Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

9 Билет

9-билет

    1. М.Вебердің саяси көзқарастары?

Макс Вебердің негізгі саяси көзқарасы оның 1918-1919 жылдары жарық көрген «Саяси бейімділік және кәсіп ретінде» еңбегінде баяндалған.

М. Вебердің саяси әлеуметтануының басты дінгегі – билік мәселесі. Саяси өкімет пен мемлекетті әлеуметтану ғылымы арқылы қарастырған Вебер оны билік әлеуметтануы деп атады.

Вебер айтқандай «зорлық-зомбылық жасау «құқығының» бірден-бір көзі мемлекет деп саналады. Осы анықтама арқылы Вебер «саясат» дегеніміз қай жағынан таразыласақ та, мемлекет арасында болсын, мемлекет ішінде ол қамтитын адамдар топтарының арасында болсын, билікке қатысуға немесе билік бөлінісіне ықпал жасауға ұмтылыс деген сөз» деп атады.

Билік бөлінісіне немесе үстемдік етуге ұмтылыс Вебердің сөзімен айтсақ «кім саясатпен айналысса, сол билікке ұмтылады: не басқа мақсатқа (мінсіз немесе эгоистік) бағындырылған құрал ретінде билікке, не сол биліктің «өзі үшін», ол беретін бедел сезімінен ләззат алу үшін ұмтылады. Мемлекет те, тарихи жағынан содан бұрын болған саяси одақтар да адамдардың адамдарға үстемдік қатынасы, ол заңды (яғни заңды деп саналатын) зорлық-зомбылыққа құрал ретінде сүйенеді.

Саяси үстемдікке, билікті бөлісуге ұмтылатын және саясатпен айналысуды мақсат ететін «кәсіпқой саясаткерлер» туралы егжей-тегжейлі қарастыра келіп М.Вебер былай деп жазады: «Саясатпен» айналысуға – яғни, биліктің саяси құрылымдар арасында және олардың ішінде бөлінуіне ықпал жасауға ұмтылуға – «жағдайға қарай» саясаткер ретінде де, бұл жұмыс, дәл экономикалық кәсіпшіліктегідей, қосымша немесе негізгі кәсіп болатын саясаткер ретінде де айналысуға болады.

    1. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі?

Партиялық жүйелер дегеніміз саяси билікті жеңіп алу, ұстап қалу және іске асыру мақсатымен құрылған партиялардың одағы.

9 партия: НұрОтан, Жалпы ұлттық социал дем парт, Қаз коммун халық, Азат, Ақжол, Ауыл парт, Патриоттар, Бірлік, Қаз ның ком партиясы

Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады.Онда үш және одан артық партия қатысады.Бұл адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі.Дегенмен орыстың белгілі саясаттанушысы Б.Чичерин айтқандай көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары-онда саяси мәселелер жан-жанжақты қаралады. Ұнамсыз жағына жататындар – өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды.Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып,ол жолда алдау арбау,өсек өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланаылып жатады.Дегенмен,қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып табылады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

    1. Әлемдік саясат және жаһандану түсінігі

Саясат бүкіләлемдік құбылыс. Бұл процесстен тыс қалған мемлекет, халық қалған жоқ. Әлемдік саяси процесс дегеніміз дүние жүзі қауымдастығының өміріне қатысты саяси шешімдерді қабылдап, іске асыру жолындағы мемлекеттік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың іс әрекеті.

Жаһандану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.

2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі.

3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін

4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану

5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]