Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

18 Билет

18-билет

  1. Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы?

Жүйе дегеніміз құрылымы күрделі әр ретті ұйымдасқан, әрі тәуелді байланыста бола отырып тұтастық құрайтын, сол негізде қызмет атқаратын дамуға қабілетті құбылыс.

Саяси жүйе дегеніміз бүкіл саяси саланы білдіреді

Саяси жүйенің құрылымы:

  • Саяси институттар

  • Тікелей с.и. мемлекет және партиялао

  • Жанама саяси процесстерге қатысатын, саяси билікке азды көпті ықпалы бар, бірақ негізінен түрлі әлеум топтардың мүдделерін қорғаумен айналысатын бұқаралық ұйымдар (кәсіподақтар, жастар одағы)

  • Саяси емес құрылым өзіндік ұйымдық негізі, ішкі тәртібі, ұйымдасу жіне басқару жүйесі бар, бірақ саяси билікке қатыспайды.(ерікті қоғамдар, шығармашылық одақтар)

  • Саяси қатынастар

  • Саяси принциптер мен нормалар

  • Саяси сана мен саяси мәдениет

  1. Саяси сана түсінігі,құрылымы мен функциялары?

Саяси сана дегеніміз түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін, соған сәйкес олардың саяси билікке қатынасын бейнелейтін білімнің, идеялар мен көзқарастың, сезімдер мен көңіл күйлердің жиынтығы. Ол екі деңгейде өмір сүреді:

  • Саяси психология саяси сананың төменгі деңгейі. Саяси қатынас субъектілерінің практикалық санасы.

  • Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Идеалогия қоғамдағы проблемаларды, мәселелерді ашып көрсететін, оның шешудің жолдарын, тәсілдерін айқындайтын, оған көпшілікті жұмылдыратын идеялардың жиынтығы. Саяси идеология қызметі:

  • Қоғамдағы сақталған проблемаларды, міселелерді ашып көрсету, көпшілікті жұмылдыру

  • Адамдардың саяси әлеуметтенуіне, сананың өсуіне ықпал жасау

  • Билік тұтқасын жүргізіп отырған саясатқа баға беру арқылы, оның бағыт бағдарын қоғамға түсіндіру және т.б

Идеалогиялық ағымдар:

  • Консерватизм: ескі қоғамдық жүйені сақтап қалуды мақсат ететін тебугейлі өзгерістерді қаламайтын идеалогиялық ағым

  • Либерализм: «бостандық», «еркіндік» білдіреді. Басты құндылығы адамның құқығынығ бостандығы. Негізіг қалаушылар: Локк, Вольтер, Монтескье, Джефферсон, Дидро

  • Социал реформизм: еңбекші бұқараның мүддесін қорғауды мақсат ететін социал демократиялық партиялардың идеалогиясы. 19 ғ да жұмысшы қозғалысының өріс алуымен байланысты п.б.

  • Марксизм: принциаы: капиталистік қанауға ымырасыз күрес, жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнату, басқарудың жаңа әдістерін орнату, барлық адамдардың теңдігі мен бостандығына қол жеткізу. Тек рефолюциялық жолмен іске асырады.

  • Анархизм: грек. Биліксіздік. Басты мақсат жеке бостандық. Азаматтардың еркін түрде біріккен ассоциациясын құру

  • Радикализм: теориялық және практикалық тұрғыдан заң шеңберінде өзгерістерді батыл әрі түбегейлі жүргізуді жақтайды

  • Экстремизим: саяси мақсатқа жету үшін күштеу тәсілдерін қолдану, ештеңенің алдында тоқтамайды.

Саяси сананың функциялары :

  • когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету;

  •  коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

  • идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі

  1. БАҚ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:

  • жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;

  • арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;

  • ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы;

  • тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.

Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.БАҚ-тың атқаратын қызметі :

1)әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

;2) азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады;

3)азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді;

4)адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді;

5)адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады;

6)БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]