Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

84. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Петроградтағы Қазан төңкерісі.

1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.

Оның себептері:

1) Монархияның ауыр мұрасы

2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.

3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.

Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.

Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.

1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.

1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.

Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

90. Хх ғ. 20-30 ж. Қазақстандағы мәдени жаңарулар.

Мәдени курылысты жузеге асыруда коптегн кедергілер кездесті: Ұлт зиялылардың аздығы, ұлы державалық шовинизм, материалдық технткалық базаның болмауы. 1924 ж сауатсыздық жойылсын қоғамы құрылды. 1921—27 ж екі жүз мың адам оқып, сауатын ашты. 28ж аяғында сауатты адамдар 25%, қазақтар 10%. 1926 КАКСРДЕ Бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды. 1924-1925ж РКФСРде аагртуга 30 тиын, КАКСРде 68,9 тиын. Мәдени құрылысын жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды. А Байтұрсынов Суретті әліппені, Ж аймауытов Қос тілдік және ана тілінде оқыту әдісемесін, Бокейханов географиялық оқулығын, Сатбаев алгебра окулығын құрастырды. 1928ж араб әрпі мен латын әрпі мен 40ж кириллицамен ауыстырылды. 1931 Ж 15-50 ЖАС аралығындағы сауатсыхз халыққа жалпыға бірддей міндетті білім беру енгізілді. 1930-31 оқу жылдарында отырықшы аудандарда, кошпели аудандарда жалпыға бірдей оку енгізілді. 1939ж жалпы халықтың сауаттылығы 65% , қазақтар арасында 40%. 1928 ж тұнгыш пед институт, 1929ж алматы зоотехникалық малдәрігерлік инмһституты, 1930ж қазақтын ауылшаруашылық институы, 1931ж алмаыт мединституты, 1934ж Киров атындағы казақ мемлекеттік университеті ашылды. Ұлы Отан сог карсанында 20 жогары оку орны, 118 орта арнаулы оку орны болып, 40 мыңдай адам оқыды. 20-30ж ғылымның қалыптасқан кезеңі. 1926ж Массон Әулиеатада казба жұмыстарын жүргізід, 1932 ж КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды. Екі секторы: Зоология және ботаника, Алматыдағы ботаника бағы. Республика одақ бойынша түсті металдар барит, сурьма қорынан бірінші, мунайдан екінші, комирден ушинши орын. Тар жол тайғақ кешу С Сейфуллин, Азамат Азаматович Майлин, Картқожа Аймаууытов, Жұмбақ жалау Муканов. Кеңестк поэзиясы толыға түсті; Кокшетау Сейфуллин, Сұлушаш Муканов, Кулагер Жансугіров. Бокейханов шебер аудармашы ретінде белгілі болды. 1935ж Жамбылдың тоқсан жасұа толуы одақ бойынша атап отилди. 1938ж Мәскеуде қазақ онерінің алғашқы онкүндігі откізіліп, Қыз Жібек жалбыр опералары откізілді. К Байсейтиева КСРО халық артисі атанды

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы