Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasat.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
141.58 Кб
Скачать

3 Билет

3-билет

  1. Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары?

Саясаттану сөзі гректің "саясат" және "ілім" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.(“politik” and “logos” – мемлекетті, қоғамды басқару өнері туралы ғылымы). . XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.

Танымдық қызмет саяси өмірді шынайы бейнелеу. Оның объективті заңдылықтарын және байланыстарын ашып көрсету.

Аксеологиялық(баға беру) саяси құбылыстарға талдау жасап, бағалай білу

Саяси әлеуметтендіру қызметі, азаматтық қасиеттерді, демократиялық саяси мәдениетті қалыптасытру .

Саяси өмірді ұтымды түрде жаңартуға бағыт сілтеу

  1. Саяси идеология түсінігі, оның мәні мен қызметтері?

Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Идеалогия қоғамдағы проблемаларды, мәселелерді ашып көрсететін, оның шешудің жолдарын, тәсілдерін айқындайтын, оған көпшілікті жұмылдыратын идеялардың жиынтығы. Саяси идеология қызметі:

  • Қоғамдағы сақталған проблемаларды, міселелерді ашып көрсету, көпшілікті жұмылдыру

  • Адамдардың саяси әлеуметтенуіне, сананың өсуіне ықпал жасау

  • Билік тұтқасын жүргізіп отырған саясатқа баға беру арқылы, оның бағыт бағдарын қоғамға түсіндіру және т.б

Идеалогиялық ағымдар:

  • Консерватизм: ескі қоғамдық жүйені сақтап қалуды мақсат ететін тебугейлі өзгерістерді қаламайтын идеалогиялық ағым

  • Либерализм: «бостандық», «еркіндік» білдіреді. Басты құндылығы адамның құқығынығ бостандығы. Негізіг қалаушылар: Локк, Вольтер, Монтескье, Джефферсон, Дидро

  • Социал реформизм: еңбекші бұқараның мүддесін қорғауды мақсат ететін социал демократиялық партиялардың идеалогиясы. 19 ғ да жұмысшы қозғалысының өріс алуымен байланысты п.б.

  • Марксизм: принциаы: капиталистік қанауға ымырасыз күрес, жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнату, басқарудың жаңа әдістерін орнату, барлық адамдардың теңдігі мен бостандығына қол жеткізу. Тек рефолюциялық жолмен іске асырады.

  • Анархизм: грек. Биліксіздік. Басты мақсат жеке бостандық. Азаматтардың еркін түрде біріккен ассоциациясын құру

  • Радикализм: теориялық және практикалық тұрғыдан заң шеңберінде өзгерістерді батыл әрі түбегейлі жүргізуді жақтайды

  • Экстремизим: саяси мақсатқа жету үшін күштеу тәсілдерін қолдану, ештеңенің алдында тоқтамайды.

  1. Сайлау жүйелерінің типтері

Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық,пропорционалдық,аралас болып бөл.

Мажоритарлық сайлау(фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді.Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.Кемшілігі-сайлаушылардың қалған 49 пайызының еркі,ықтияры ескерілмейді. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.

Пропорционалдық жүйе көпшілік принципіне негізделмейді.Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса,соншалықты оның мүшелері депутат болады.Кемшілігі-сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.

Араласта депутаттық мандаттың бір бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады,2-ші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]