Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

1 Билет

1-билет

  1. Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы.?

Саясаттану сөзі гректің "саясат" және "ілім" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.(“politik” and “logos” – мемлекетті, қоғамды басқару өнері туралы ғылымы)

Саяси ғылымның даму кезеңдері:

Саясатты танудағы алғашқы түсінік діни аңызнамалық сипатта болды. Билікті, қоғамдық саяси тәртіптік Құдайдың құдыретімен, Алланың әмірімен байланыстырды.

Қоғамның дамуына, өндіріс құрал жабдықтардың дамуына,түрлі әлеумттік таптардың, топтардың жіктелудің негізінде мемлекеттік құрылымдардың нығая түсуіне орай саясаттану ғылымының ірге тасы қаланды.

Бұл ретте гректің данышпан ойшылдары Платон(«Мемлекет» мемлекеттік құрылым, адам мен мемлекет мүдделерінің ұштасуы) мен Аристотельдің(«Саясат» мемлекеттік саяси биліктің мән мағынасы туралы, саяси режим саралады, демократия монархия олигархия түсініктерін енгізді) еңбектері айрықша. Антикалық дәірде этика мен философияның құрамынан жеке ажырап шыға алмады.

Келесі кезең орта ғасырдағы саяси биліктің теологиялық теориясымен байланысты. Шіркеу мемлекет пен саясатта басым рөл атқарды. М.Августин, Ф.Аквинский еңбектерімен танымал.

Қайта өрлеу мен ағартушылық дәуірінде саяси теория діни құрсаудан азат етіліп, гуманистік бағытта дами бастайды. Бүл дәуірде адамның құқықтары мен бостандықтары, заң мен мемлекет, қоғамдық өмірді демократияландыру үшін зерттеудің орталық мәселелері болды. Н.Макиавелли, Т.Мор, Ж.Боден, Т.Гоббс, Г.Гроций, Дж.Локк еңбектерімен танымал.

Жаңа кезеңде Ш.Монтеське, Ж.Руссо, Б.Констан, И.Бентам, О.Конт сияқты ойшылдармен саяси идеологияның либералдық бағыты қалыптасты. Билікті бөлудің қажеттілігі негізделіп, құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары анықталды. Сонымен бірге, адам мен азамат құқықтары түжырымы қалыптастырылды.

Ал саяси ғылым жеке білім саласы ретінде XIX ғ. 50 ж. қалыптаса бастады. XIX ғ. мен XX ғ. шегінде алғашқы саяси зерттеулер пайда болады. 1903 ж. АҚШ-та бірінші ұлттық саяси бірлестік құрылды.

Саяси ғылымның дербес ғылым саласы ретінде қалыптасқан уақыты болып XX ғ. 50 ж. есептеледі. 1948 ж. ЮНЕСКО шешімімен саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.

  1. Азаматық қоғам: түсінігі мен мәні. Мемлекет және азаматтық қоғам?

Азаматтық қоғам – мемлекеттен тәуелсіз дербес қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар мен кәсіпорындардың жиынтығы. Оның басты қозғаушы күші – адам.

Тарихи тұрғыдан алғанда азаматтық қоғам мелекеттен әлде қайда бұрын пайда болды. Ол алғашқы қауымдық құрылыс кезінле адамдардың қарапайым бірлестігі ретінде қалыптасты. Белгілі кезеңде аз.қоғам өз мүдделерін қорғау үшін мемлекетті ойлап табады. Олардың арасындағы қатынастар қайшылықтарға толы, диалектикалық байланыспен сипатталады.

Демократиялық қоғамда аз.қағам мен мемлекет бірін бірі құаттайды, бірін бірі қажет етеді. Ал тоталитарлық қоғамда мемлекет аз.қоғамды жұтып қояды, өмірдің барлық салалары мемлекеттің қатаң қадағалауында болады.

Аз.қоғамның құрылымы:

  • Әлеметтік саалада: отбасы, мешіт, шіркеу, қоз,алыстар, қоғамдық ұйымдар, шаруашылық бірлестіктер

  • Экономикалық салада: мемлекеттіе емем жеке меншік кәсіпорындар, фирмалар, кооперативтер.

Функциясы:

  • Азаматтардың мүдделерін, игіліктерін қорғау; олардың жеке және қоғамдық өмірлеріне мемлекеттің орынсыз араласуын шектеу

  • Әлеуметтік жағдайлары төмен өкілдеріне көиектесу

  • Мемлекеттік басқаруға өз өкілдерін сайлап, саясатқа ықпал ету арқылы қоғамдық мүдделерді қорғау.

Құқықтық мемлекет құқықтың үстемдігімен, заңның жоғарғы құдыреттілігімен сипатталады. Негізгі принциптері:

  • Қоғамда құқықтың үстемдігі

  • Мемлекет, оның органдары, түрлі ұйымда, барлық азаматтар заңға бағынады, оған бас иеді

  • Адамның құқығы мен әр ожданы құрметтеледі, мемлекет жағдайнда қорғалып, кепілдік беріледі

  • Мемлекет пен жеке адамның өзара жауапкершілігі танылады.(құқықтарын бостандықтарын қорғау, кепілдік беру)

  • Биліктің тармақталуы (заң шығарушы, атқаруыш және сот)

Мемлекет – белгілі бір территорияда ең жоғарғы билік тұтұасына ие болып жатқан ұйым. Пайда болу теориялары:

  • Теологиялық: мемлекет бір жаратушының еркімен, халықты басқару үшін пайда болған құдыретті күш

  • Патриархалдық: ру тайпа үлкен топ мемлекет

  • Антропологиялық Аристотель

  • Келісім шарт: 17 18 ғ.буржуазиялық қоғамда п.б. қоғам даму барысында адамдар келісім жасап, мемлекетке бірікті. Гоббс, Локк өкілдері

  • Күштеу: гумплович, Дюринг, оппенгеймер.Бір ел екінші елді, бір ұлт екінші ұлт күш көрсету негізінде жаулап алуы

Белгілері:

  • Тәуелсіздік, дербестік(суверенность):

  • Мэжбүрлік: азаматтардығ мемлекеттің заңдарына, еркіне күш қуатына бағынуы

  • Жалпыға бірдейлік: барлық азаматтарға өз ықпалын жүргізу

Атрибуттары:

  • Органдар мен мекемелердің, күштеу құралдардың болуы

  • Заңдар мен нормалар

  • Ел жұрт, салық

Функциялары:

  • Билік тұтқасына ие болып, үстемдік жасап отырған әлеуметтік таптың саяси мәнді түпкілікті мүддесін қорғау және іске асыру

  • Тұрақтылықты сақтау үшін, басқа топтардың, ұйымдардың мүдделерін қорғау

  • Халықаралық қарым қатынастарды жүргізу және дербестікті сақтау

Басқару нысандары:

  • Монархия: биліктің бастау жеке адам, мұрагерлік жолмен

  • Абсолюттік: монархтың күш құдыретін қорғайды. Үкіметті тағайындады, үкімет оның еркінорындайды, оның алдында жауапты болады. Катар, Оман, Сауд Аравиясы

  • Коституциялық: монархтың билігі конституциямыен шектелген

  • Дуалистік: Иордания, Кувейт, Марокко. Монарх атқару билігін жүргізеді

  • Парламенттік: мемлекет басшысы монарх, бірақ билік жүргізу ісіне араласпайды. Ұлыбритания, Швеция, Дания, Жапония

  • Республика: кең тараған. Билік бастауы халық, мемлекеттік жоғары органдарын халық сайлайды

  • Парламенттік: президентті Көбінесе парламент сайлайды, Негізгі билік үкімет басшының қолында, Үкіметті және оның құрамын парламент қалыптастырады, Үкімет парламент алдында есеп береді және ол қабылдаған заңдарын іске асрады, Парламент мемлекет бюджетін бекітеді,Үкімет қызметін қадағалайды, ерек жағдайда оған сенімсіздік білдіріп, Қызметтін кетіреді, Саясии бағытын анықтайды. Израиль, Италия, ГФР

  • Президенттік: Билік тармақталады, Шешуші субъект президент, Оны халық сайлайды, Президент мемлекет және үкімет басшысы, Ішкі және сыртқы саясат тетігін қолында ұстайды, Бас қолбасшысы, Үкімет құрамын тағайындайды, Парламенттен тәелсіз

Мемлекеттік құрылыс:

  • Унитарлы: мемлекеттің бүкіл аумағында біртұтастығымен анықталады. Әкімшілік аумақтық бөліністер орталықтандырылған билікке бағынады, заң шығара алмайды, мемлекетке тән белгілері жоқ. Ұлыбритания, Швнция. Франция

  • Федеративты: саяси дербестігі бар бірнеше мемлекеттің бірігіп еркін түрде одақтық мемлекет құруы. Өз коституциясы, заң атқарушы, шығарушы, сот органдары болады. Австралия, Австрия, АҚШ, Ресей

  • Конфедерация: жеке мемлекеттердің ортақ нақты мақсаттарды іске асыру ниетінде құралған одақ. Ұзақ сүре алмайды, не тарқап кетеді, не федерация болып кетеді.АҚШ, Швейцария

  1. «Қазақстан -2050» стратегиясы:

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елініңқатарында болуға тиіс.Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

1)Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту

.2)Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.

3)Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.

4)Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.

5) Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.

6)Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.

7)Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

 Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні - түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгікөзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту.2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:

Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.(Бюджет саясаты,Салық саясаты,Ақша-кредит саясаты,Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты).

Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс.

Үшіншіден, мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту.

Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.

Бесіншіденбізге индустрияландырудың келесі фазасының жоспары қажет.

Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.

Жетіншіден, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]