Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Germania_1.docx
Скачиваний:
16
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
78.66 Кб
Скачать

Қорытынды

Германия Федеративтік Республикасы-Орталық Еуропада орналасқан жер көлемі жағынан ірі мемлекеттердің бірі.Халқы мемлекет аумағында біркелкі таралған.Тек ірі қалалар мен өндірістік орталықтарда халықтың тығыздығы жоғарырақ. Алайда қазіргі уақытта Германия демографиялық дағдарысты бастан кешіруде.Ұлттың қартаюы орын алып, туу көрсеткіші төмендеп,өлім-жітім азайған. Осыған сәйкес Германияда демографиялық саясат жүргізуде.Табиғи өсім сырттан келушілер есебінен артуда.

Екі бірдей дүниежүзілік соғыста да жеңіліс тапқанымен қазіргі күнде экономикалық жағынан қуатты, дамығын елдер қатарында. АҚШ, Қытай сияқты алпауыт елдермен бәсекелесе алатын бірден-бір ел. Еуропалық Одақта, НАТО-да, БҰҰ мен ЕҚЫҰ белсенді мүшелік етуінің өзі елдің әлемдік аренадағы беделін көрсетеді. Елдің осындай дәреже жетуі дұрыс жүргізілген саясат пен халықтың еңбекқорлығынының арқасында.

Германия аса жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Елдегі ұлттық табыстың 33,6%-ын өнеркәсіп пен құрылыс өнімдері, ал 1,2 %-ын ауыл шаруашылығы өнімдері мен орман шаруашылығы береді.Экономикасының негізгі салалары: қоңыр көмір (дүние жүзінде 1 орында) мен тас көмір шығару, қара және түсті металлургия, химия, электртехникасы мен радиоэлектроника, машина жасау, кеме жасау, станок шығару, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері.Машина жасаудан, әсіресе жеңіл автокөлік шығарудан Жапония, АҚШ елдерімен бәсекелестікте.Әлемде германдық автокөліктер ең алдыңғы брендті иеленіп те келеді. Ең әйгілі автокөлік маркалары «Мерседес», БМВ, «Фольсваген». Германия сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орынды алады.

Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері (50%), АҚШ, Жапония, ТМД елдері.

Ал Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Екі ел саудасы күннен-күнге артып, саяси-экономикалық қарым-қатынасы одан әрі жақсаруда. Германдық өнімдер мен тауарлар- елімізде сапасы жағынан жоғары бағаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]