Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RIM KYKYGY.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
910.34 Кб
Скачать

5. Сұрақ. Колондардан құқықтың жағдайы.

Колондарды бізге жақын ұғымда диқандар деп айтуға болады. Колондар - ерікті азаматтар болып, бірақ та құқықтық жағдайда Рум азаматтарымен сәйкес болмаған. Олардың құқықтық жағдайы жер иелеріне өте байланысты болған. Жерге ие болмай, колондар жерді жалдап алатын. Ал жалдайтын құны тым қымбат болған. Содан соң, колондар өмір бойы қарайдан шыққан жоқ. Рум колондарының жағдайы орыстардың крепостік диқандарға (крепостные крестьяне) сәйкес болған. Астық өсіріп, колондар өнімдеп көбін жер иесіне беретін. Құл болмай колон құл сияқты болатын.

Бірақ jus conubii,jus commercii бұларғa тараған. Әскерге де баратын (jus militarii). Jus suffragii, jus honorum бұларға тыйым болған жоқ, бірақ оларды пайдалануға мүмкіндік болған жоқ. Өйткені колондар жеріне өте байланысты болатын. Мұрагерлік құқықтар (testamento factio activa, tesamento factio passiva) болған, бірақта колондарда eшбір мұраға жарайтын мүлік болған жоқ.

Колондардың заманын колонат деген.

Тарих бойынша колонат феодал экономикасының тамыры, қайнар көзі болып шықты. Сол кезде құл иелену экономикасы жойылуға қарайтын.

Құлдар жұмысты бағынып істеген, содан соң еңбек өнімділігі биік емес болған. Одан кейін құлдарды қалай болса да тамаққа тойдыру, киіндіру керек еді. Ал колондар тамағын, киімін өздері тапқан, жұмысты құлдардан жақсы істеген. Өйткені еңбек пайдасы оларға да көп тиген. Осындай экономикалық жағдай құл иелену экономикасын, онымен бірге құл иелену мемлекеті бірте-бірте жойылған. Құл иелену қоғамдық құрылыстың орнына феодал қоғамдық құрылыс келген.

.

6 Сұрақ. Заңды тұлғалар.

Алдымен айтылған Рум азаматтары, латиндер, перегриндер, тағы басқалар жеке тұлғалар болған. Ал бірнеше азаматтар кәсіп бойынша бірге қосылса әлде бір іске берілсе бұны қазіргі заманымызда біз заңды тұлға дейміз. Осындай тұлға басқа заңды тұлғамен коммерциялық, құқықтық қатыныстарға бір аттан шығады. Бірақ Рум заманында заңды тұлға деген құқықтық ұғым болған жоқ. Бірақ бірнеше түрлі заңды тұлғаға сәйкес азаматтардың қоғамы болған. Мәселен ерлердің, етікшілердің, тағы басқа кәсіптік қоғамдары. Одан келіп діни қоғамдар. Осындай қоғамдар мүлікті бірге ұстаған. Мүліктің иесі жеке тұлға емес, қоғам болған. Қоғамдық мүлік заңды тұлғаның негізгі болып шықты. Ежелгі Румда қоғамдық мүлігімен қосылған кәсіптер және діни қоғамдар екі түрлі болатын. Біріншісі - корпорация (corporatio), екіншісі - муниципия (municipio).

Ad Patries - Аталарымыздан шықты (Латын мақалы.)

4 Тарау. Рум құқығыңдағы отбасы және неке туралы ұғым.

4.1. Рум құқығы бойынша отбасының ұғымы.

4.2. Агнаттық және когнаттық туысқандықтар.

4.3. Рум Неке жағдайы.

4.4. Әке билігі.

4.1.Рум құқығы бойынша отбасының ұғымы.

Тарих бойынша мемлекет пен құқықтан бұрын отбасы құрылған, содан соң отбасының мүшелерінің қатынастары алғашқы қауымдық құрылыспен басталады. Отбасының негізі үйдің иесі болатын. Латын тілінде отбасыны Familia деп атаған. Бірақ фамилияның ұғымы отбасының ұғымынан кеңдеу болатын. Өйткені, фамилияға отбасының басқа мүшелері де яғни, құлдар да, малдар да және басқа аспаптар да кірген.

