Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

Азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi қағидаттары

      Азаматтық қоғамның ұсынылып отырған үлгiсiн құру мынадай қағидаттарға негiзделедi: 

  •   адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығын сақтау;

  •       заңның үстемдiгi, заң алдында бәрiнiң теңдiгi; 

  •       Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк мiндеттердi шешуге қатысуы; 

  •       елдегi демократиялық үдерiстерге қатысу үшiн азаматтардың тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету; 

  •       демократиялық мiнез-құлық мәдениетiнiң басымдығы.

Тұжырымдаманы iске асырудың тетiктерi мен жолдары

      Тұжырымдаманы негiзгi параметрлерде iске асырудың тетiктерi мен жолдары мыналар болып табылады: 

  • азаматтық қоғамды дамытуды құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру, (ұсыныстар әзiрлеуге және мемлекеттiк шешiмдердi iске асыруға азаматтық қоғам құрылымдарының қатысуын көздейтiн шаралар)      

  • мемлекеттiк органдар мен азаматтық қоғам институттары ынтымақтастығының тетiктерiн нығайту; ( Азаматтық форумдарды өткізу, Мәжіліс Парламентінің жанына Сарапшылар палатасын құру және т.б. іс шараларды қабылдау)

  • мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты тиiмдi iске асыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету; 

  •       халықтың саяси-құқықтық және азаматтық мәдениетiн қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарының адам құқықтарын қорғауға қатысуы; 

  •       жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн дамыту; 

  •       еңбек қатынастарын yйлестiру; 

  •       әлеуметтiк саясатты жаңғырту; 

  •       бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн қалыптастыру; 

  •       азаматтық қоғам институттарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту.

  1. Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі

Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешені

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардыңжеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.

Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. (депутатские мандаты распределяются между списками кандидатов пропорционально голосам, поданным за списки кандидатов) Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:

  • дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) 50%-дан астам дауысын алған (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді);

  • қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатка қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңцаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.

Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің он депутатын, партиялық тізімге сәйкес пропорционалды өкілдіктер жүйесі бойынша және біртұтас жалпы ұлттық округтің аумақтары бойынша сайлауда қолданылады.  Партиялық тізімдерді құраған саяси партиялар арасындағы депутаттық мандаттарды бөлудің нәтижесінде сайланған депутат мерзімінен бұрын шығып калған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының каулысымен сол партиялық тізім бойынша сайланған келесі кандидатқа беріледі. Тиісті партиялық тізімде кандидаттар калмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос калады. Саяси партияны тарату немесе саяси партиядағы мүшелігін тоқтату осы партияның партиялық тізімі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]