Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
RIM KYKYGY.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
910.34 Кб
Скачать

10.2. Міндеттеменің пайда болуы.

Міндеттеме пайда болу негізінің белгісі бойынша бөлінуі шарт- келісімдегі міндеттілікпен (ex contractu), құқық бұзушылықтағы міндеттіліктің (ex delicto) бір-біріне қарама-қайшылығына әкеп соғады. Біздің ғасырымызға дейінгі II ғасырда заңгер Гай өзінің институцияларында осы біліктілікті келтіре отырып, оны міндеттеменің ең маңызды бөлшектенуі деп атаған. Дамыған рум құқығындағы міндеттемеде айыппұлдың, жазаның мәні көрсетілген; ерте рсспубликалық құқықта жазалау мен айыппұл салудың мақсаты міндеттеменің негізгі маңызы болды.

Құқық бұзушылық, келісім болмағанда да әртүрлі көп жағдайлар кездесіп жүрді, бірақ соған қарамастан міндеттілік болды. Классикалық заңгерлер міндеттіліктің әртүрлі тараған түрлеріне нақты атау бере алмаған. Сол заңгер Гайды алсақ та, келісімнен шыққан міндеттілікті жеке көрсетіп, ал қалған жағдайларды, негіздің әр түрінен туған, бір жалпы міндеттілік атауымен белгілейді.

Бірақ та Рум құқығында кейде шарттардан сияқты және құқық бұзушылықттардан сияқты міндеттемелердің тұрлері болатын. Цивиль құқығы бойынша шарттар және құқық бұзушылықтар тек қана заңдардың ішінде көрсетілсе ғана шарт және құқық бұзушылық ретінде есептелетін. Ал претор құқығы бойынша кейбір шарттар және құқық бұзушылықтар заң тізіміне кірмесе де, өмірде болып қалса – есептелетін. Шарттардан сияқты және құқық бұзушылықтардан сияқты міндеттемелер осы өмірде болған, бірақ заң тізіміне кірмеген жағдайлардан шықты.

10.3. Міндеттемедегі тұлғалар.

Румдық заңгерлердің түсінігінде міндеттеме екі немесе бірнеше белгілі тұлғалардың қатал жеке қатынас сияқты көрсетіледі. Ол кредитор мен борышқор арасындағы қатал жеке байланыс сияқты қаралды.

Қатал жеке сипат сияқты міндеттілікке берілген принципиалдық көзқарас нақты нормалар қатарында тәжірибелік сөзге ие болды.

Міндеттемені белгілеумен, оны белгілеген тұлғалар үшін ғана белгілі заңдық салдар байланысы болды. Сондықтан, міндеттілікке өкіл арқылы енуге болмайды.

Осы себеппен, кредитор борышқордан келісім шартқа тұруда қатыспаған үшінші тұлға үшін небір нәрсені алу бойынша құрылған келісім шарттың да заңдық күші болған жоқ.

Елдің ішінде және одан шет шаруашылық өмірдің дамуымен, сауда қатынастарының қайта пайда болуымен бұл жағдайлар жеңілдене бастады: белгілі шектеумен өкілдікке рұқсат етілді.

10.4. Міндеттемеде тұлғаларды ауыстыру.

Міндеттіліктің мұра бойынша ауысуы.

Кредитордың талап ету немесе борышқордың міндеттілік құқылары, олардың қайтыс болуларына байланысты мұрагерлеріне ауысу өте ертеде пайда болды. Мұра құрамына енетін құқықта және міндеттілікте мұрагерді кабылдау ерте заманда жанұялық меншіктік сипатына сай болды. Мұның заңы бойынша үй иесі кредитор немесе борышқор ретінде енген міндеттілік жанұяның барлық мүшелеріне жалпы болды.

Цессия.

Міндеттіліктегі кредитор мен борышқорды, олардың тірі кезінде басқа тұлғамен ауыстыруға, ерте заманғы Римде мүлдем тыйым салынды.

Ішкі және сыртқы, шет саудаларының дамуына байланысты міндеттіліктің қозғалыссыз болуы шыдамсыз болды. Келісім шарттар күнделікті бола бастады: міндеттілік рим азаматтарының мүліктік құрамдарында көріну орынға ие болды.

Шаруашылық өмірде осы сұранысты қанағаттандыруда, талап ету құқын беру мақсатында өте ерте кезде міндеттілікті жаңартумен айналысты.

Міндеттілікті жаңартудың маңызы, бұл кредитор, борышқор және кредитор өзінің талап ету құқын тапсырғысы келген тұлғаның жалпы келісуімен, осы ақырғы тұлға борышқормен алдыңғы міндеттілікте болған мазмұнда келісім-шарт құраған, яғни, жаңа міндеттілікпен алдыңғы міндеттілікті ауыстыру мақсатында.

Өмір талап етуді тура тапсыруды (цессияны) талап етті. Осы мақсатта процессуалдық өкілеттік институтымен қолданды. Римдік түжырымдық процессінде сотта істі жүргізу талап етілуімен немесе жауап берілуімен емес, cognitor деп аталатын өкілетпен жүргізуге, егер ол белгілі талаптарға сәйкес тағайындалса немесе procurator егер дұрыс тағайындалмаса, рұқсат етілді.

Талап ету құқын басқа тұлғаға табыс ету үшін, өз құқын табыс етуші (цедент) кредитор, өз құқын тапсырғысы келген тұлғаны (цессионария) процесте өзінің өкілі ретінде тағайындаған, тек бір келісумен: бұл тұлға өзінен кейін алуды қалдыра алады.

Қарызды ауыстыру кредитор мен жаңа борышқор арасында міндеттілікті тоқтату мақсатында жасалған жаңа келісім шарт құрумен жүзеге асырылды.

10.5.Міндеттемені орындау.

Міндеттемені орындау борышқорды міндетінен босату үшін, бірқатар талаптарды орындау қажет болды:

- орындау өз мүлкімен өкілетті тұлғамен ғана орындалуы қажет;

- орындау, оны қабылдап алуға қабілеттілігі бар тұлғаға қатысты болу керек;

- орындау міндеттіліктің мазмұнына қатаң сәйкес келу керек. Дәлірек айтсақ, борышқор кредитордың келісімісіз міндеттілікті бөлшектеп орындай алмайды;

- орындау орны ретінде талап қоюға болатын жер анықталады, ал ондай жер деп борышқордың мекен-жайы немесе (тараптардың біреуінің тілегі бойынша) Рим саналды;

- міндеттілік келісім шартта көрсетілген немесе келісім шарттың сипатынан шығатын немесе оны құрастыру жағдайынан шығатын мерзімде орындалуы керек.

Егер мерзімі белгіленбесе, онда міндеттілік кредитордың алғашқы талабы бойынша орындалуы керек.

Мерзімінен ерте міндеттілікті орындау кредитордың мүддесіне тимесе ғана рұқсат етілді.

Борышқордың міндеттілікті орындамағаны үшін жауапкершілігі.

Римдік құқықта борышқордың жауапкершілігі кінә принципі бойынша құрылды: борышқор кредитор үшін туған залалда кінәлі болса ғана жауап беретін болды. Борышқордың кінәсі әр деңгейде болды. Кінәні ең ауыр және рұқсат етілмейтін формасының түрі болып, қасақана зиян келтіру - dolus саналады, мысалы, бірінші тұлға пайдаланып жүрген немесе оған кепілдікке, сақтауға берген затты басқа тұлғаға беруге міндетті тұлға, бұл затты меншіктікке залал келтіру мақсатында бұзса немесе жоқ қылып жіберсе.

Кінәнің келесі формасы - culpa - абайсызда, салақтықпен деңгейге бөлінді: қатаң абайсыздық және жеңіл салақтық.

Әрқайсысы тек қана өзінің кінәсі үшін ғана жауап беретін болды; борышқорға кінә қоя алатын жағдайда ғана ол басқа тұлғаның әрекеті үшін де жауап беретін болды.

Егер тұлға ықылас, қомқорлық көрсетіп, ал зиян бәрібір де тисе, ондай зиян кездейсоқ деп аталады, кездейсоқ (casus) үшін ешкім жауап бермейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]