Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

7 Билет

7-билет

  1. Қайта Өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер (Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо)?

Никола Макиавелли(1469-1527). Атақты шығармалары: «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс. Макиавеллидің ойынша, әлемде теңдей дәрежеде қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден бір елге жылжи отырып, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін. 

Томас Гоббс(1588-1679) мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекет пен ағзаны салыстырған. Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтанған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құралады. Билеушінің парызы- халықты жақсы басқара білу, себебі, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған.

Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі.Сенсуализмның тарауына әсер етті.Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.

Шарль Луи Монтескье(1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.

Жан Жак Руссо(1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.

  1. Қоғамдық саяси қозғалыстармен ұйымдар?

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды. Жалпы мақсаты әділеттілік, бостандық, қорашаған орт қорғау т.б. Ол стихиялы түрде п.б.

Саяси қозғалыстар:

  • Консервативтік қозғ өмір сүріпп тұрған тәртіпті аз мөлшерде ғана өзгертуге тырысады

  • Реформистік біртіндеп өзгертеді

  • Революциялық өмір сүріп жатқан құрылысты жойып, басқа құрылыспен өзгертеді

  • Котрреволюциялық революция және реформистік қозғ нәтежесінде құрылған қоғам құрылымға қармы шығып, откен құрылысты орнатуға тырысады

Қоғамдық ұйымдар деп, халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін, ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін өзі басқаратын адамдардың бірлестігін атайды.

Қоғамдық қозғалыс деп, адамдардың ортақ мақсатқа жету үшін бірлесе талпынып, соған ұмтылысын айтады. Ерекшеліктері:

  • Көпшіліктің қатысуы

  • Белгіленген мүшеліктің болмауы

  • Айқындалған бағдарламаның жоқтығы

  • Ұйымдастырылған басшылықтың болмауы

Типтері:

  • Таптық сипатына қарай: жумысшы, шаруа, т.б.

  • Идеалогиялық жағынан: комм,соц, соц дем, либералдық, консерв, фашитсік

  • Жынысы мен жас шамасына қарай: әйелдер, ардагерлер, жастар

  • Ұлттық жағынан: интернационалдық, ұлт азат, шрвинистік, нәсілшілдік

Қоғ қозғ дың кең тарағаны халық майданы. Олар жалпы демократиялық принциптердің негізінде құралады, онда қатал айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды.

Түрлері:

  • Қоғамда батыл өзгерістер кезінде, саяси күштердің пайда болатын хал майд (Африка, Азия ұлт аз қозғ барысында)

  • Өздерінің саяси ықпалы жетіспеген кезде немесе билікті алу үшін партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған (КСРО 80 ж)

  • Фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде қалыптасқан

  1. Саяси технологиялар,олардың саясаттағы рөлі мен түрлері

Саяси технологиялар дегеніміз – билік технологиясын өңдеу, билікке күрес, көптеген саяси технологияларды ұстау әрі пайдалану, рухани билікті, адамдардың білімі мен жүрегін қоғамдық ортақ ойлармен жаулап алу – саяси технологияларды құрайды.Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: 

  • саяси маркетинг[ағыл. market - базар, нарық] - саясат субъектілеріне ықпал ету құралдары мен тәсілдерінің жүйесі; азаматтардың (сайлаушылардың) саяси мұқтаждықтарына, саяси нарық талаптарына бағытталған саяси қызметті басқару және ұйымдастыру, 

  • саяси жарнама,

  • қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз) – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік құрылымдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі; қоғаммен байланыстардың жаңа кәсіпкерлік салласы; қоғам мен ұйымдар арасындағы өзара түсінушілікке қол жеткізуге бағытталған қызмет., 

  • саяси консалтинг (ағыл. consulting) ұғымының аудармасы ақыл, кеңес беру дегенді білдіреді. Жалпы бұл кез келген құбылыстың ұйымдастырушылық дамуы мен басқарусалаларының күрделі мәселелерін шешуге бағытталған интеллектуалды шара.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]