Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Germania_1.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

Vіі.Экологиясы

Германия өнеркәсібінің жетекші салаларына қара және түсті металлургия, машина жасау, электрондық, химиялық және мұнай-химия кәсіпорындары жатады. Бұл өнеркәсіптік ел қоршаған ортаның ластануынан қатты зардап шегеді. Мысалы, Шварцвальдтағы бүкіл ормандардың жартысы дерлік қышқыл жауындармензақымданған. Германия табиғатты қорғаумен байыпты түрде айналыса бастаған алғашқы батыс елдерінің бірі. Қазір "жасылдар" партиясының өкілдерігерман парламенті— бундестагтегі көпшілік орынды иемденіп отыр. "Жасылдар" партиясы мен табиғат қорғау ұйымдарының қысымымен Германия қоршаған ортаның жағдайына бақылауды қатал қолға алып,атом электр станцияларынжаба бастады.

Экологиялық жағдайда аса қатты мән берілген және заңда қатаң түрде бекілген. Егерде өндіріс орындарының, құрылыс нысардарын салу барысында т.б. экологияға зиянды қалдықтар мен қауіптілік жағдайы байқалса, онда заңмен қудаланады немесе ол нысандардың жұмысын толығымен тоқтады.

Негізінен неміс халқы тазалықты жақсы көреді. Еуропадағы ең таза мемлекеттердің бірі саналады.

Экологиялық жағынан ең лас аймақтарына Рур, Саар, Лотарингия т.б. жатады. Бұл аймақтарда өндірістік қалдықтар,кәсіорын түтіндері ауаны ластауда. /3/

1. Гладкий Ю.Н. Экономическая и социальная география зарубежных стран –Москва, 2009 год ,2-е издание ,стр 71-73

2.Социально-экономическая география зарубежного мира, Мосвка « Крон-Пресс», 1998год, стр 205-223.

3. Языков Е.Ф. История стран Европы и Америки — Москва, 1971год, стр 151.

Vііі.Туризмі

Немістер саяхаттағанды өте қатты жақсы көретін халық.

Германия әлемдегі ең қауіпсіз туристік бағыттағы бәсекеге қабілетті аймақ. Еуропаға саяхаттаушылардың әрбір үшіншісі Германияда болып қайтады. Қонақ үйлерде тұрақтағандардың саны 2010 жылы -38,3 миллионды құрады. 2009 жылға қарағанда 3 % -ға өскен. Немістердің елде демалуы 30 %-ды құрайды. Шет елдік туристтерді қабылдау жөнінен Германия әлемде жетінші орында. 2008 жылы 133 миллион туристті қабылдады./1/

ХІХ ғасырдың жартысына дейін Еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері болып, сол кезгі кейбір авторлар туризмді «аристократтық туризм» деп те атады. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана әсіресе, ХХ ғасырдың 20-ші жылдарында туристтік қозғалыс өзгерістерге ұшырап демократиялана бастайды./2/

Көлік құралдарының дамуы, әрине, туристтік қозғалыстың интенсивтігі мен оның кеңістіктік өзгерістерге ұшырауына ең басты себеп болды. Ең 1-ші темір жол желісі – Манчестер – Ливерпуль 1825 жылы Англияда ашылды. Бұрын апталар шығындалатын саяхаттарға, ендігі жолы әркімнің және өте қымбат емес бағамен қолы жететін болды. Темір жолдар барлық мемлекеттерде өте шапшаң қарқынмен салына бастады. Олар туристтік қозғалыстың кеңістіктік құрылымын және көлемін өзгертті. Теңіз техникасының дамуы әсіресе желкенді кемелер орнына пароходтардың қолданысқа енуі континент аралық саяхаттарды жақсартты. Атлант мұхитын кесіп өту мерзімі бірнеше есе қысқарды, ол Ливерпуль – Нью-Йорк трассасында 1816 жылғы 20 — 25 күннен, 1838 жылы 12 күнге, 1850 жылы 8 күн 17 сағатқа, 1883 жылы 6 күн 18 сағатқа қысқарды. Пассажирлік континентаралық теңіз саяхаттарымен бірге Еуропалық теңіздер Жерорта теңізі мен Ла-Манш каналы бойымен саяхаттарға қатысушылар саны әрдайым өсіп отырды./3/

Туристтерді таң-тамаша ететін көрікті, әрі тарихи орындар: Бондағы Поппельсдорф мұнарасы, Кобленцтегі Эренбрайтштайн ғимараты, Бремендегі Әулие Петр соборы, Лейпцигтегі «Битва народов» ескерткіші, Франкфурттегі Штауфен-Зальхоф резиденциясы, Мюнхендегі Нимфенбург мұнарасы (баварлық колольдердің жазғы резиденциясы) , Берлиндегі Берлин қабырғасының қалдықтары, Бранденбург қақпасы, Рейхстаг ғимараты.

Европадағы ең ірі зоологиялық паркпен ботаникалық бақ Келн мен Берлинде орналасқан.

Курортты қалалары: Ахен, Висбаден, Байройт, Баден-Баден (Шварцвальд тауындағы туризм орталығы)./4/

1.Малая энициклопедия стран «Торсинг», Мосвка, 2002год, стр 55

2.Қазастан Ұлттық Энциклопедиясы, 3 том, Алматы,2001 жыл, 9-10 бет

3. Социально-экономическая география зарубежного мира, Мосвка « Крон-Пресс», 1998год, стр 205-223.

4. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945 жж.) Алматы «Қазақ университеті» 2004жыл 170 бет

Әйгілі музейлері: Эйзенахтағы Мартин Лютер үйі, Бондағы Л.Бетхованның музей-үйі, Франкфурт на Майнедегі И.В.Гетенің музейі, Майндағы Орталық рим-германдық музейі, Магдебургтағы мәдени-тарихи музей, Любектегі өнер және тарихи мәдениет музейі, Нюрбергтегі ойыншық, Герман ұлттық музейі, Лейпцигтегі Германдық кітаптар мен жазбалар музейі, Кельндегі Вальраф-Рихарц-Людвигтің сурет галериясы, Швериндегі алғашқы және ежелгі тарих музейі, Ганновердегі Кестнер музейі және т.б.

Ең ірі туристтік аймақтарға-Шығыс Фризбен Солтүстік Фриз аралдары, Балтық теңізі жағалауындағы Гольштейн мен Мекленбург-Померания, Бавар орманы, Шварцвальд, Бавал Альпісі көркімен көз тартатын, табиғаттың сулулығымен тамсандыратын жерлер. Аймақтарда таралуы жағынан қарастырсақ:

Солтүстікте: Гарц, Голштиндік Швейцария, Люнебург

Батыста: Тевтебург орманы, Зауэрланд, Айфель, Мозель жазығы

Шығыста: Саксондық Швейцария,Тюрингендік орман, Рудный таулары, Эльба жазығы

Оңтүстікте: Таунус, Шпессарт, Оденвальд, Альгой ./1/

ІХ.Халықаралық байланыстары

ЕО пен НАТО-ға мүшелік етеді. Еуро одақта (Германияның үлесі-20% , 26,6 млрд. евро). БҰҰ –на 1973 жылдан бері мүшелік етеді. Германияның БҰҰ-дағы үлесі 8%, 1996 жылы Бонн «БҰҰ-ның қаласы» болып бекітілді. Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.

Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойыншаҰлыбритания,Италия,АҚШжәнеНидерландыкеледі. Қазақстан мен Германия. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапармен келген еді. Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Германия біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қазақстан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688 бірлескен кәсіпорын тіркелген./2/

1.Альтман И.В. Европа в новое и новейшее время — Москва, 1966 год, стр 68.

2.Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945 жж.) Алматы «Қазақ университеті» 2004жыл 170 бет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]