Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

63-БилетҚазақ халқының XIX ғ. 50 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістері. Ж. Нұрмұхамедов, е. Көтібаров.

19-ғ. 2-ж. Сыр бойы қазақтарының жағдайы өте ауыр болды. Мұндағы шекті, төртқара, шөмекей рулары Отырықшы қазақтар егіншілікпен айналысты.хиуа, Қоқан феодалдары Сырдың төменгі ағысы бойындағы Ырғыз, Торғай, Ембі өзендерінің бойындағы қазақтарды билеуге тырысты. Сырдың төменгі ағысы бойындағы Жаңадария және Қуаңдария алқаптарын басып алды. Онда әскери бекіністер салды. Қазақтардан зекет пен ұшыр алды.хиуа, Қоқан езгісіне қарсы Сыр қазақтары көтерілді. Оны әлім руынан шыққан Жанқожа Нұрмұхамедов (1780-1860) басқарды. Оның жасақтары бұған дейін 1838 ж. Кенесары әскерімен бірге Созақ қамалын қамауға қатысты. 1843 ж. Жанқожа батырдың жасақтары Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады. 1847 ж. Хиуа хандығының әскері өзен бойындағы қазақтарды жақсы жерден айыру үшін, Қуандария өзенін бөгеп тастады.Бұл кезде Сыр қазақтары солтүстік-батыс жақтан қауіп туғыза бастапан орыстарға қарсы шыға бастады. Өйткені 1849 ж. Райым бекінісіне Орынбор казак-орыстарының алғашқы 26 жанұясы қоныстанды. Олар қазақтарды отырған жерінен ығыстырды. 1853 ж. орыс әскері Ақмешітті басып алды. Сөйтіп Сырдария әскерижелісі пайда болды. Оған Райым бекініснен Ақмешітке дейінгі жерлер кірді. Бұл жерде орыстар қатаң тәртіп орнатты. 1857 жылға дейін үш мың қазақ отбасы жерінен айрылды. Орыстарға қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж. желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. Көтеріліс бүкіл Қазалы өңірін қамтыды. 1857 ж. қаңтарында 5000 адамға жетті. 1856 ж. соңында Жанқожа Қазалы фортын қоршады.Көтерлісшілерге Қазалы фортында орналасқан Михаиловтың отряды қарсылық көрсетті. Оның құрамында казак-орыс жүздігі, елу жаяу әскер, бір зеңбірек болды. Көтерілісшілер жеңіліп қалды.1856 ж. 19-23 желтоқсанда көтерілісшілер тобы майор Булатов бастапан тағы бір отрядпен шайқасты. Көтерілістің таралуы үкіметті қорқытты. Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастапан әскери топ келді.. Көтеріліс жеңілді.Көтерілістен кейін Жанқожа халықтан бөлініп, тек бидің қызметін атқарды. Есет Көтібарұлы бастапан Кіші жүз көтерілісі 1853-1858 жж. болды. Көтерілістің шығу себебі- Арал теңізінің батыс жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өзендерінің бойын мекендеген шекті руына түтін салығының салынуы, әскери мақсат үшін күш-көлік алу, бекініс салынуы салдарынан жер талылуы себеп болды.1855 ж. көтерілісті басу үшін Орынбор әкімшілігі сұлтан Арыстан Жантөрин басқарған қазақ жасақтарын жіберді. Оған сұлтан Тәукин, ал Орал бекінісінен майор Михайлов казак-орыс әскерімен аттанды. Екі жақ арасында қырғын соғыс болды. Сол жылдың 8 шілдесінде Есет жасақтары Жантөриннің лагеріне шабуыл жасайды. Оны өлтіреді. Бірақ қару жоқтығынан көтерілісшілер шегінеді. Қолға түскен Есеттің 18 адамын патша үкіметі Сібірге айдап, 3 адамын атады. 1858 ж. қыркүйекте Бородин басқарған патша әскері Есет бастапан көтерілісшілерді Сам құмында талқандады. Есет көтерілістен бас тартып, үкіметке адал қызмет етуге уәде берді.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы