Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fiz_ras_shpor.docx
Скачиваний:
89
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
148.29 Кб
Скачать

15. Өсімдіктер тіршілігіндегі периодтық жағдайлар

Өсу өс-ң тіршілік әрекетінің ең айқын көрінісі.Ол өс-гі зат алмасу процестерінің жиынтығына байланысты.Өсу процестері төмендегі көрсеткіштермен бейнеленеді-1.Өс-тің ж/е оның жеке мүшелерінің өлшемдерінің ұлғаюы.2.Мүше сандарының көбеюі.3.клетка санының көб-і.4.клетка көлемінің ұлғаюы.5.Протоплазма мөлшерінің көб-і.6.Өс-ң құрғақ салмағының артуы.7.Клетканың жаңа құрылымдарының п.б.Осы көрсеткіштердің біреуі өз алдында өс-ң өсуін сипаттай алмайды.Өс-ң жеке мүшелерінің ж/е ұлпалапының өсуі біркелкі болмайды.Орган-ң қарқынды өсу ж/е жаңфдан қалыптасу процестері әдетте өсу төбешегінде н/е мүшелердің ұштарында жүзеге асады. Өсімдіктің өсуі 3 кезеңге бөлінеді-А)ұрықтық,Б)созылып өсу,В)жіктелу.Өсудің эмбриондық кезеңінде клеткалардың барлығы цитоплазмаға толған,вакуольсіз күйде болады,келесі кезеңде вакуоль қалыптасып,клетка қабығы созылып ұлғаяды.Эмбриондық клеткалар сабақтың,тамырдың өсу төбешегін қалыптастырады.Сабақтың өсу төбешегі сырт жағынан жапырақшалармен,буршікшелермен қоршалады.Тамырдың өсу тобешелігі тамыр қынабымен қоршалады.Эмбриндық кезеңде цтоплазма ж/е ядро ұлғаяды.Клетканың созылып өсу кезеңінде оның көлемі ұлғайып,вакуольдер толық қалыптасады.

Блок 2

  1. Галофиттердің тобы және физ.ерекшеліктері

Г-дің анатомиялық,морфологиялық,физ-қ ерекшеліктерін зерттеуге көптеген ғалымдар еңбек сіңірді. Осындай зерттеулердің нәтижесінде Г-дің ұзақ жылдар бойы даму барысында тіршілік әрекеттерін тұзды орталарда қалыпты жүзеге асыруына мүмкіндік беретін Ан-қ-Морф-қ ,физ-қ ерекшеліктері қалыптасқандығы анықталады.Г. Өздерінің ұлпаларындағы осмостық қысымның жоғарылығына байланысты тұзды топырақ ерітіндісінің осмостық қысымына төтеп беріп,өздерін сумен қалыпты мөлшерде қамтамасыз ете алады.Олардың кейбір топтарында осмостық күш негізінен тұзды топырақтан сіңетін орг-қ заттардың есесінен жоғырылайды.Тұзды ортаға бейімдеушілік ерекшеліктеріне байланысты Г. Негізгі 4 топқа бөлінеді. 1.Тұз жинақтаушы Г(эвгалофиттер).Бұл топқа тұзға төзімділігі өте жоғары сораң өсімдіктері,Мыс-шөптесінсораңбұзаубас жатады.Бұл өс-дің плазмалары тұзды оңай өткізеді,ұлпаларындағы тұздың молшері оте көп болады.2.Тұзды бөліп шыгаратын Г.(криногалофиттер) күшті ж/е шамалы тұзды топырақтарда өніп өседі.Бұлардың орган-ғы тұздар арнайы бөлгіш клеткалар-безшелер арқыла бөлінеді.Олардың саны топырақтың тұздылығы жоғарылаған сайын көбейе береді.Сонымен қатар бұл өс-дің жапырақтары тұзға толғаннан кейін түсіп қалады.3.Тұзды сіңірмейтін Г.(гликогалофиттер).Тұзы төмендеу топырақтарда өсіп өнеді.Олардың клеткасындағы осмостық күш фотосинтез өнімдеріне-көмірсуға байланысты болады.Клеткалары арқыла тұздар сіңбейді.Олардың өкілдері жусан,изен.4.Тұзды оқшаулап жинақтаушы Г-де сыртқы ортадан енген тұздар арнайы тұз жинағыш,копіргіш тәріздес түкшелерде жиналып сақталады.Одар жапрақтың екі бетінде де қалың болып орналасады.Егер,осы өс-р тұзсыз топырақтарда өссе онда түкшелер пайда болмайды.Өкілі-Алабұта.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]