Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

76. Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.

Тұңғыш ғалым-зерттеуші, саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін оны Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберді. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында оның адъютанты бола жүріп, Шоқан халық ауыз әдебиетін жинап, жазып алды. 1856 жылы Ш.Уәлихановтың ірі ғалым, географ П.П.Семеновпен танысуы, оның кейінгі шығамашылық өміріне зор ықпал жасады. Сол жылы ол Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қарай Ыстықкөл көліне: дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты.1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да барып, қырғыз эпосы "Манасты" жазып алады, халықтың ауызекі әдебиетін зерттейді. Ыстықкөлге экспедициясы нәтижесінде, Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" атты еңбектерін жариялады. 1857 жылы Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып сайланды.1858 жылы Ш.Уәлиханов Қашқарияға Марко Поло мен Геостан (1603) кейін, бірінші болып барды. "Алтышардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бұхария) шығыстың алты қаласының жағдайы туралы (1858-1859 ж.ж.)" әйгілі шығармасы осы кезде дүниеге келді. 1860 жылы Шоқан Соғыс министрінің шақыруымен Петербургқа келіп, мұндағы ғылыми ортамен танысты.Ш.Уәлиханов сондай-ақ өлкені басқаруды қайта құру шараларына да ат салысты. Бұл жөніндегі оның ұсыныстары үкімет атына жолдаған "Даладағы мұсылмандық туралы", "Көшғелі қырғыздар туралы), "Көшғелі қырғыздар туралы", "Сот реформасы туралы жазба" деген "Жазбаларында" көрініс тағқан.1864 жылы көктемде Ш.Уәлиханов Черняевтің оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу мақсатындағы экспедициясына қатысты. 1865 жылы наурызда өкғе ауруынан қайтыс болды.

71.Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы

ХХ ғасыр басында өлкенің жағдайына теріс әсер еткен факторлардың бірі - аграрлық саясат болды. Қоныс аудару қозғалысы жанданды. Қазақстанның территориясы бірнеше қоныс аудару аймақтарына (Торғай, Орал, Семей, Сырдария, Жетісу) бөлінді. "Қоныс аудару қорын" құру үшін құрылған Қоныс аудару мекемелері "артық" жерлер іздестіруге кірісті. Әрбір қазақ отбасы 15 десятина үлес жер алып, қалған жер Мемлекеттік меншік министрлігі қарамағына берілуі тиіс болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауы, әсіресе, "Столыпин реформасы" кезінде күшейді.1906 жылы Ресей премьер-министрі болып тағайындалған П.А.Столыпин деревняда аграрлық буржуазия - кулак жасауға кірісті. Оның реформасы бойынша шаруаларға өз үлестерімен қауымнан шығып, хутор құруларына еркіндік берілді. Столыпин бұл мәселені шешуге астық егуге қолайлы өңір - қазақ даласын пайдаланды. Ресейден қоныс аударушы шаруалардың Қазақстанда кулак шаруашылықтарын құруына түрлі жеңілдіктер жасалынды. Хутор үшін 45 десятина қолайлы жер, және 15 десятина егін салатын жер бөлінді. Жер бөлуші ұйымдарға жергілікті кедейлерді орындарынан көшіріп, шаруа-кулактарды қоныстандыруға рұқсат берілді.Қоныс аудару қозғалысының нәтижесінде 1895-1905 жылдары далалық облыстарға 294 296 адам, ал 1906-1910 жылдары 770 мыңнан астам келімсектер келді. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер, 1906-1912 жылдары 17 млн. десятинадан астам, ал 1917 жылы барлығы 45 млн. десятина жер тартып алынды. "Столыпиннің аграрлық саясаты" қазақтарды жерінен айырумен қоса, олардың өлкеде үлес санының азаюына да бастама болды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы