Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.03 Mб
Скачать

70.Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.

Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714-1720ж Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков, Өскемен.

Патша үкіметінің мақсаты: қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.

Патша үкіметі Жайық бойына бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерді басып алып, орыс помещиктеріне казак-орыс қоныстанушыларына таратып беру саясатын ашық жүргізу бастады.

1735ж – Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.

1743ж Орск қалашығын Орынбор деп атады.

18ғ 50-60 ж – патша үкіметі Қазақ елін тәуелді ету мақсатында әр қилы шараларды жүзеге асыруға кірісті. Ресей билеушілерінің көздеген мақсаты:

1)Шырайлы, сулы мол жерлерден қазақтарды ығыстыру; 2)Жерсіз казак-орыстарды осы аймақтарға орналастыру.

Петербург билеушілерінің арнайы нұсқаулары жарияланды:

1742ж-Жайық өзені бойында қазақтарға мал жаюға тыйым салды.

1756ж 2 кыркүйек - Жайық жағасына жақын жерлерге қазақтарға мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды.

1757ж 24 желтоқсан-Кіші жүз ханы Нұралыға Жайықтан мал айдап өтуге қазақтарға тыйым салынғандығы жөнінде шешім тапсырылды.

Ертіс пен Жайық жағаларына мал жаю үшін қазақ феодалдарының орыс әкімшілігіне аманат тапсыруы міндеттелді.

1757-1758жылдар –Орынбор өлкесін басқарған П.И.Рычков пен Л.И.Тевкелев 1756жылғы үкімет шешімін ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді. Сондықтан аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. Орынбор губернаторы А.Г.Давыдов тұсында қысым қайта күшейді. Ертістің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді бекініс коменданттары иеленіп алды. бекіністерден алғашында 10 шақырым, кейін 50шақырым жерге дейін қазақтардың мал жаюына тыйым салынды.

1760ж-Ертіс өңіріне Ресейдің әр түпкірінен жерсіз шарулар, қылмыскерлер, Дон казактары әкеліп қоныстандырылды.

1799ж 21 қараша –император І Павел жарлығымен Орта жүз қазақтарына(45000 отбасы) Ертістің оң жағасына мал жаюға, қайтадан қоныстануға рұқсат етілді.

Бұл шаралар патша үкіметінің Қазақстанды «аграрлық жаулап алуының» бастамасы болды.

86. Қазақ акср-ның құрылуы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің бастамасы (1919-1925жж.).

Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешовті бас етіғ, Орталық Атқару комитетін және Редус-Зеньковичті бас етіғ халық Комиссарлары Кеңесін сайлады. Қазақстандағы (1921-1922 жж.) Жер-су реформасы. 1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мақсаты Сібір, Орал казактары үшін Ертіс пен Оралдың сол жағалауындағы, Жетісу мен оңтүстік Қазақстандағы жерлерді өлкенің байырғы халқы қазақтарға қайтару болатын. Шаруалар нәтижесінде 1 млн.385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. "Қосшы" атты кедейлердің одағы құрылып, олар жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылы (Жаңа экономикалық саясат). 1921 жылы 8-16 наурызда партияның х съезі болды. Онда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды, еркін саудаға рұқсат берілді, жалдамалы еңбек, жерді жалға алу, кооперация дамуына қолдау көрсетілді.Жэс-тің ңәтижесі 20-жылдардың ортасында көрінді. 1925 жылға қарай халық шаруашылығы қалғына келтірілді. Өнеркәсіптің 60 проц., транспорт қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 26 млн. жетті. Ойыл, Қоянды, Темір жәрмеңкелері қалғына келтірілді. Сөйтіп, халық жағдайы, әл-ауқаты біршама көтеріле бастады.

88.Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).

. 1921-1922 жылдары Қазақстанда жер-су реформасы жүргізілді. Оның мақсаты Сібір, Орал казактары үшін Ертіс пен Оралдың сол жағалауындағы, Жетісу мен оңтүстік Қазақстандағы жерлерді өлкенің байырғы халқы қазақтарға қайтару болатын. Шаруалар нәтижесінде 1 млн.385 мың десятина жерге ие болды. 1921 ж. "Қосшы" атты кедейлердің одағы құрылып, олар жер реформасын жүргізуге белсене қатысты. ЖЭС жылдарындағы қазақ ауылы (Жаңа экономикалық саясат). 1921 жылы 8-16 наурызда партияның х съезі болды. Онда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты салықпен алмастырылды, жаппай еңбек міндеткерлігі жойылды, еркін саудаға рұқсат берілді, жалдамалы еңбек, жерді жалға алу, кооперация дамуына қолдау көрсетілді.Жэс-тің ңәтижесі 20-жылдардың ортасында көрінді. 1925 жылға қарай халық шаруашылығы қалғына келтірілді. Өнеркәсіптің 60 проц., транспорт қатарға қосылды. Мал басы 1922 жылмен салыстырғанда екі есе өсіп, 26 млн. жетті. Ойыл, Қоянды, Темір жәрмеңкелері қалғына келтірілді. Сөйтіп, халық жағдайы, әл-ауқаты біршама көтеріле бастады.

92.Казакстандагы индустрияландыру,ерекшеликтерми мен киыншылыктары. өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. академик Н.С:Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеп «ҚАКСР-і Кңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. академик Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп , бұл кен орны – мұнайға аса бай обл-ң бірі деп қорытындылады.- Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жеқазған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді.1927ж –Түркістан-Сібір темір-жол магистралінің құрылысы басталды.В.С.Шатов – құрылыс бастығы. Республика Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы.РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Рұсқылов – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы Т. Рұсқыловтың ұсынысымен комитет құрамына теміржол маманы, инженер М.Тынышбаев енгізілді.1931жқаңтар- Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.Түрксіб магистралі салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы:1.Орта сібір аудандарымен жалғастырылды.2.Елдің шығыс аудандар-ң экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті:3.Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.

  1. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.

  2. Тау-*кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.

  3. Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913ж деңгейінен 213 есе асып түсті.

Индустрияландыру ерекшеліктері:

  • Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде игеріліп өңдейтін орталық Орскіде салынды.

  • Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан негізінен Ресей мен Украинадан әкелінді.

  • Жергілікті мамандар жетіспеді.

  • Урбандалу процесі күшті жүріп қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді

93. Казакстандагы ауыл шаруашылыгын ужымдастыру. Байлардын мулкин кампескелеу,кулактарды жою,казктарды кушпен отырыкшыландыру.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру.Артель - жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал-саймандарды біріктіру. ТОЗ - жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. ЖЭС негізінде мал саны артты: 1929 жылы 40,5 млн-га жетті. 1925 жыл – Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдады. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн.га шабындық және 1,25 млн.га егістік жерді тартып алды.Индустрияландыру бағыты азық-түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді. 1928 жылғы қаңтар-ақпан – И.В.Сталиннің Сібірге сапары.Осы сапарында (1928 жылғы 3 ақпанда) Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаланды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы - 277 шаруа атылды.1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды.Бай-феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24.491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды:!0Орташалар байлар қатарына жатқызылды.2)Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді.3)Уәкілдер кедейлерді қоркыту арқылы, байларды көрсетуге күштеп көндірді.4)Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.5)Бай-кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру бағыты көзделіп, бай-кулактарды тап ретінде жою міндеті қойылды. Ұжымдастыру — бай-кулактарды тәркілеуден басталды;.Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.Партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады (1927 жыл желтоұсан). Негізгі ұстанымдар: 1)Еріктілік.2)Дербестік.3)Материалдық мүдделілік.4)¥жымдастыру сатыларына кезең-кезеңмен өту. \ ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС-тер (машина-трактор станциялары) құрылды.Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың кегізгі формасы ауыл шаруашылық артелі. Малды аудандардағы колхоз құрудың негізгі формасы – жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі. Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Ресейдегі колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте-бірте өтуі, еркіндік ұстанымдары бұзылды. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: 1)Қатал жаппай қуғындаумен террорга негізделді.2)Даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.3)Әкімшілдік күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.4)Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Белсенділер отырықшыландыруды жоспарланған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында-70%; Жымпиты ауданында-60%; Жәнібек ауданында-95% шаруашылык ұжымдастырылды. \ Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды: 1928 жылы – 2%, 1930 жылғы 3 сәуір – 56,4%, 1931 жылғы қазан – 65%. Азық-түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді: Шұбартау ауданында малдың 80% -ы мемлекетке етке өткізілді. Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды (ауданда 173 мың мал болған).Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілте болмасын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік ұстанымы өрескел бұзылды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай-кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды: жыл – 56.498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жыл – 5.500 отбасы жер аударылды. 1929-1933 жылдар – ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9.805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3.386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға –13.151 адамға үкім шығарды. 1933 жыл - ОГПУ үштігі 21 мың адамды қамауға алды. Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. \ 1930 жылғы 30 мамыр – республика Үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді. Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем-шөптің жетпеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9%-дан 3%-ға кеміді.Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87%-ы, жекешелердің 51,8% -ы малдан түгел айрылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды: жылы-313 мың адам; 1931 жылы- 755 мың адам; 1932 жылы- 769 мың адам қайтыс болды. 1930-1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40%-ы жаппай қырылды. \ \1932 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласынан саяси жер аударылғандар КСРО Орталық Атқару Комитеті төралқасына аштық айғақтары туралы жазды: «...аштықтың ауыр көрінісі етек алуда. Ит, және алуан түрлі өлекселер желініп жатыр. Тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені сонша. өліктерді жерлеуге шамасы келмеуде...» 1932 жылғы шілде – аштық апаты мен себептері туралы Ф.Голощекинге «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) жазылды. Онда көтерілген мәселелер: Орташаларға байлармен бірдей соққы берілді, сондықтан орташалар байлар жағына шығуда. Байлар малды қырып тастауға тырысуда.«Жалған колхоздарды» ұйымдастыру жалғасуда. Өлкеде ашығушылар саны көбеюде.1933 жылғы наурыз - РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Хатта көрсетілген деректер: «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшушілер саны артуда: Орта Волгада-40 мың, Қырғыз жерінде-100 мың, Батыс Сібірде-40 мың, Орта Азияда-30 мың, Қарақалпақ жерінде-20 мың қазақтар бар. Көшіп кетушілер Қалмак, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы». Ол қазақ халқын аштықтан құтқаруды өтінді.Қазақ зиялыларының өтініштеріне орталық тарапынан жауап болмады. Аштық әсерінен халық санының азаюы жалғаса берді:1)• Актөбе облысында 1930 жылы – 1 млн. 12500 адам болса, 1932 жылы – 725800 адамға кеміген (71%).2)Балқаш ауданында 1930 жылы – 60 мың адам болса, 1932 жылы – 36 мыңы қырылып, 12 мыңы басқа аймақтарға көшіп, 12 мыңы қалған. \ Жаппай жазалау мен аштык әсері халықты түгелдей көшіп кетуге мәжбүр етті. 1930 жылғы қаңтар – 1931 жылғы маусым аралығы – 1 млн. 70 мың адам (281.230 шаруа қожалығы) Қытай, Иран, Ауған жеріне т.б. көшті. Оның 616 мыңы қайтып оралған жоқ, 414 мыңы кейін елге оралды. Аштық зардаптары: 1930-1933 жылдары 2,1 млн. адам қырылды (барлық халық саны - 6,2 млн.)Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.\ Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы шаруалардың наразылығы алуан түрлі болды: 1)Қалалар мен құрылыстарға кету.2)Басқа аймақтарға, шетелге көшу.3)Белсенділерді, партия, кеңес, комсомол қызметкерлері, сот орындаушыларын өлтіру. 4)Қарулы отрядтар кұру.5)Көтеріліске шығу. \ 1929-1931 жылдарда өлкеде қарулы көтерілістер болып өтті.Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды: 1)Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.2)Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды.

99. Казакстан – майдан арсеналы.Соғыстың алғашқы кезеңінде 14атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылды. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы отыздан астам ұлттан құралды. Алматы, Жамбыл, Оңт Қаз. Нан шақырылған жігіттер 316 атқыштар дивизиясына жасақталды. Армия қатарында әрбір бесінші адам майданға аттанды. Еңбек армиясы құрылыды.27 әскери оқу орны 16 мың офицер дайындап шығарды.220 зауыт фабрика қазақстанға көшірілді. Көшірілген кәсіп орындардың жиырмасы қару жарақ пен оқ дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Қазақстан КСРОның негізгі өнеркәсіп базасына айналды. 1942 одақта өндірілген қорғасынның 85% , көмірдің 1/8 бөлігі, молибденнің 60% берді. 1943 ж. Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды. Ш. Берсиев тарының гектарына 201 ц алып, 1943 ж дүниежүзілік рекорд жасады. Дацкова тарының гектарынан 52ц жинаушы. 1942 қыркүйек комсомол деген жазуы бар 45 жауынгерлік машина Сталинград майданына жіберілді. 1942 1қыркүйек Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 20 қазан Қазақ радиосы Сталинградты қорғаушылар үшін С.Мұқанов Стаханов арнаулы радиохабарын ұйымдастырды.

Соседние файлы в папке 1.Қазақстан тарихы