Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

19 Билет

19-билет

  1. Саяси жүйенің типтері мен функциялары?

Жүйе дегеніміз құрылымы күрделі әр ретті ұйымдасқан, әрі тәуелді байланыста бола отырып тұтастық құрайтын, сол негізде қызмет атқаратын дамуға қабілетті құбылыс.

Саяси жүйе дегеніміз бүкіл саяси саланы білдіреді

Функциялары:

  • қоғамның ахуалының, сыр сипаттың, даму қайшылықтарының бейнесі

  • с.ж арқылы әлеум мүдделер іріктеліп, топтастырылады

  • біріктірушілік, топтастырушылық

  • маңызды әлеум мүдделердің саясишешімін табуы және іске асуын қамтамасыз етеді

Жіктелуі:

  • Маркстік тәсіл; құл иеленушілік, феодалдық, біржіазиялық, коммунистік

  • Биліктің әлеум негізіне қарай: әскери және азаматтық, ұлттық дем жіне бурж

  • Саяси режимдердің сипатына қарай: дем,автор,тот

Негізі жіктеме Алмонд жасаған. Басты өлшем саяси мәдениет айрмашылығы

  • Англо американдық (АҚШ, Англия, Канада, Австралия) тұрақтылы жоғары деңгейде, билік тармақталған, әр партия өз мақсатын, жүйе құрамындағы орнын нақты біледі. Халық үшін басты нәрсе бостандық, қауіпсіздік

  • Континентальды еуропалық(Франция, Германия, Италия) с.мәд ескі мен жаңаның қоспасы.

  • индустрияндырылмаған және жартылай индустрияландырылған (Азия, Африка , Латын Америка елдері) с.мәд Батыс елдеріне тән қасиеттердің, дәстүрлердің, діни ғұрыптардың қоспасы. Билік айқын тармақталмаған, әскерлері мен аппараттағы бюрократтар заң шыңғару және сот ісіне қол сұғады. Тұрақсыздықпен жіне күштеу әдісін қолдануымен сипатталады. Көпшілік саясатқа араласа алмайды.

  • тоталитарлық

  1. Саяси әлеуметтену,мәні мен негізгі кезеңдері

Саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді,ережелерді,құндылықтарды бойына сіңіріп,оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып,сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыпастыру,саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

1)қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;

2)қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға,саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;

3)саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:

1)саясаттану,яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғыну;

2)жекелену,мұнда бала саяси билікті президент,полицейский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі;

3)дәріптеу,яғни саяси қайраткерлерге тек жақсы қасиетерді тану;

4)институционалдандыру,саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес,иесіз институттар арқылы қабылдау.

  1. Саяси манипуляциялау мақсатында БАҚ-ты пайдалану

Саясатта манипуляция ретінде манипулятордың адамды өзі жасауға ықылас білдірмеген əрекетті жасауына итермелеуі сипатындағы əсер ету түрін түсінеді.Адамға манипуляциялық əсер ету барысында ол сыртқы мəжбүрлеуді сезінбейді, өзі шешім қабылдап, өзінің жүріс-тұрысының нысанын өзі таңдаған сияқты əсерде болады.азаматтар мен демократиялық мемлекет құрылымына бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) саяси манипуляция, яғни адамдардың саяси санасы мен жүріс-тұрысына олардың өз мүддесіне сəйкестігіне қарамастан əрекет немесе əрекетсіздік жасауы мақсатында жасырын басқару жасау үшін пайдалану үлкен қауіп төндіреді. Оның үстіне манипуляция тек өтірікке негізделеді. Ал, бұл өтірік құтқаруға бағытталмаған, керісінше пайдакүнемдікке қызмет етеді.Қазіргі саяси кеңістікте нақты жағдай жайлы білу əрқашан БАҚ-пен байланысты, азаматтар болған жайды содан көріп біледі, сондықтан да орын алған жағдай мен берілген ақпаратты айыру қиын.Саяси манипуляцияның тек БАҚ қызметіндегі басым бағыт болып табылатын тоталитарлық жəне авторитарлық мемлекеттерде ғана кең пайдаланылмайтындығын, сонымен қатар, партиялық насихаттау шаралары мен сайлау алды науқандарда қазіргі батыстық демократиялық мемлекеттерде де көп қолданылатындығын айта кету қажет. Бүгінгі күні батыс жəне өзге көптеген мемлекеттердегі президенттік немесе парламенттік сайлау науқандары бір-бірімен астасып, нақты саясаткер жайлы шындықтан алыс түсінік қалыптастыратын жарнама мен саяси манипуляция тəсілдерінсіз өткізілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]