Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Germania_1.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Германия Федеративтік Республикасы

Орындаған: Шенгелбаева Б.Қ.

Қабылдаған: Мылқайдаров Ә.Т.

Алматы 2013жыл

Жоспар

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1.Мемлекеттің тарихы

2.Экономикалық-географиялық орны

3.Табиғат ресурстары мен байлықтары

4.Мемлекеттік құрылысы

5.Халқы:

а)Халқының динамикалық өсімі

б)Этникалық құрылымы

в)Тілі

г)Діні

д)Нәсілі

е)Таралуы мен қоныстануы

6.Шаруашылығы:

а) өнеркәсібі

б) ауыл шаруашылығы

в) көлік қатынасы

7.Экологиясы

8.Туризмі

9.Халықаралық байланыстары

ІІІ.Қорытынды

Кіріспе

Германия Федеративтік Ресрпубликасы-Орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания деп те аталады. Жер аумағы 356, 96 мың км2. 82 млн-ға жуық халқы бар.

Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33,6%-ын өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1,2 %-ын ауыл шаруашылығы өнімдері мен орман шаруашылығы береді. Экономикасының негізгі салаларына қоңыр көмір (дүние жүзінде 1 орында) мен тас көмір, қара және түсті металлургия, химия, электртехника мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері жатады. Басты пайдалы қазбаларына-қоңыр және тас көмір жатады. Қоры бойынша Рур Бассейні Батыс Еуропада бірінші орынды алады. Алайда оны өндіру айтарлықтай қиындықтар туғызады. Электр энергиясы негізінен, жылу электр станцияларынан (ЖЭС) және шамамен ¼-і АЭС-терден алынады. Бұған қоса фарфор өнімдері мен музыкалық аспаптар, баспа машиналары мен оған қажетті өнімдер шығару жақсы жолға қойылған. Ауыл шаруашылығында халықтың 5 %-ы ғана жұмыс істенімен, еңбек өнімділігі өте жоғары. Мал шаруашылығы (сиыр, шошқа т.б.) мен егін шаруашылығынан (астық өнімдері, қант қызылшасы, картоп) басқа шарап шығару мен балық аулау жақсы дамыған.

Елдегі темір жолдың ұзындығы 496,6 мың км, теңіз-сауда флотының жылдық тасымал көлемі 5,6 млн. тонна шамасында. Ел экспортқа машина, құрал-саймандар, химия өнімдерін, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері (50%), АҚШ, Жапония, ТМД елдері.

Негізгі шаруашылық салалары машина жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Германия сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орынды алады.

1.Мемлекеттің тарихы

Германия - латынша Germania, немісше Deutschland, Deutshe-неміс, land-ел, сөзбе-сөз аударғанда немістер елі. Бір болжамдарда "найзашының жері", германдық "ger"-"найза" және латынша "man" - адам. орыс аудармаларында барлық адамның жері, Deutschland - "халықтың жері", "Allemagne" - барлық солтүстік -шығыс халықтарын атайды./1/

Германия жерін адам баласы палеолит дәуірінде-ақ қоныстана бастаған. Б.з.б ІІІ-ІІ мыңжылдықта жергілікті тұрғындар мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысты, ал б.з.б. І мыңжылдықта темір қорытуды меңгерді. Б.з.б. І ғасырда Рейннің батыс жағалауы Рим империясының қол астына қарады. ІV ғасырдың аяғында германдықтардың алғашқы тайпалық одақтары пайда болды. Олар шығыстан келген ғұн тайпаларымен қосылып, V ғасырда Батыс Рим империясын талқандады. VІ-VІІІ ғасырларда герман тайпалары франктердің қол астына қарады. Олар христиан дінін осы кезде қабылдады. 843 жылы Франк империясы ыдыраған кезде Шығыс Франк корольдігіне бағынды.Осы мемлекеттің негізінде герман тайпалары қайтадан біріктіріліп, Германияның тұңғыш королі Генрих І-дің басшылығымен 919 жылы Герман королдігі құрылды. Алғашқыда бұл королдікте 4 тайпалық герцогтік (Саксония, Франкония, Алемания, Бавария) бағынды, кейін Лоторингия (925 жылы) және Фризия қосылды. 962 жылы герман королі Оттон І Римді жаулап алып, Рим папасы тағына отырды. Корольдік ХІ ғасырдың ортасынан бастап бытыраңқылықты бастан кешірді. ХVІІІ ғасырға дейін қорольдікті билеуші 17 әулет ауысты. ХІV ғасырда жеке-жеке княздік өкілдерінен тұратын заң шығарушы орган-рейхстаг жұмыс істей бастады.

Француз императоры Наполеон І Австрия мен Прусияны талқандағаннан кейін (1806 жылы) «Қасиетті Рим империясы» жойылып, герман князьдіктеріндегі бытыраңқылығы әрі қарай жалғасты. Франция талқандалғаннан кейін 1815 жылы Вена конгресінің шешімімен Австрияның басқаруындағы Герман одағы құрылды.

Ал 1879 және 1881 жылдары Австрия-Венгриямен, Италиямен келісімге келіп, «Үштік одақ» құрды. Оған қарсы Антанта одағы құрылып, Бірінші дүинежүзілік соғысқа әкеліп соқтырды. 1919 жылы 18 маусымда Версаль бейбіт келісімі жасалынды, алайда ұзақ уақыт өтпей келісім қайта бұзылды. Гитлер канцлер болғанан кейін фашистік диктатура орнатылып, Екінші дүниежүзілік соғысқа алып келді. Соғыстан кейін Германия екіге бөлінді.1961 жылы Берлин қабырғасы тұрғызылып, шекара күшейтілген еді. Бірақ социолистік елдердегі саяси реформалар нәтижесінде 1990 жылы 3 қазан күні Берлин қабырғасы құлатылып, екі герман мемлекеті қайтадан бірікті. /2/

1.Этимологический русскоязычный словарь Фасмера. — Прогресс, 1964 жыл, 87,562 бет.

2.Қазастан Ұлттық Энциклопедиясы, 3 том, Алматы,2001 жыл, 9-10 бет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]