Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

15 Билет

15-билет

  1. Саяси билік: түсінігі, мәні типалогиясы мен қызметтері?

Билік саясатты іске асыру құралы. Биліктің мәнін анықтауда мынадай көзқар мен анықтамалар бар:

  • Бихевиористік : билік адамдардың мінез құлқын өзгертуге не баөылауға алу мүмкіндігіне негізделген айрықша міне құлықтың түрң

  • Структуралистік: билік басқарушы мен бағыныштылар арасындағы қалыптасқан ерекше қарым қатынас

  • Маркстік: билік біреулердің екінші біреулерге жүргізетін үстемдігі

  • Позитивистік социологиялық: Вебер. Бір субъектінің екінші субъектіге әсер ету мүмкіндігі

Саяси билік жеке адамның, топтың, таптың саясат арқылы өз еркін іске асыру қабілеті. Міндеттері:

  • Қоғамдағы басқару стратегиясын жасау

  • Нақты шешімдер қабылдап, оларды іске асыруды ұйымдастыру, қадағалау

  • Қоғамдық процестерді реттеу және басқару

Функциялары:

  • Үстемдік билік жүргізу мех ның бір түрі.үстемдің жүргізу үшін әлеум институттар пайдаланылады(сот, әскер т.б.)

  • Басшылық басқарылатын объектіге бедель арқылы ықпал жасау

  • Басқару

  • Ұйымдастыру

  • Бақылау

Түрлі белгілері бойынша биліктің типологиясы:  – институциялану дәрежесі бойынша билік үкіметтік, қалалық, аудандық, облыстық, мектептік және т.б. болады;

 – субъектісі бойынша таптық, партиялық, халықтық, президенттік, парламенттік және т.б.  – сандық белгілері бойынша – жекеленген, олигархиялық (бір жерге жұмылған топтың билігі), полиархиялық (көптеген институттардың немесе адамдардың билігі);  – басқарудың әлеуметтік типі бойынша – монархиялық, республикалық;  – саяси режимі бойынша – демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық;  – қолданатын құралы бойынша – үстемдік ету, күш көрсету, бедел, ымыраға келу және т.б.;  – қызметі бойынша – қадағалау, бақылау, ұйымдастыру, басқару және т.б.

  1. Қазіргі қазақстандағы саяси элита

Біздің Қазақстандағы элитаға келсек,еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ.Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, Коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент,Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті.1993 жылғы Конститутция бойынша биліктің үш тармағы тең делінді.Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегіне жасалған мүлікке ие болды.Қазақстан қазіргі элитасына кідер жатады десек,Оған Президент аппаратының құрамы (Президент,оның әкімшілігінің бастығы орынбасарлары,бөлім басшылары, көмекшілері,кеңесшілері,) Парламент, минстрліктер басшылары мен орынбасарлары,дипломатиялық элита кіреді.Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.(фото86-87cтр)

  1. Халықаралық қатнастардың қазіргі жүйесіндегі гуманизация

Халықаралық қатынас дегеніміз әледмік қауымдастықтың негізгі субъектілерінің арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, әскери және гуманитарлық байланыстар мен қатынастардың жүйеленген жиынтығы.

Гумманизация халықаралық қатынастарға ізгілік, адамгершілік сипат беру, адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам бостандығы ең басты құндылық екенін үнемі басшылыққа алу

XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистіксипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің  экономикалық  орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШбасым орын алуда, алайда  Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін  Қытай  әлемдік экономиканың  бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда(АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]