
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- •2. Пән туралы мәлімет
- •6. Пәннің мазмұны
- •6.1. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. 1. Негізгі әдебиеттер
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Сәлемдесудің түрлері
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Қазақ халқының ежелгі баспанасы - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Киіз үйдің құрылысы
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Экспо 2017
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері
- •VIII модуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Баулу – приучать;воспитывать
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Хі модуль: адам және табиғат – егіз
- •Табиғат
- •Табиғатты аялайық
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •Ұлттық кадрлар - мемлекеттің негізі
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан әлемдік кеңістікте
- •Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар
- •1. Мақалды толықтырыңыз? Отан оттан да ...
- •4. Қазақ жерінде қолөнер нешісінші ғасырдан бастап қатты дами бастады?
- •6. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы неден басталады?
- •9. Киіз үй біздің заманымыздың нешінші ғасырынан бастап пайдаланған?
- •010011. Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62 а. Тел.39-39-17
Қазақстан қорықтары
3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әр түрлі. Сондықтан қорғауға алынған жерлерді қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштер деп бөледі. Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600-ден артық ірі қорық бар екен. Олардың ішіндегі ең үлкені Гренландия ұлттық саябағы. Оның жер көлемі 7 млн. гектар. Біздің республикамызда жалпы 784,1 мың гектар жерді алып жатқан 10 қорық бар. 50-дей аңшылық қорықша, 42 зоологиялық және 24 ботаникалық бақтар мен қорықша, 3 табиғат ескерткіштері бар.
Қорық – ерекше қорғауды қажет ететін тұқымы құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін табиғи күйінде сақтайтын жер. Мысалы, Барсакелмес қорығы – құланды, Қорғалжын қорығы – қоқиқазды, Үстірт қорығы – дала қойын, Алматы қорығы - Тянь-Шань шыршасын сақтап, көбейту мақсатында құрылған.
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде VІ-VП ғасырларда қазақ жерінде ерекше қорғалатын жерлер болғанын жазады. Мысалы, В.В.Бартольд еңбектерінде "Жер жанаты - Жетісу" аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары шұрайлы, көк шалғынды, бау-бақшалы салқын жерлерді қорыққа айналдырып, ретсіз мал жаймағандығын, мезгілсіз аң ауламағандығын жазған. Бұдан бабаларымыз ерте кезде-ақ келешек ұрпақ үшін туған табиғаттың әсем жерлерін аялай білгенін байқаймыз.
Ал Ұлттық саябақтардың қорықтардан айырмасы бар. Ұлттық саябақтарда өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәдени демалысын ұйымдастыратын, туризммен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар бар.
Қазақстанда алғаш рет ұлттық саябақ Баянауыл таулы орман алқабында ұйымдастырылды. Мұнда 40-қа тарта аңдардың, 50-ден аса құстардың түрлері қорғалады. Олардың көпшілігі "Қызыл кітапқа" енген.
Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады.
Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары" табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады.
4-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Қандай жерлер ерекше қорғауға жатады?
2. "Қорық"дегеніміз не?
3. "Ұлттық парк" дегеніміз не?
4."Табиғат ескерткіштері" дегеніміз не?
5. Өздеріңіз тұратын жерлерде қандай саябақтар мен қорықтар бар?
5-тапсырма Сөйлемді толықтырыңыз
Қорғауға алынған жерлерді …
Біздің республикамызда …
Қорық - ерекше қорғауды қажет ететін …
В.В.Бартольд еңбектерінде "Жер жанаты – Жетісу" аталған мекенде өмір сүрген үйсін тайпалары …
Табиғат ескерткіштерін қорғау …
№ 11 СӨЖ тапсырмасы
1-тапсырма «Адам және табиғат егіз», «Қазақстанның экологиясы», «Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау» атты тақырыптарды мазмұндау
2-тапсырма Палигон сынақтарының қоршаған ортаға әсері туралы хабарлама жазу
3-тапсырма Есте сақтаңыз!
Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады
Гете
Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алады
Ш.Айтматов
4-тапсырма Баспасөз беттеріне әртүрлі ұйымдар, мемлекеттік органдардың табиғатты қорғауға байланысты қабылдаған қаулылары туралы мәліметтерді жазып, әңгімелеңіз
ХІІ МОДУЛЬ:ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ
1-сабақ Өз өлкеңді таны
1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз
1 Өлке сөзін қалай түсінесіз?
2 Туған жер, туған ел тіркесіне анықтама беріңіз
3 «Отан оттан да ыстық» деген мақалды қалай түсінесіз?
2-тапсырма Мәтінді оқып, ат қойыңыз. Өз ойыңызбен жалғастырыңыз
Әркімге туған жері қымбат! Адам үшін туған жерден артық ешнәрсе жоқ. Туған жер деп адам өзінің туып-өскен жерін айтады. Туған жер ұғымы – кең ұғым. Бұл ұғымға туған үйің, туған ауылың, туған қалаң жатады. Қазақ халқында туған жер мен туған ел, Отан деген түсініктер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымдар. Қазақ туған елін атамекен, атақоныс деп бекер атамайды. Өйткені бұл жерге ата-бабаларымыздың қасық қаны, маңдай тері сіңген. Қайда жүрсең де өзің туып-өскен ауылыңды, қалаңды ұмытпайсың, себебі сол жерлерде сенің балалық шағың, жастық кезің өтті.
Туған жер өз үйімізден басталады. Әр адам өз туған жерін құрметтеп сүюі қажет.
«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді.Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүреді.
3-тапсырма Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз
1. Отан – отбасынан басталады. 2. Ер – елінде, гүл жерінде. 3. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол. 4. Ит – туған жеріне, ер – туған жеріне. 5. Өз елім, өлең төсегім. 6. Ел іші – алтын бесік. 7. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. 8. Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің. 9. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары. 10. Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді. 12. Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
4-тапсырма Әріптердің орнын ауыстыру арқылы Қазақстан қалаларының атын табыңыз
1.МАТЫАЛ
2. АНАТСА
3. ЫДНАҒАРАҚ
4. ЕКТНМЫШ
5. НЕСӨМЕК
5-тапсырма Елімізде қандай туристік өлкелер бар? Өз ойыңызбен бөлісіңіз
2-сабақ Қазақстанның көрікті жерлері
1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз
1. Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіз?
2. Қазақстанның қандай санаторий-курорттарын білесіз?
3. Өздерің тұрған жерде емдеу-сауықтыру, демалыс орындары бар ма?
2-тапсырма Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз
Шипалы су, емдік балшық, ғажап, емдеу-сауықтыру, ем қабылдау,
күш-қуатты,бұлақ көздері, көрікті, емдік қасиеті бар.
3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз