Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

8 Билет

8-билет

  1. Әл-Фарабидің <<Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары>> трактаты.?

Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан».

Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды,маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады.

Екінші топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.

Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».

  1. Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары?

Саяси мүдде - адамның, әлеуметтік топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үрдістерге өзінің дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы. Бұл саяси мінез-құлықтың саналы, ішкі көзі. Ол адамдардың саяси мақсаттар қоюын және оған қол жеткізу үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыруын итермелейді. Саяси мүддені жүзеге асыру тетіктері: саяси қатысу және саяси қызмет.Саяси мүдде субъекті сипатына байланысты - мемлекеттік, партиялық, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мүддесі; қызмет істеу саласына байланысты - ішкі саяси және сыртқы саяси; жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты - шынайы және мүмкін; қауымдар деңгейіне байланысты - жеке, топтық, тап¬ық, ұлттық, қоғамдық болып бөлінеді

Саясаттағы топтар:

1.Еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен);

2.Жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін);

3.Жер иеленушілер табы (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай);

4.Капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай). Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады.

Қысым топтары- мемлекеттік органдардың нақты шешім қабылдауына қолдау көрсететін немесе кедергі келтіретін ұйымдарды білдіретін мүдделер тобының түрі.

  1. Ақпараттық технологиялар түсінігі,олардың саясаттағы рөлі

Ақпараттық технологиялар – ғылыми және инженерлік білімдердің, сондай-ақ ақпаратты құру, жинау, беру, сақтау және өңдеу үшін қолданылатын әдістер мен құралдардың жүйесі. Жаңа ақпараттық технологиялар ақпараттармен жұмыс істеу кезінде компьютер техникасын және телекоммуникациялық байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу әр алуан қызмет түрлерін, ең алдымен басқару саласын елеулі түрде өзгертеді, басқарудың тиімділігін арттырады, мемлекеттік билік органдарында саяси-әкімшілік шешімдерді қабылдау процестерін ақпаратпен қамтамасыз етуді жаңа жоғары деңгейге көтереді. Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың сапасы мен оның дамуы кез келген мемлекеттің дүние жүзілік қауымдастықта оның даму мәртебесін көрсетеді.

Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялар - XX ғасырдың екінші жартысында дамыған демократиялық мемлекеттер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу жолында екі төңкерісті бастарынан кешірді, соның нәтижесінде бұқаралық білім мен бұқаралық теледидар пайда болды. Жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологиялар саясат саласындағы көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды өзгертті. Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында интернет аса маңызды орыналады.

Интернет соңғы кезеңде сайлау компанияларын жүргізуде кеңінен қолданылуда. Мысалы, сайлау компаниясын ұйымдастырушылар партиялар немесе қозғалыс жетекшісінің веб-парақтарын құру арқылы қосымша өз қолдаушыларын жұмылдыруға мүмкіндік алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]