Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

2 Билет

2-билет

  1. Саясаттану пәні және оның негізгі әдістері.?

Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады. (грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы. Саясаттану әдістері:

Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбы лыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ол елдегі саяси тұрақтылықпен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе қазіргі Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді пайдалануға байланысты болмақ.

Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің, экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.

Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың| байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардын өздерін өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.

Норамативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықтық іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін іздейді.

Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып есептелген диалектикалық-материалистік әдіс болатын. Ол табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.

Жоғарыда аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар.

  1. 2006-2011 Жылдарға арналған Қазақстан Респуликасында азаматтық қоғамды дамыту концепциясы

Бұл Тұжырымдамада Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi үрдiстерi талданып, оның перспективалық көрiнiсi белгiленген, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған.

Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы 1980-шi жылдардың аяғы мен 1990-шы жылдардың басына жатады. 

  Қазақстандағы азаматтық қоғамның перспективалық көрiнiсi

      Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын iске асыру мынадай нәтижелерге қол жеткiзудi қамтамасыз етуге тиiс:       

  • халықтың түрлi топтары мен жекелеген азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және мүдделерiн қанағаттандыру; 

  • азаматтық қоғам институттарының серпiндi дамуы үшiн қолайлы жағдайлар туғызу;    

  • халықтың азаматтық белсендiлiк деңгейiн арттыру; 

  • қоғамның мемлекеттiк билiк қызметiн тиiмдi бақылауын жүзеге асыру. Билiк органдары мен азаматтық қоғам ұйымдарының арасындағы әрiптестiк қағидаттары негiзiнде ынтымақтастық мәдениетiн қалыптастыру

  •   жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың теңдестiрiлген жүйесiн құру; 

  •   әлеуметтiк қорғаудың тиiмдi жүйесiн құру; 

  •   қоғам мен билiк мүдделерiнiң келiсiмi жүйесiн қалыптастыру.

Қабылданған шаралардың және жүргізілген саясаттың басты мақсаты - адам құқықтарын қамтамасыз ету жан-жақты iске асырылу. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]