Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Galia_otchet_ped_praktika.docx
Скачиваний:
315
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
859.69 Кб
Скачать

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Заң факультеті

Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

2 - курс магистранты

Қуанышбаева ғалияның

педагогикалық тәжірибе бойынша

ЕСЕБІ

Алматы, 2014 ж.

Мазмұны

  1. Педагогикалық тәжірибе бойынша бағалау парағы

  2. Магистранттың педагогикалық тәжірибе бойынша есебі

  3. Магистранттың педагогикалық тәжірибені өту жөніндегі күнделігі

  4. Мінездеме – магистрантқа

  5. Мінездеме – студентке

  6. Мінездеме – топқа

  7. Сынақ семинар сабағын талқылау хаттамасы

  8. Сынақ дәрісті талқылау хаттамасы

  9. Ашық сабақтың хаттамасы

  10. Дәріс сабағын өткізудің ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

  11. Семинар сабағын өткізудің ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ

  12. Тәрбиелік іс-шараны өткізу ЖОСПАРЫ

Қр Білім және Ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Заң факультетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы» кафедрасы

Заң факультетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы» кафедрасының 2-курс магистранты Қуанышбаева Ғалия Батырханқызының педагогикалық тәжірибесінің бағалау парағы

А.Ж.Т.

Баға

Қолы

Күні

1.

Педагогикалық тәжірибенің ғылыми жетекшісі, з.ғ.к. доцент Ермухаметова С.Р.

2.

Психолог, п.ғ.д.,профессор Бердібаева С.Қ.

3.

Педагог, п.ғ.к

Оңалбеков Е.С.

4.

Комиссияның төрағасы з.ғ.д. профессор Тыныбеков С.Т.

5.

Комиссия мүшесінің орынбасары з.к.д., профессор Абикенов А.А.

6.

Комиссия мүшесі з.ғ.к. доцент Алдашев С.М.

Практиканың басталуы: 1 кыркүйек 2014жыл

Практиканың аяқталуы: 10 желтоқсан 2014жыл

Практиканы өткізу орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Заң факультеті

Мекен жай: Алматы қ., әл-Фараби д., 71

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Заң факультетінің «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы» кафедрасының 2-курс магистранты Қуанышбаева Ғалия Батырханқызының жоғары оқу орындарында педагогикалық тәжірибе өткізу жөніндегі

ЕСЕБІ

Мен 2014 жылдың 1 қыркүйек – 10 желтоқсан аралығында Қазақ Ұлттық Университетінің Заң факультетінде педагогикалық тәжірибеден өттім. Тәжірибенің алғашқы күні мен өзімнің ғылыми жетекшім з.ғ.д, доцент Ермухаметова Сәулегүл Раимовна және практика жетекшісі з.ғ. к., доцент Алдашев С.М.-пен бірігіп отырып, педагогикалық тәжірибенің жоспарын жасадық. Тәжірибе барысында С.Р. Ермухаметованың семинар, лекция және СОӨЖ сабақтарына қатыстым. «Заң» факультетінің 4 курс студенттеріне «Корпоративтік құқық» және «ҚР неке және тұрғын үй құқығының мәселелері» пәні бойынша дәріс , семинар және СОӨЖ сабақтарын жүргіздім. Сонымен қатар, ғылыми жетекшім мен басқа да магистранттардың сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтадым.

Әр сабақ өткізер алдында жетекшіме сабақ жоспарын тексертіп, сабақтың барысы мен түрі туралы пікірін сұрап отырдым. Ал сабақ өткізіліп болған соң жетекшім талдау жасап, кемшіліктерімді ескертіп, ақыл-кеңестер беріп отырды. 4 желтоқсан күні «Заң» факультетінің 316 аудиториясында сағ. 14.00-16.00 аралығында «Заң» факультетінің 3 курс студенттеріне «Қазақстан Республикасының неке және отбасы заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында ашық конференция сабағын өткіздік. Ашық конференция сабағына жетекшім, з.ғ.к., доцент Ермухаметова С.Р. және практика жетекшісі з.ғ. к., доцент Алдашев С.М., з.ғ.к., доцент Мукалдиева Г.Б., з.ғ.к., доцент Омарова А.Б., аға оқытушы Теңізбаев Т.Т., аға оқытушы Худайбердина Г.А., магистранттар Абыдқалыкова А., Кунаева А., Усенбаева А., Султанов Б., Молдагулова М.,Қозыбағарова М., Джигитекова Д. қатысты. Ашық дәріс сабағының қорытындысы бойынша жетекшім тақырыпты толық аша алғанымызды және тақырыпты студенттерге дұрыс, толық жеткізе білгенімді айтты. Ал, басқа оқытушылар дәрісті өткізу барысында өзімді сенімді және орнықты, педагогикалық тұрғыдан өте жақсы ұстай алғанымды атап өтті. Конференцияға қатысқан оқытушылар ашық сабақты «өте жақсы» деп бағалады.

Сонымен бірге, 29 қазан күні «Заң» факультетінің 312 аудиториясында «Заң» факультетінің ЮП – 303 тобымен сағ. 14:20-15:10 аралығында «Тұрғын үй қорлары» тақырыбында ашық семинар сабағын өткіздім. Ашық семинар сабағына жетекшім, з.ғ.к., доцент Ермухаметова С.Р., және практика жетекшісі з.ғ. к., доцент Алдашев С.М., з.ғ.к., доцент Мукалдиева Г.Б.., аға оқытушы Токмамбетова И.Ш., аға оқытушы Теңізбаев Т.Т., аға оқытушы Худайбердина Г.А., магистранттар Абдықалыкова А., Кунаева А., Молдағұлова М. және Султанов Б. қатысты. Ашық семинар сабағында топ студенттері өте белсенді қатысып, бір-бірлеріне сұрақ қойып, сабаққа жақсы араласып отырды. Сабақ тиісті деңгейде өтті және қатысқан оқытушылар жоғары бағалады.

Сонымен қатар, магистранттар “Күз ханшайымы” aтты тәрбиелік мақсатта іс-шара өткіздік. Мақсаты: жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуілсіз Қазақстанда тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірімділікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сайысқа 3 курс студенттері яғни қыздары қатыстырылды. Сайыс 5 турдан тұрады, 1 тур-таныстыру, 2 тур-өз өнері, 3 тур-сұрақ жауап, 4 тур дастархан дәмі, 5-тур сән үлгісі. Осы турлар арқылы қыздар өздерінің өнерлерін көрсетті.

Педагогикалық тәжірибеден өту барысында өте қызықты өтті және маған ұнады. Болашақ оқытушы ретінде тәжірибе барысында көптеген қажетті мәліметтер алып, оларды келешекте өз керегіме жарату жақсы оқытушы болып қалыптасуыма алғышарт болып табылады деп ойлаймын. Оқытушының қызметі жауапкершілігі мол, біліктілік пен біліміділікті қажет ететін мамандық деп білемін. Және осы университет қабырғасындағы педагогикалық тәжірибе барысында жинаған тәжірибемнің болашақта көп көмегі тиеді деп ойлаймын.

Ғылыми жетекшісі,

з.ғ.к., доцент Ермухаметова С.Р.

Педагогикалық

тәжірибе жетекшісі,

з.ғ.д., доцент Алдашев С.М.

Психолог: п.ғ.д.,прфессор

Бердібаева С.Қ.

Педагог: п.ғ.к.

Оңалбеков Е.С

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультетінің 2 курс магистранты Қуанышбаева Ғалияның

педагогикалық тәжірибе барысында жүргізген

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]