Егер ер балалар үйленіп, сол familia мен бірге тұрса, оның әйелі мен балалары бір әкесінің фамилиясына қарайтын. Содан соң, латын тілінің Familia деген сөзді тиянақты отбасы емес, оны қазақша «үй» деп аударсақ дұрыстау болады. Үйдің иесін румдықтар paterfamilias деген. Paterfamiliasтың ұғымы тек отбасы жағдайынан ғана емес, құқықтық жағдайынан да шығады. Paterfamilias рум азаматтарының ең толық құқықтарына ие болатын. Содан соң оны persona sui iuris деп атаған. Үйдің басқа мүшелері Pater familiasқa бағынышты болатын. Содан соң оларды persona apieni iupis деп атаған, apieni - бөтен деген сөз. Одан әрі ежелгі заманда үйдің іші бәрі де Paterfamiliasтың жеке меншігі, мүлігі болатын. Сол кезде әйелді баланы мал сиықты сатуға, айырбастауға, тіпті өлтіруге де үйдің иесіне заң бойынша рұқсат етілген. Бірақ бірте-бірте тарих бойынша үйдің мүшелерінің құқықтық жағдайы түзеле бастады. Әйелдерді, балаларды бірте-бірте адам қатарына қосатын болды, тек қана құлдарды есептемейтін.

Бірақ олай болса да Paterfamiliasтың әйелі persona in manum mariti (қол астындағы персона деп айтылады). Үйдің иесі өлсе де, үйдегі барлық мүшелері әйелі болса да, үлкен баласы болса да, ол үйленсе де рум азаматтарының толық құқығына ие болмаған. Ал Paterfamilias қайтыс болса, оның орны ер баласына қалатын, үлкен ұлы әкесінің орнына Paterfamilias болатын. Ал өлген кісінің зайыбы жесір ретінде сол баланың қол астында қалатын. Баласы оған қамқоршы болатын, бірақ та сол жесірді күйеуі өлген соң persona sui iuris деп атаған. Рум фамилияның ішінде баланың баласы, яғни немересі, өзінің әкесіне емес, pater familiasқa бағынатын. Ал келіндер де өзінің күйеуіне емес, оның әкесіне бағынышты болады. Рум фамилиясында қазақтың отбасысы сияқты күшік күйеулер де болатын. Олар да pater familiasқa бағынышты болатын. Сонымен, үйдің іші толық persona alieni juris болатын.

4.2.Агнаттық және когнаттық туысқандықтар.

Туысқан адамдардың құқықтық қатынастарын біз туысқандық дейміз. Қазіргі заманда туысқандықтың бір ғана түрі бар деп есептейміз. Ал ежелгі Румда туысқандықтың екі түрі болатын. Оларды агнаттық және когнаттық туысқандықтар деп атайды. Агнаттық туысқандық рум фамилиядағы құқықтық жағдайда шықты, сол жағдай бойынша фамилияның үйінің ішінде тұрған жұрт бәрі де агнат туысқандар деп есептеген. Туған балалары келіндерімен, күшік күйеулерімен бірге одан әрі басқа отбасынан келген осы үйде тұратын кісілер paterfamiliasқа агнаттар болып есептелген, ал осы үйден бір қыз тұрмысқа шықса, ол агнаттық туысқандықтан айырылатын, өйткені сол қыз өз әкесінің билігінен шығып, басқа үйдің иесінің қол астына баратын. Одан әрі кейбір ұлдарды басқа paterfamilias заң бойынша асырап алса, сондай ұлдар, туған әкесіне емес, асырап алған үй иесіне агнат туысы болып шығатын. Мұрагерлік құқық бойынша, қайтыс болған кісінің мүлігі, алдымен агнат туысқандар арасында таратылатын. Содан соң күйеуге шыққан қыздар және басқа біреу асырап алған ұлдар, күшік күйеулер өз әкесінің мұрасына тек қана екінші кезекпен қатынасатын.

Ал когнаттық туысқандық дегеніміз – бұл кәдімгі қан бойынша туысқандық болатын. Ежелгі рум фамилиясы агнат отбасы болатын, бірақ та бірте-бірте Paterfamilias билігінің күші әлсіреп қалып, ал үйдің мүшелерінің құқықтық жағдайының күші артқан.

Содан соң бірте-бірте агнаттық туысқандықтың орнына когнаттық туысқандық келген. Мүлік қатынастары мұрагерлік құқығы агнат туысқандық бойынша емес, алдымен когнаттық қан бойынша, туысқандықпен жүргізілді. Ендігі мәселе үйден шыққан Paterfamiliasтың ұлы асырап алған үйде тұрған ұлынан әкесінің мұрасына алдымен шығатын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]