. ХІVғ. 2-жарт. Алтын Орда алауыздықтың әсерінен әлсірей бастады.1357-1370жж таққа 20-дан астам хан отырып, бірін-бірі өлтіріп жатты. 1380 жылы Мамай Дмитрий Донской әскерінен Куликово даласында тас-талқан болып жеңілді. Жошы ұрпағы Тоқтамыс осы жағдайды пайдалынап, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382ж Москваны өртеді. Мәуереннахр мен Закавказьеге бірнеше жорық жасады.Тоқтамыс пен Ақсақ Темір арасында 3 ірі шайқас болды. Ақсақ Темір Алтын Орданы қайта көтеріле алмастай етіп, талқандады. Алтын Орда – ең көп халқы қыпшақтар болды. Монғолдар азшылықты құрады. ХІІІғ-дың аяғы ХІVғ-дың соңы монғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы монғолдар деп атала бастады.Мемлекетің негізгі жерлерін моңғолдар жаулап алған, табиғаты мал шаруаш. үшін қолайлы еді. Орта Азиядағы Каспий теңізі және Қара теңіз бойындағы жерлерде тоқыраушылыққа дамыған егін шаруаш. мал шаруаш.-мен алмастырыла бастады.Көшпелі өмір салтын Шыңғыс ханның «Ясса» деп аталатын заңдар жинағы реттеді.Жеке князьдардың күшеюіне жол бермей, Алтын Орда хандары орыс жерлерін бөлшектеу және князьдар арасындағы қақтығысты күшейтуге тырысты. Хандар тіл алғыш князьдарды Ордаға қауіпті н/е лаңтастағыш князьдармен қақтығыстырып, соңғыларды хан ордасында өлтіру н/е жазалауыш әскер жіберу арқылы құртып отырды. Руське тонаушылық шабуыл жасау сылтау ретінде князьдардың қырқыстарына араласып отырды. Хандары: Бату хан (1242-1256)Берке хан (1256-1266)Мөңке хан (1266-1280)Темір Туда-Мөңке (1280-1287)Төле-Бұқа (1287-1291)Тоқты хан (1291-1312)Өзбек хан (1312-1342)Жәнібек хан (1342-1357)Ұлы Дүрбелең (1357-1380)Тоқтамыс хан (1380-1395)Едіге хан (1396-1411)Ұлы Мұхаммед (1419-1423)Барақ хан (1423-1428)Ұлы Мұхаммед (1428-1446)Ахмет хан (1447-1480)

85. алаш автономиясы жане алаш орда укимети

1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде ұлттың өзі-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазақ қауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. Бірден қазақ зиялылары Уақытша Үкіметімен тығыз байланыс жасап, сол арқылы түп мақсаттарын жүзеге асырмақшы болды.1917 жылғы 7 сәуірде кадет Н.Щепкин басқарған Уақытша Үкіметтің Түркістан комитеті құрылды. Оның құрамына басқалармен бірге Ә.Бөкейханов пен Мұхаметжан Тынышбаев енді. Көп кешікпей Ә.Бөкейханов Торғай облысындағы, ал халықшыл О.Шкапский мен М.Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша Үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Ал М.Шоқаев, А.Бірімжанов, А.Кенесарин сияқты қазақ зиялылары Түркістан мен Қазақстандағы Уақытша Үкіметтің органдарында жауапты қызметтерге ие болды. Қазақ комитеттерінің құрылуы қазақ қоғамындағы үлкен жаңалық болды. Аталған үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі болған. Түпкі мақсаты – ұлттық мақстат-мүддені қорғайтын, автономиялық мемлекеттік құрылымға жету жолында қазақ халқының ұлттық ұйымы ретінде қарастыру еді . Бұл комитет болашақ Алаш қозғалысының қайраткерлерінің, соның ішінде тікелей ұсыныс жасаған, ұлттық интелегенциясының көпшілік тыныған жетекшісі Ә.Бөкейханов және қазақ қоғамының белсенді азаматтарының бірлескен еңбектерінің нәтижесінде құрылған. Қазақ комитеттері 1917 жылдың наурыз айының екінші жартысынан бастап облыстық, уездік және болыстық деңгейде құрыла бастады. Қазақ комитеттері барлық дерлік аймақтарында құрылған. Құрылу процесін туралы хабарларды «Қазақ» газеті таратты. 1917 ж. 17 наурызда Орал қаласында облыстық комитет құрылды. Алғашқы төрағасы Ғ.Әлібеков болды. Ең басты іс-шара съездер ұйымдастыру. Ә.Бөкейхановтың тікелей бастамасымен 1917 жылғы көктемде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай облысындағы аса маңызды оқиға болды. Съезд аяқталғаннан кейін ауылдық азаматтық комитеттерді құру ісіне жетекшілік жасау үшін облыстық басқарма құрған комиссия Ә.Бөкейхановпен келісе отырып Ахмет Қадырғалиевты белгіледі. Кеңес үкіметі(наурыз-сәуір 1918 ж. және 1919 ж.- наурыз 1920) сияқты ресейлік саяси күштермен байланыстарында Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметін ресми мойындатуға алдыңғы кезектегі міндет етіп қойды.Осы кезде қазақ зиялылары басқа да партиялар мен ұйымдарға бірігіп жатты. 1917 ж. қараша айында Омбыда «Үш жүз» атты социалистік партия ашылды. Сонымен қатар жалпы жергілікті жерде мәдени ағарту жұмыстарымен (сауық кештерін қою, жазба газет шығару, т.с.) айналысқан ұйымдарды атап кетсек: Омбыда «Бірлік», Қызылжарда «Талап», Ақтөбеде «Жас тілек», Павлодарда «Ғылым», Орынборда «Еркін дала» тағы басқа. Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары динамикалық түрде дамыды бірақ, империялистік құрсаудан босанған Ресейлік саяси күштердің 1918-1919 жылдардағы қызметі алғашқы кезеңде демократиялық сипатта өрбігенмен бірте-бірте әскери-саяси сипаттағы диктатураға қарай бет бұрып кетуі ұлттық аймақтардағы, соның ішінде қазақ өлкесіндегі саяси күштердің ұлттық-демократиялық бағытты дамуына жасаған қызметтерің баянды етуге кедергі болды.

4. Қола дәуіріндегі Қазақстан: қоғамдық қатынастың, еңбек құралдарының, шаруашылықтың эволюциясы (мал және егін шаруашылықтарын жетілдіру, тау-кен ісі, қолөнер, тігіншілік және кәсіпшілік, қоныстары мен үй салу үлгілері).заттарын жасауды меңгерген тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді.. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды.б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында – I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық- тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.

105 .Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан теңізі. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Арал апатына себеп болған факторлар:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады

Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.

Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.

Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды

21. Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы (603-704 жж.). Түрік қағанатының бөлінуіне әкеліп 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлініп тынды.Батыс Түрік қағанатының Оңтүстік- шығысында Іле,Шу өзендерінен бастап, солтүстік батысында Еділ мен Ертіс, оңтүстік батысында Әмударияға дейінгі аралық. Астанасы-Суяб. Алғашқы кезде қағандықты басқарған Тардуш Алтайдағы теле тайпасына шабуыл жасап өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп те жариялаған, алайда телелер оған қарсы көтерілген. Батыс Түрік қағанатының саяси күшейген кезі Шегу (610-618ж.) мен Тон (618-630ж.) қағандарының билік құрған мезгілі болды. Батыстағы елдерді жаулап алуды ойластырып, Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрып, салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берген- Тон қаған.Тон қаған Византияның Иранға қарсы күресін қолдап көмек беру үшін 627ж әскер аттандырған. Қағанат ішінде 630ж билік үшін талас-тартыс басталды. 634ж нушеби тайпасының қолдауымен Елтеріс қаған билікті қолына алады. Жоғарғы билеуші және әскербасы-Қаған. Билік мұрагерлікпен беріліп отырды.Қағанаттағы ябғу,шад, елтебер сияқты атақтар қаған руынан шыққан ақсүйектерге беріліп отырған.

22. Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».Елтеріс қаған билікті қолына алған соң басқаруды қайта құрып «он тайпа-он-оұ бұдун»жүйесін енгізеді. «Бұдун» сөзі ел,халық деген ұғымды береді. «Он-оқ бұдун» басқару жүйесі билікті күшейтудің орнына, керісінше әлсіретті. Әсіресе, дулулар мен нушебилер арасындағы 640-654 жылдардағы соғыс барысында қағандық мүлдем әлсіреді.Осыны пайдаланған Қытайлар 659ж Жетісуға басып кіреді. Ешбар қаған қаза тауып, қағандық өзінің тәуелсіздігінен айырылады. «Он-оқ елінің» өз еріктерімен ұйымдасқан әскерлері қытай басқыншыларына қарсы бірнеше рет күреске шықты. Бірақ нәтижелі жеңіске жете алмады, тек 7 ғасырдың аяғы мен 8 ғасырдың басында Түргеш тайпасының көсемі Үшліктің басшылығымен 704ж Үшлік Қытайлармен күресте жеңіске жетіп юұл Түргеш қағандығының құрылуына жол ашты.

58-билетБөкей Ордасының құрылуы. Жәңғір ханның мемлекеттік-қоғамдық қызметі.Жәңгір хан мен оның қызметі.1771 жылы қалмақтар Едiл бойын тастап Жоңғария жерiне көшкеннен кейiн, Едiл мен Жайық өзендерi аралығы босап қалды. Осы оқиғадан кейiн Кiшi Жүз қазақтары ата-баблары тұрған қос өзен аралығына үнемi ұмтылумен болды. Алайда патша үкiметiнiң үкiмiмен қазақтардың Жайықтың оң жақ жағалауына көшуiне тиым салынып келдi. Жайық бойына орналасқан Орал казактары қазақтардың көшiп-қонуына тосқауыл болып келдi. Е.Пугачев көтерiлiсi мен Сырым Датұлы көтерiлiстерi кезiнде қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп қазақтар рұқсатсыз Жайықтың арғы бетiне өтiп жүрдi. XVIII ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында Кiшi Жүз қазақтарының едәуiр топтары Жайық пен Едiл өзендерi аралығына көшiп барды. 1801 жылғы 1 наурызда I Павелдiң жарлығымен қазақтардың осы жерге көшiп-қонуы заңдастырылды. Бұл шағын хандық - Iшкi Орда немесе алғашқы ханның есiмiне сай Бөкей Ордасы деген атауға ие болды. Хандық құрылуының бiрнеше себептерi болды. Отаршылдық саясаттың күшеюi салдарынан көптеген көшпелi қауымдар бұрынғы көшiп жүретiн орындарында қалудың көтерiлiстер аяқталғаннан кейiн көтерiлiске қатысушы рулар хан-сұлтандар тарапынан қудалауға ұшырады. Ресей әкiмшiлiгi қазақ руларының арасындағы өзара алауыздықты тартыстар мен қақтығыстар ошағына айналдыруға тырысты. Кiшi Жүз қазақтары арасындағы тыныштық пен дағдылы шаруашылық ырғағы бұзылды. Ел iшiнде күйзелiс басталды. Сонымен бiр мезгiлде Кiшi Жүз қазақтарына оңтүстiкте Хиуа хандығы басып алу және тонау саясатын жүргiздi. Осындай жағдайда бiрден-бiр амал – Жайықтың оң жақ жағасындағы бос жатқан жерлерге қоныс аудару болды. Көшiп келушiлердiң денi Сырым Датұлы қозғалысына қатысушылар болды. Одан кейiнгi жылдарда хандықтың халқы еселеп өсiп отырды. Бөкей хандығында жерлер хан-сұлтандар мен олардың туыстарына үлестiрiлiп берiлген. Патша үкiметiне арқа сүйеген Iшкi Орда ханы қолына әкiмшiлiк, сот билiктерiн шоғырландырған Жәнгiр Жасқұс деген жерде хан ордасын салғызады. Хан ордасында 12 биден құралған «хандық кеңес» болған. Патша әкiмшiлiгiнiң жергiлiктi жердегi қол шоқпарына айналған бұл хандық езiлушi халық тарапынан қолдауға ие болған жоқ едi. Бұл iшкi-тартыс кейiннен халық көтерiлiстерiне алып келген болатын.

91.Голощекиннин Казакстандагы «Кишиоктябрь» иси. Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту; Өлкені шикізат базасы ету; Голощекин бұл қағидасын 1927ж ұсынып, 1930ж VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады.саяси бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.Ірі саяси қайраткер және экономист С.Сәдуақасов «кіші қазан» бағытына қарсы шығып өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты:Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату;Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру,Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты:«Түйеден социализмге» өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды,Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді;Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес;

12. Ғұндардың тайпалық одағы. Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІғ. Қазақстан территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан, қангар тайпалары ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық ерекшеліктерінен айырылып, ассимиляцияға түсті. Осыдан жаңа этнос пайда болды. Енді Хунну емес Ғұн дейді, олай батыс деректер де айтылады. 55 жылы аса құдіретті ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік болып екі елге бөлінеді. Ғұндардың қаһармандықпен қарсы тұрғанына қарамастан, қытайлар сыртқы ағаш қабырғаны өртеп, қамкесектен тұрғызылған дуалды опырып тастап, қалаға басып кіреді де, ішкі қамалды алады. Чжи-чжи төңірегінлегі көптеген ағайын туыстарымен, бала-шаға,текті бекзаттарымен бірге 1518 адам тұтқынға алынып, өлтірілді. Ғұндардың қоңыс аударуының екінші толқыны б.з. 93 ж. басталады. Олар бірқатар тайпаларды бағындырып, екіншілерін соңынан ертіп, Сырдария бойы мен Арал өңіріне, Орталық және Батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Б.з. IV ғас. Олар Европадан бой көрсетеді. Ғұндар қоғамындағы өкіметтің тұрпаты туралы мәліметте. Елді шанью басқарған, ол шексіз билеуші болған, оған іле шала жалпы аты түменбасы деп аталатын бекзаттар жүреді.

13.Ғұндардың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы.Б.з.б. Iмың жылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі күшейе түсті. Осы өңірде, Байқалдан Оңтүстікке таман және Ордосқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты тобы б.з.б. IV-III ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді.Сюннулар (хунну немесе ғұндар деп аталады), әсіресе б.з.б. III ғасырда мейілінше күшейді. Тайпалардың бұл тобының аты қайдан шыққаны белгісіз. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы деу керек. Ғұн тайпаларының бірігіп топтасуы б.з.б. 209 жылы “ғұн үйінің өрлеуі” кезінде іске асты. Оларды бір одаққа біріктіру әйгілі Мөде (Боғда) батырдың есімімен байланысты. б.з.б. 59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығының маңызы ерекшеболды . Ол туралы қытай деректерінде былай деп жазған:«Қытайдың солтүстігінің сырт жағын мекендейтін олар өздерінің малымен бір жайылымнан екінші жайылымға көшіп жүреді. Шонжарларынан бастап бәрі де үй малының етімен тамақтанады, олардың терісін киім қылады. Ғұндардың қойы да көшпелілердің күллі қажетіне жараған . Әсіресе, қ ойдың етін, терісін, жүнін және аң терілерін пайдаланды. Қой терісі мен жүннен киім, аяқ киім жасайды, жүннен киіз басады.Мал өсіру, әсіресе, жылқы өсіру басты рөль атқарды.Жылқы болмаса көшпелі мал шаруашылығының өзі өмір сүре алмас едi. Малдың бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жағып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ болған жылдары малдары жұтқа ұшырайтын болған. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті де білген. Деректемелерде «Солтүстік жерлерде суық ерте түседі, сондықтан тары себуге қолайсыз болса да, ғұндардың жерінде тары себіледі» -деп жазылған.Ғұндар өмірінде аңшылық та үлкен орын алды. Ғұндар негізінен киіз үйлерде тұрды. Жүннен жасалған текемет,кілемдерді төсеніш етті. Ағаштан төсек және үй қажетіне керек заттаррды жасаған. Ғұндар өздері қолмен жасаған заттарын қадірлеп ұстайтын болған. Киіз үйдің төрінде қамшы, ағаштан жасаған қынабы бар семсер, садақ жебелерін салған оқшантай т.б ілулі тұрған. Ат әбзелдерін өрнектері бар темірлермен әшекейлеген. Ал алтын, күміс сияқты бағалы заттардан көбінесе әшекей бұйымдарын жасаған. Байлары қола және күміс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдік буынған. Ғұн әйелдері құлағына жарты ай тәрізді әдемі әр түрлі тастарме әшекейленген сырға, саусақтарына алтын жүзік, шашына алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер таққан.

14. Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері. Алға жетелейтін арманың болсын. Биікке ұмытылмайтын, асқақ армансыз жауынгерді қанша қабілеті болса да басшылыққа қоймағын. Ішкі ерік күшің берік болсын. Басшылықтың қай сатысында болсын, ел серкесі қиындықтың алдында тізе бүгуге, сенімін жоғалтуға болмайды. Алысты болжап, ауыр жүкті тастамай көтеріп алып шығуға қабілетті болсын. Оған деннің саулығы, білектің қара күшінен бұрын ішкі жан дүниенің қуаттылығы маңызды. Басшы біреуге ұнау емес, мойындалуы тиіс және өзгенің жайын жақсы түсінетін, терең сезінетін болуы керек. Жат жұрттың мәдениетін, сенім нанымын, салт дәстүрін сезініп, түсінетін, бағалайтын адамгершіліктің болғаны абзал.

Әр басшы шешімшіл (решительный) болғаны бек жақсы. Қашан қозғалуды, қашан бөгелуді, ахуалдың барлық қырларын сезе отырып тез әрі дұрыс шешімді дер кезінде қабылдай білу. Күмәнданып, өзіне сенбей істі кейінге қалдыру артынан ергендерді адастырады және жауға жем етеді. Келешекті болжай білудің орны ерекше. Қолбасшы байқағыш әрі түйсікшіл сезімталдығымен әрекеттің жемісі мен салдарын алдын ала болжай білуі шарт.

Уақыттың құнын білу басшы үшін ат басындай алтынмен тең. Шешім кешікпей, озбай дәл мерзімінде қабылдануы керек. Бәсекелесу қабілет мығым болсын. Басшының ішкі арман мүддесі жеңуге ғана бағытталады. Үнемі жеңіске жету мүмкін болмаса да сын сағатта жеңуді талап еткін. Басшының өзіне деген сенімі зор болғай. Көшбасшы парызын, міндетін орындағанда өзіне сенімі аз болса кейінгілерге оның әлсіздігі дереу байқалады. Басшы өзінің де, қол астындағы жандардың іс әрекетін кім болса да түсіндіре алатын болуы тиіс. Әрдайым қолыңмен жасағаныңды мойныңмен көтергін. Сөзің мен ісің досқа да, дұшпанға да сенім ұялатсын. Сенімсіз басшыда ықпал болмайды. Мақсатқа жететін күш пен тұрлаулы табандылық болсын. Сақты сындыруға, алданып арбалуға бой ұрмағын.

15. Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.Ғұндар – ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі. Қазақстан жеріне Оралық Азиядан б.з.б І ғасырдың соңы мен б.з І ғасырында келген. Осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де, «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. Бес ғасырға жуық уақыт(б.з.б. 204жылы-б.з 216жылы) ғұндар кең далаға билік жүргізді. Қытайлық ежелгі деректерде олардың «хунну» деген атты Орхон өзеніне байланысты алғанын жазады. Ал еуропалық жылнамашылар бұл атты сәл өзгертіп «гуни» деп атаған.Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық құрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай Жылнамалар ында мол сақталған.

16. Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.Ғұндар негізінен киіз үйлерде тұрды. Жүннен жасалған текемет,кілемдерді төсеніш етті. Ағаштан төсек және үй қажетіне керек заттаррды жасаған. Ғұндар өздері қолмен жасаған заттарын қадірлеп ұстайтын болған. Киіз үйдің төрінде қамшы, ағаштан жасаған қынабы бар семсер, садақ жебелерін салған оқшантай т.б ілулі тұрған. Ат әбзелдерін өрнектері бар темірлермен әшекейлеген. Ал алтын, күміс сияқты бағалы заттардан көбінесе әшекей бұйымдарын жасаған. Байлары қола және күміс қаптырмалармен әшекейленген кемер белдік буынған. Ғұн әйелдері құлағына жарты ай тәрізді әдемі әр түрлі тастарме әшекейленген сырға, саусақтарына алтын жүзік, шашына алтын, күмістен жасалған шаш түйреуіштер таққан.Ғұндар мал терісінен суықта киетін сыртқы киімдер, аяқ киімдер , бас киімдер тігіп киген. Сонымен қатар , қолданатын ыдыстарына ағашты, теріні, қышты пайдаланған. Сүт , қымыз, айран, қаймақ тағы басқа сұйық құятын ыдыстарды, негізінен қыштанғ ағаштан жасаған. Ал үйдің ішінде орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты өте қадірлеген.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан,арда сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

3. Ежелгі ру тайпалық құрылыстың ыдырауы. Қазақстан территориясындағы тас дәуіріндегі қоғамдық қатынастың эволюциясы

Ағашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланыл- ған.Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді.Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды.синантроптар от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтанолтарихтанеандертальадамыдегенатпенбелгілі.

Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр.Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.Тас дәуірінің тарихында мезолит пен неолит біздің заманымыздан бұрынғы XII-V және V-III мың жылдықтардың арасын қамиды (мезолит-орта тас дәуірі, неолит-соңғы тас дәуірі). Ол кезде табиғат осы заманғы бейнеде болды. Жануарлар дүниесінің құрамы өзгеріп, енді аңшылардың аулайтыны көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, қоян, үйрек болды. Мезолит заманындағы адамдардың садақ пен жебені ойлап шығаруы үлкен жетістік еді және осы тұста микролиттер-үшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.Б.з.б.V мың жылдықта басталған неолит тас құралдарны барынша пайдаланған дәуір болды. Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары дүниеге келген. Сонымен қатар керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі еді. Онда бірігіп еңбек ету және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар туыстық жағына және шаруашылықтың түріне қарай құрылды. Ежелгі қазақ жеріндегі тайпалар аңшылықпен, балық аулаумен, өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Кейініректе олар мал өсірумен , егіншілікпен және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастайды.Б.з.б. екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қаружасаубірте-бірте металл өңдеудіңдербессаласынаайналды

48. «Жеті жарғы» - XVI – XVII ғғ. қазақ қоғамының құқықтық негізі.

104. Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және ХХ ғ. соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.

КОКП Орталық Комитеті жеке адамға табынушылық пен оның зардаптарын жою жөнінде соңғы уақытқа дейін партияның жүргізген жұмысы қазірдің өзінде-ақ жақсы нәтижемен берді деп санайды. Партияның XX съезінің шешімдеріне сүйене отырып, КОКП Орталық Комитеті барлық партия ұйымдарын мынаған шақырған.

1.тарихтың жасаушысы, адамзаттың барлық материалдық, рухани байлықтарын жасаушы болып табылатын халық туралы марксизм-ленинизм ілімінің қағидасы жұмысымызда сақталсын;

2.партияның нормасын сақтау, сынмен өзара сынды өрістеу жөнінде соңғы жылдары партияның Орталық комитеті жүргізіп отырған жұмыс қажырлықпен онан сайын әрі жүргізілген.

3.Кенес Одақтық Конституцияда жазылған социалистік демократизмнің принциптерін толығымен қалпына келтірілді.

4.6-5 жылдық жоспардың міндеттерін практикада жүзеге асыру жолындағы күреске кадрларымыз, коммунистер, еңбекші бұқара жұмылдырылсын делінген.

6. Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту. Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-XIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңын- дағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жаріне қарай аталған. ДәндібаБеғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.Беғазы мәдениеті дәуірінде жерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басынаобаларжасалып, оныңайналасыірі гранит тақталарменбелдеуленгенмолалар да кездеседі. Қазақстанжерінде мал шаруашылығыменқатар неолит дәуіріненбастапегіншілікдамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (ШығысҚазақстан) табылғанқыстырмаорақтарегіншіліктіңболғанынкөрсетеді. Тастанастықүгетінқұралдар: астықтүйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптаржасалған. Алқаптарданегізіненбидай, қарабидай, тары егілген.Қоладәуіріндеадамқоғамыныңөндіргішкүштерініңдамуына мал өсіружәнеегінегуменқатарәртүрлірудалардыөндіру, тас пен сүйектіпайдалану аса маңызды роль атқарған. Қоныстардымекендеушілерге керамика ыдыстарынжасаукеңінендамыған. Оныңбәрішаруашылық пен тұрмыстапайдалануғаарналды. Бұлтұстағықұмыражасаушылардыңкөбіәйелдерекен. Күйдіргенбалшықтаныдыс-аяқтардыңбірнешетүріжасалған. Ыдыстарғаәшекейлепөрнексалын-ған. Соңғықоладәуіріндегіқұмыралардыңденіиінідөңгелек, бүйірішығыңқыболыпжасалынды.Қоғамдаазық-түліктіңкөбеюінебайланыстыартықзаттардыайырбастау, осындайайырбассаудабарысындабайлықтыңқорлануыетек ала бастайды. Мал шаруашылығыныңқарқындыдамуықоғамдықалғашқыіріеңбекбөлісінтуғызды, басқаларданөзалдынабақташыларбөлініпшықты. Солсияқтыегіншіліккәсіптебіразөзгерістерболады. Өңделіпегілгенжерлердіңкөлеміөседі. Бұлөзгерістерқоғамдықеңбектеүлкенбөлінудітуғызып, матриархаттыққатынастарпатриархаттық-рулыққатынастарменауысабастады.Патриархаттықотбасылыққауымныңбірнешесатыданөткенінайтукерек. Ертекездемұндайқауымдарәкежағынантуысадамдардыңтөрт-бес ұрпағынанқұраладыжәнеаумағы 200 шаршыметрдей, немесеодан да кеңүлкенүйлердебіргеөмірсүрді. Әрбірпатриархаттық-рулыққоныс-мекеносындайбірнешеүйлерденқұралатынеді.Отбасылыққауымотбасылық-өндірістікұжымболды, ал ұжымдықеңбектұсындаөндірісқұрал-жабдықтары мен өндірілгенөнімортақменшіккеайналды.Кейін, әсіресесоңғықоладәуіріндекейбірматериалдықжағынанкүшейіпалғанпатриархаттыққауымдарбарғансайыноқшауланатүсті. Мұныңөзіалғашқықауымдыққұрылыстыңыдырауына, отбасылықменшіктіңпайдаболуынаәкелді.

62-билетКенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі. 1838 ж. Кенесары туының астына мыңдаған сарбаз жиналды. Оны қолдағандар арасында орта жүз бен кіші жүз рулары - қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, шекті, алшын, керей, жаппас арғын т.б. Сондай -ақ қарақалпақ, қырғыз, өзбек түрікмен өкілдері де болды.Кенесары қарсыластары Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сұлтандары Ахмед пен Мұхамед Жантөриндер, сұлтан Баймағанбет Айшуақов болды. Өзінің туыстары Әли мен Сүйікте қарсы болды.1838 ж. көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскеріне қарсы жоспарлы күрсе жүргізді. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шожарларға күрес бастады. Оның атағы жайылды. 1841 ж. қыркүйекте Кене үш жүзден адам жинап әкесіне ас берді. Осы астан кейін оны халық хан етіп сайлады.Кенесары ел билеу тәртібін өзгертті. Алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық, керуен салық алынатын болды. Мемлекеттік құрылыс өзгерді. Хандық кеңес құрылды. Кеңесіп шешетін жоғарғы органдарға ханға берілгендер кірді. Жасақтар жүздіктерге, мыңдықтарға бөлінді. Кенесары орыс үкіметімен тату көршілік жасауға тырысты. Алайда Батыс Сібір губернаторы Горчаков Кенесарыны менсінбеді. 1841-42 жж. Кенесары жасақтары Қоқандықтарға қарсы соғыс жүргізді. Созақ, Сауранды алды. Қоқандықтар Кенесарымен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Бұхар әмірі, хиуа хандығы Кенесарымен оң қатынаста болды. 1843 ж. Орынбор ген-губернаторы Перовский кетіп, орнына Обручев келді. Ол Горчаковпен бірге Кенені қуғындауға кірісті. Кенеге қарсы орыс соғысы 27 маусымда басталды. Ырғыз өзені бойында патша әскерінің бір тобымен кездескен Кенесары патша үкіметімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтып соғысты болдырмады. Кенесарыға қарсы сұлтандар Жантөрин, Айшуақов, полковник Генс және Бизянов бастапан бес мың әскер де жіберілді. 1-7 қыркүйекте екі жақ арасында соғыс жүрді. Екі жақта жеңе алмады. Күз түсе патша әскері Ор бекінсіне қайта оралды.1844-45 жж. көтеріліс өрледі. Оған Сыр бойының, оңтүстіктің қазақтары қосылды. Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. 1844 ж.жазында Кене жасақтарын құрту, халық қозғалысын басу үшін, Ор бекінісінен, Ұлытаудан, Тобыл өзенінен патша әскерінің үш тобы шықты.Негізгі күшпен Константиновск (Ақмола) бекінісін шауып, Жантөрин әскерін қоршайды. Ондағы 44 сұлтанды өлтірген Кенесары әскері 1844 жылы 14 тамызда Екатеринск (Атбасар) бекінісін тіке шабуылмен басып алды. Кенесары жасақтары Мұғалжар тауына барып бекінеді. 1844 ж. Кенесары табысы оның даңқын асырды. Кенесарымен келіссөз жүргізу үшін патша үкіметі Долгов бастапан бір топ адам жіберді. Кенесары оларды екі ай ұстап, Орынбор генерал-губернаторына хат жазып, оларды аттандырып жіберді. Ол хатында патша бекініс-қамалдарды бұзып, зорлықты тоқтатса, Ресейге бодан болуға әзірлігін білдірді. 1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударып,Қоқан хандығына шабуыл жасауды , сөйтіп олардың қол астындағы қазақтарды босатуды көздеді.1845 ж. қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады.1846 ж. жазда Кене мыңдай жасағымен Қырғызға бет алды. Хан солтүстік қырғыз манаптарынан өзіне бағынуды талап етті. Қырғыз манаптары Орман, Жантай, Жанғараш тайпалар құрылтайын шақырды. Бірақ қазақ ханының бұйрығын орындаудан бас тартқаннан1847 ж. сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. Кенесары Тоқмақтың маңында Кеклік сеңгірі деген жерде қамауға түсті. Оны қамаған қырғыздар, генерал Вишневский жасағы, Қоқан хандығы әскері болды. Жау тобын бұзып өткен Наурызбай тобы болды. Бірақ аз адамымен Кенесарының қолға түскеін естіген соң, жауға өз еркімен берілді. Жау екі батырдың да басын шапты.

20. Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.б.).Мәдениеті Батыс түрік қағандығының халқы аздаған диалектілік айырмашылығына қарамастан,бірыңғай түркі тілінде сөйледі. Орхон жазуы кең таралып, мәдениеттің дамуына игі әсерін тигізді. Орхон жазуы бар тастар қазір көп жерден табылды. Оны тұңғыш рет оқыған атақты дат ғалымы Томсон болды. VI-VII ғ-дан қалған үш ескерткіш- Білге қағанның, оның інісі Күлтегіннің және Тоныкөктің құлпытастарына жазылған жазулар еді. Бұл еск-р әдеби жанры жағынан қазақ әдебиетіндегі батырлар жырына ұқсайды. Тон-к Білге қағанның қайын атасы және әйелі қолбасшы. Ол жас кезінде 13 жыл Жыңғоның астанасында тұрып,тәрбие алған. Осы еск-ті 716 жылы өз қолымен жазған. Тоныкөк қайтыс болғаннан кейін бұл ескер-ш оның моласына қойылған.Тарихшы Ма Шаңшудың айтуынша:’Осы Тоныкөк Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен Қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан адам’. ХІІІ ғасырдың басында найман Таян ханның хатшысы болып,кейін Шыңғыс ханға тұтқынға түсіп, оларға ескі ұйғыр жазуын үйреткен Тататунға осы Тоныкөктің ұрпағы екен. Жоңғоның жазба деректері б/ша VII ғ-ң басында Батыс түрік қағандығында жазба әдебиет дамып, әдеби дәстүр қалыптасқан. 630 жылы Батыс түрік қағандығының астанасы Суябқа келген Шуан Заң өзінің естелігінде:»Түрік жазуы 25 дыбысқа негізделіп жасалған,ол жазба нұсқаларда солдан оңға қарай көлденеңінен оқылады.VII ғ-ң 30 жылд-н бастап Батыс түрік қағандығында өкімет билігіне таласқан ішкі талас-тартыс, қырқыстар үдей түсті. Наразылық білдірген тайпалар Таң патш-на көшіп кетіп отырды. Бұлардың арасында ұзаққа созылған қанды шайқас басталды. Батыс түрік қағандығы жеңіліс тапты,VIII ғ-ң басында Батыс т-к қағ-ғы құлады. 704жылы соңғы қағанын Құлан қаласында түркештер өлтірді. Б . Т қағ-ң орнына Түркеш қ-ғы құрылды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы