- •Казахстан республикасының
- •Justitia-regnorum fundamentum - Әділет - мемлекеттің негізі (Латын мақалы)
- •1.3.Рум құқығының негізгі белгілері.
- •Ab Jove principium-Бастасақ,Юпитерден бастайық.
- •2.2. Рум құқығының құрастыру түрлері (формалары).
- •Алтыншысы (заңгерлердің жауаптары).
- •(Латын мақалы)
- •3 Тарау. Тұлға туралы ұғым.
- •4 Сұрақ. Құлдар және либертиндердің құқық жағдайы.
- •5. Сұрақ. Колондардан құқықтың жағдайы.
- •6 Сұрақ. Заңды тұлғалар.
- •Ad Patries - Аталарымыздан шықты (Латын мақалы.)
- •4 Тарау. Рум құқығыңдағы отбасы және неке туралы ұғым.
- •4.3. Неке жағдайы.
- •Judex lex fecit inter parties - Сот екі жаққа заң атқарады
- •5.2. Сот процестерінің пайда болуы.
- •5.3. Легисакциялық процесс.
- •Grata, rata et accepta - Ыңғайлы, қолайлы және заңды. (Латын мақалы)
- •6.4.Құқықтар коллизиясы және талаптардың бәсекесі
- •In medius res-Заттардың ішіне қара. (Латын мақалы.)
- •7 Тарау. Рум құқығындағы заттардың ұғымы.
- •7.1. Заттардың ұғымы және зат түрлері.
- •7.2. Зат құқығы және иелену.
- •7.2. Зат құқығы және иелену.
- •(Латын мақалы.)
- •8 Тарау. Меншiк құқығының ұғымы және мазмұны.
- •8.1. Меншiк құқығының ұғымы.
- •8.2. Меншiк құқығының түрлерi
- •8.3. Меншiк құқығын алу және жою.
- •4 Сұрақ. Меншiк құқығын қорғау
- •Andiator et altera pars - Қарсы жақты латында. (Латын мақалы)
- •9 Тарау. Бөтен заттарға құқықтар.
- •2 Сұрақ. Басқа тұлғаның пайдасына берілмейтін және мұра бойынша қалдырылмайтын құқықтар.
- •3 Сұрақ. Басқа тұлғаның пайдасына берілетін және мұраға
- •4 Сұрақ. Кепіл және оның түрлері.
- •Est modus in rebus - Әрбір зат өлшенеді. (Латын мақалы)
- •10.Тарау. Міндеттеме туралы ұғым.
- •10.2. Міндеттеменің пайда болуы.
- •10.4. Міндеттемеде тұлғаларды ауыстыру.
- •Saplienti sat - Ақылды түсінеді. (Латын мақалы.)
- •11.3. Сатып алу-сату (Emptio - Venditio) шарты.
- •11.4. Қарыз және несие келісім-шарттары (Mutuum et commodatum)
- •11.5. Серіктестік келісім-шарты (Socitas)
- •Memento mori - Қайтыс есіңде болсын (Латын мақалы)
- •12 Тарау. Мұрагерлік құқығы.
- •12.4. Мұрагерлік құқықты қабылдау.
- •12.5.Легаттар мен фидеикомистер.
- •III .Sanctio орына қосымшалар
- •1. Пән бойынша тест сұрақтары
- •2. Латынша-қазақша қысқаша заңи сөздік.
- •Латын әліппесі
- •3. Рум құқығынан шыққан қанатты сөйлемдер.
- •4.Арналған әдебиеттер.
- •Мазмұны
- •1 Тарау. Рум құқығының ұғымы мен пәні.
- •2. Тарау. Рум құқығының шығу көздері (деректері)
- •5.Тарау. Құқықтарды қорғау.
- •6. Тарау. Талап туралы ұғым.
- •7.Тарау. Рум құқығындағы заттар.
- •8. Тарау. Меншік құқығы
- •11. Тарау. Міндеттемелердің жеке түрлері.
Алтыншысы (заңгерлердің жауаптары).
Көне Румның тарихырда есімдері сақталған белгілі заңгерлер аз емес. Олар Рум құқығына баға жетпес қазына қалдырған. Мемлекет болмағанда заңгерлердің орнында абыздар болған. Оларды контириктер деп атаған. Сол кезде румдықтар бірнеше құдайларға сенген, пұтқа табынған. Марс, Венера, тағы басқалар құдай орнына болатын. Сол дінді сақтаған абыздар әдеттерге қорғау жасаған. Әдеттер бірте-бірте құқыққа айналған. Христиан діні шарттарға ие болып қалған. Ал көпшілікке цивил құқығын қарайтын магистраттар болып шықты. Соларды ең бірінші азаматтық заңгерлер деп есептеуге болады.
Тарихта есімдері сақталған ертедегі заңгерлер: Марк Манилий, Марк Юний Брут, Публий Муций Сцевола болған. Оларды азаматтық құқық негіздеушілері дейміз. Элий Пет Кат деген заңгер 12 тақтадағы заңдарға ең бірінші толық түсіндірме берген, ал преторлардың эдикттеріне түсіндірме берген Сервий Сульниций Руф. Марк Тулий Цицерон тек қана заңгер емес, белгілі философ, шешен (оратор) болатын. Оның қолынан 50-ден аса заң және саясат туралы шығармалар шыққан. Солардың бәрі б.ж.д. II ғасырдан б.ж. I ғасырға дейін өмір сүрген. Ал, б.ж. I ғасырда Рум құқығының классикалық кезеңі басталған. Сол кезде заңгерлердің екі ғылыми мектебі негізделген. Олардың біреуін Прокулиан мектебі дейміз. Негіздеген заңгердің есімі Марк Антоний Лабион, бірақ мектептің аты Прокул деген оқушының есімімен аталады.Сол мектептің шәкірттері Цельз ата мен баласының есімдері сақталған.
Екінші мектепті Сабин мектебі дейміз. Оны да негіздеген Сабин емес, оның оқытушысы Канитон. Сабин мектебінің ең белгілі мұрагері Юлиан Сальвий б.ж. IIғасырда тұрған. Алдында айтқанда Юлиан мәңгілікті эдикттің авторы болған.
Екінші ғасырда заңгерлер құқықтың тарихын жаза бастады. Сонымен, ең бірінші құқықтың тарихшысы Секст Помпоний болып шықты. Ал Гай есімді заңгер сол ғасырда ең бірінші болып заң оқулығын жаза бастаған. Оқулықты institutiones (институциялар) деп атаған. Institutio — негізделу деген сөз. Сонымен институт негізделген деп айтуға болады.
Жоғарыда айтқандай, Гай мен тағы бір төрт ең белгілі заңгерлердің есімдері — Модестин, Папиниан, Павел, Ульпиан. Олар IIIғасырда өмір сүрген. Сол бесеуінен Рум құқығының бес «киттері» деген атақ қалған. Сонда «кит» ең үлкен, ең ұлы деген мағынада:
1. Гай — институцияның авторы.
2. Модестиннің қолынан 345 заң туралы шығармалар шықты. Мысалы, неке туралы құқықтың анықтамасы.
3. Папиниан 595 заң туралы фрагменттер берген.
4. Павелдің тағы да көптеген шығармалары бар.
5. Ульпиан. Алдында айтқандай, оның жеке мен көпшілік туралы айырмашылықты және тағы да одан шыққан шығармалары саналған жоқ. Осы бес заңгерлердің шығарламалары заң күшімен есептелген. Содан соң тек қана осы Рум заңгерлердің жауаптары (шығармалары) құқық деректеріне кіреді. Қазіргі заңгерлердің шығармалары заң күші бар түрде саналмайды.
2.4.. Рум құқығының кодификациясы. Жоғарыда айтқандай, Гай, Папиниан, Ульпиан мен тағы басқалар Рум құқығына бағасыз мұра қалдырған. Тарихта көптеген заңдар, сенатусконсульттер, басқа деректер сақталған. Оларды кім жинаған? Заңдарды алдымен заңгерлердің өздері жинай бастады. Сондай жинақтарға Кодекс деген атау берілген. Соdех деген латынша бірнеше жазылған тақтайды байлап жинағаны дейді. Ең бірінші кодекстерде Грегориан мен Гермогениан (295-300 ж.ж). Грегориан Адриан императорлардың конституцияларынан бастап 19 кітап шығарды. Ал, Гермогениан Адрианнан бастап Константин императорға дейін 120 конституцияларды жинап 69 жинақ қылып жазып қалдырған.
Бесінші ғасырда Византияның императоры Феодисий II императорлардың ішінде ең бірінші болып, заңгерлерге тапсырма беріп, 19 заң туралы кітап шығарған. Оларға Константиннен бастап сол Феодосий II дейінгі барлық конституциялар кірген. Осы кодексті Феодосий Батыс империясының императоры Валентиан ІІІ-ге жіберген. Сол кодекс V ғасыр тағы және бірнеше ғасыр Еуропада ең толық жинақ болған. Германия, Франция және басқа Еуропа мемлекеттері осы кодексті соттарда пайдаланған. V- VІІ ғасырларда Еуропада осы кодекске салыстырма түрде бірнеше жеке жинақтар шықты. Олар: Lex Romana Wisigoratorom, Lex Romana Burgundionum, Fragmentae Vaticana, Collatio legum Romanorum et Mosaisarum. Соңғысының бір қызығы бар. Бұл жинақта сол кездегі заңгерлер Рум заңдарын Мұса пайғамбардың заңдарымен салыстырған.
Ал, ең толық, кең тараған, осы заманға дейін сақталған кодекс тағы да Константинопольде (Ыстамбул) шыққан. 528 жылы Юстиниан деген өте ғылымды, тарихта аса белгілі Византияның императоры кодексті жинау үшін ерекше конституция шығарған. Сол императордың шешімі бойынша бірнеше заңгерлер, олардың ішінде Трибониан (император кеңесінің бастығы), Феофил мен Дорофей (академияның профессорлары) бес жыл бойы көп жұмыс жасап, осы Кодексті құрастырып, 534 жылы жинап бітірген. Кодекске Юстинианның есімі берілген (Codex Iustinianus). Бұл жинақ төрт бөлімге бөлінген. Біріншісін Институциялар (Institutiones) деген. Оның ішінде Гайдың институциялары мен тағы басқа оқулықтар жиналған. Оқырмандарға көмек үшін институцияларға (I) белгісін берген.
Екінші бөлімі Дигестер немесе Пандектер деп аталған (Digesta, Pаndecta) - D белгісімен тіркелді. Дигестердің ішінде баяғы Павел, Ульпиан, Папианин, Модестин, тағы басқа заңгерлердің шығармалары жинақталған.
Үшіншісі, сол жинақ сияқты Кодекс деп аталған. (Codex; С - белгісі). Бұл бұрынғы императорлар конституцияларының жинағы (Юстинианға дейін).
Ал, ең соңғысы, төртіншісі Новеллалар (Novellаe, N — белгісі) деп аталған. Бұған Юстинианның өз аузынан (қолынан) шыққан конституциялар кірген.
Сонымен, Юстинианның Кодексі ең толық және ең кең тараған Рум құқығы заңдарының жинағы болып шықты. Одан кейін орта ғасырларда осы жинақ Corpus juris сіvilis атымен өз өмірін бастады.
Қазіргі заманымызда І,D,N,С белгілері Рум заңдарын немесе заңгерлердің шығармаларын тез табуға көмек береді. Мәселен, D. 12.3.4. деген белгілер осы сөзді немесе анықтаманы Дигестердің ішінде, он екінші кітапта, үшінші бөлімде, төртінше тармақтан табамыз деген сөз.
Quod licet Jovi-non licet bovi - Юпитерге жараса, бұқаға рұқсатталмайды