Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
52
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

1. Қазақстан тарихы ғылым және пән ретінде (пәннің мақсаты, деректемесі).

Бүгінде Қаз. өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Респ. Тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемл.-ке айналды. Жаңа азаматтық қоғам ж-е президенттік басқару нысанындағы демократиялық мемл. дүниеге келді. Жаңа әлеуметтік саяси ж-е экон-қ шындықтар Қаз. Халықтарының сана сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықалас та қауырт өсті. Болып жатқан өзгерістерге өткен кездерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қаз.-ның тарихи өткен жолының объективті, идеялогиялық конъюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түзетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады. Қаз. Тар-ң міндеті өзін түркі халқының қара шаңырағы – Қаз.-ды өзінің отаны, елі, сол мемл.-тің патриоты боламын деген адамға осы жерде кімдердің мекен еткенін, олардың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, солардың салт-дәстүрін, рухани ж-е материалдық байлығын, біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, билеріміз тарихи тамырымыз жайылған кең байтақ өлкені бүгінгі ұрпаққа көзінің қарашығындай етіп сақтап жеткізгені, осы күнгі жастардың осы ата-баба ізін жалғастырып, оны қасық қаны қалғанша қорғауға, дінін, тілін қорғауға тарихи әділдік беретін бір-бірден құрал. 1)Археологиялық ескерткіштер: тұрақтар, обалар, қорғандар, қалашықтар. 2) Этнографиялық ескерткіштер: үй, табақ, салт дәстүр, әдет ғұрып, құрал саймандар. 3) Халық ауыз әдебиетінің ескерткіштері: эпос, фальклор, шежіре, аңыз, қисса. 4) Жазба әдебиет ескерткіштері: а) Антик авторлар: Авеста, Геродот, Страбон, парсы тіліндегі Ахеменид кітабы, Қытай жазбалары ә) Ежелгі түркілердің руникалық ескерткіштері б) Араб-парсы авторлары в) Орыс жылнамалары. г) Европа тілдеріндегі деректер Марко Поло, Плано Карпини, Вильгельм Рубрук. ғ) Жергілікті авторлар: Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Мұхамед Дулати, Қадырғали Жалаири, Әбілғазы. д) Ресей тарихшылары: Миллер, Фишер, Балас, Левшин (қазақ тарихының Геродоты), Потанин, Уалиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшхұр Жүсіп Көпеев е) Кеңес тарихшылары: Асфиндияров, Тынышбаев, Досмұхамедов, Галуза, Ляпкин, Рязанов, Марғұлан, Бекмаханов, Гумелев.

2. Қазақстандағы палеолит кезеңінің зерттелуі. Тас дәуіріндегі еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.

Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувай дәуірі деп аталады. Ол б.з.б. 2,5 млн. жылдан басталады.Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді

24. Қарлұқ мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.Қарлұқтар жайлы алғашқы деректер(Болат деген атпен белгілі) 5ғ-ға жатады. Олар Алтайдан Балқаштың шығ.жағалауына дейін жайлаған көшпелі тайпа болған. 7ғ-дың ортасында қарлұқ бірлестігінде үш ірі тайпа: болат, шігіл, ташлық енді. 742ж осы үш тайпа одағы – қарлұқ, ұйғыр және басмылдардың біріккен күші Шығ.Түріктерге қарсы шықты. Түріктер жеңілді. Олардың қағанатының орнына жаңа мемл-т Ұйғыр қағанаты п.б.(744-840)756ж қарлұқтар ұйғырлардан жеңіліп Жетісуға келді де, ерте феод. мемл-т қарлұқ қағанатын құрды. Астанасы – Суяб. 766-775жж қарлұқтар қашғарияны, ал 8ғ-дың аяғына қарай Ферғананы да жаулап алды. Қарлұқ көсемі жабғу деп аталды. 840ж-дан кейін ғана қаған атағын алды. Араб географы әл-Маруази(12ғ) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болған дейді. Қарлұқтар үстемдік еткен халық этникалық жағынан біртектес болған жоқ. Оның ішінде таяу шығыс пен орта азиядан көшіп келген иран тілдес соғдылықтар да болды. Араб географы ибн Хаукаль(10ғ): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды»,- деп жазған. 840ж Ұйғыр қағанатының құлауы Азия даласы үшін маңызды оқиға болды. Енисей қырғыздары ұйғырларды Тұрпан жазирасы мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға мәжбүр етті. 9ғ-да арабтар қарлұқ жеріне жорық жасап Исфиджабты жаулап алды, Таразды қоршады. Ұзақ қорғаныстан кейін қала халқы исламды қабылдады. Қарлұқ қағанатының ордасы Тараздан Қашғар маңына көшірілді. Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ мемл-нде басқарудың әскери әкімшілік жүйесі болды. Дерекке қарағанда қарлұқ елінде 25 қала мен елді мекен болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Барысхан және т.б.

26. Қарахан мемлекеті: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

942-1210 жж. Қарахан әулетінің негізін салушы-Сатұқ Боғра хан (Білге Құл Қадыр ханның немересі 915-955жж.). Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде құрылды. Орталығы Баласағұн қаласы. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра-хан саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп шығып билікке келеді. Қарахандар тұсында Қазақстанның оңтүстік- Шығыс және Оңтүстік аудандары халқының негізгі кәсібі экстенсивті көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды.Мал шаруашылығында жылқыьөсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген тайпалар отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі мен ірі қара өсірді. Сиыр малын негізінен жартылай отырықшы мал өсірушілер ұстаған. Аң аулау жартылай отырықшы және жартылай көшпелі халық топтары үшін тіршілік ету көздерінің бірі болды.11-12 ғасырларда түрік тайпаларының біразы егіншілікпен айналысуға көшіп, қала мәдениетімен араласа бастады.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының отырықшы егіншілікпен байланысы ұлғайды. Отырықшылануды негізінен халықтың ьір бөлігінің малынан айырылуы, көшпелі шонжарлардың мал табандарын өз қолдарына шоғырландыруы туғызды.Отырықшыланғандар тары және басқа дәнді дақылдар өсірді.Бұрынғы көшпелі отырықшы бола отырып, мал шаруашылығынан қол үзбеді;Алайда халықтың негізгі бұқарасы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен одан әрі шұғылданғандықтан, тіпті отырықшы- егінщілік аймақта да егіншіліктің деңгейі біршама төмен болды.

27. Қарахан мемлекетінің қоғамдық-саяси құрылысының ерекшеліктері.Сатұқ Боғра-хан өлген соң билікті 955 ж баласы Мұса қолға алды, ол 960ж ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жарилап, мемлекет орталығын Қашғар қаласы жасады. Сатұқ Боғра-ханның екінщі баласы Сүлеймен-ілік Баласағұн қаласында билік жүргізді. Мұса қаза болған соң орнына Әли Арсылан(960-990ж) хан болды. Ол Қашғар мен бірге Тараз және Баласағұнның да билеушісі болып саналды. Осы кезден Сатұқ Боғра ханның екі баласы Хасан Боғра хан мен Әли Арсланның арасында билік ауысып отырды.Қарахан мемлекеті Шығыс және Батыс-екі иеліктен тұрды.1.Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан. Орталығы Баласағұн қаласына жақын Орда кейін Қашғар қаласы.2.Батыс хандық Маураннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самархан болды. Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі саналған:Шығыс хандық.Сондықтан оның ханы «ұлы хан» болып есептеледі. Бірақ бірлік онша сақталмады.12 ғасырдың 30-шы жылдарында шығыстан қарақытайлар Жетісуға басып кірді. Олар 1141ж Самарқанға жақын Қатуан даласында селжұқтар мен Қарахан әскерін жеңіп, Бұқара қаласын, Маураннахрды жаулап алады. Қарақытайлар да мемлекеттің басқару жүйесіне өзгеріс енгізбеген.Өздері тыңдайтын хандар арқылы билігін жүргізіп отырған.Селжұқтардың әлсіруіне байланысты Хорезм хандығы күшейе бастады. Текеш билігі кезінде Хорезм мемлекеті қарақытайларға соққы береді. Хорезм шахы Мұхаммед 1212ж Қарахан мемлекетін біржолата құлатады.Ал шығыстағы хандықты найман ханы Күшлік басып алады.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы