Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

43.Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.

Қазақ хандарының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы Қасым 1445ж шамасында туған. Қазақ хандығы өзінің ең жоғарғы қуаттылығына 16ғ-ң 1-ширегінде, әсіресе, Қасым ханның тұсында жетті. Іс жүзінде ол елді Мұрындық кезінде-ақ басқара бастады. Оның басқаруынан бастап, билік жүргізу Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті. Мұрындық пен Қасымның өзара қарсыласуының кезінде-ақ Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне бірнеше жорық жасады. 1510ж Мұхаммед Шайбани Сығанаққа келді, бірақ Қасым әскерінен быт-шыты шыққан жеңіліске ұшырады. Талқандалған, әрі тарыдай шашылған өзбектердің тірі қалғаны Самарқанға қашты. Сол жылдың соңында Мұхаммед Шайбани Мерв түбіндегі Хораанда Иран шахымен шайқаста қаза тапты. Қасым ханның тұсында қазақ мемл-ті туралы батыс елдеріндегілер де білді. Қазақ халқының саны 1 млн-ға жетті. Қазақ хандығы Москваға елші жіберіп, өзара байланыс бастады. Қазақ хандығының терр-сы бат-да Жайыққа, солт-де Қарқаралыға дейін, солт.шығ-да Балқаш, шығысында Жетісу аймағын, оңт-де Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймағын иемденді. Қасым қайтыс болғаннан кейін, 20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады. Қасым ханнан кейінгі мемл-ң әлсіреуіне тойтарыс беріп, оны бұрынғы қалпына келтіру бағытында үлкен табыстарға жеткен көрнекті қазақ ханы Ақназар болды. Ол ойраттарға және моғол ханы Әбдірашидке қарсы күресті. Сүйтіп, шығ-ғы және Жетісудің оңт-гі қазақ жерлерін басып алушылықтан уақытша болса да, сақтап қалды. Сібір ханы Көшімнің жауластық әрекеттеріне төтеп беру үшін Ақназар өзбек ханы Абдоллахпен одақтастық қарым-қатынас орнатты. Ақназар өзінің әкесі Қасымнаң тұсындағы қазақ хандығының көлемді аумағын құраған жерлерге деген қазақтардың құқын қайта қалпына келтіруге тырысып бақты.

46. Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздер – қазақ халқының этнотерриториялық ұйымы. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

50. Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі). Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

56-билет.Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы. 1726ж. Ордабасы деген жерде (Қазіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүздері басшыларының тарихи жиналысы болды. Тор-ғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Белеуіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүсті-гінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен 120 шақырым қашықтықтағы Итішпес кө-лінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери күш–қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жер-ді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шайқаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қазақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра бер-ді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жорығын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандық-тан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жеріне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайтадан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батыс-қа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұлтан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бір-ге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқан-нан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен мен Абылай арасында формалды түрде дос-тық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармайды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйек-те 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына ба-сып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқталып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржолата қуылды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы