Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Galia_otchet_ped_praktika.docx
Скачиваний:
315
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
859.69 Кб
Скачать

«Қр неке және тұрғын үй құқығының мәселелері» курсы бойынша семинар сабағын өткізудің технологиялық картасы

Сабақтың тақырыбы: Бала асырап алу

Сабақтың мақсаты: ҚР-ның неке және отбасы заңнамасының бала асырап алу тармағын қарастыру

Сабақтың түрі: Семинар

Әдісі: ауызша түрде

Уақыты: 1 академиялық сағат (50 минут)

Атауы

Уақыты

Қысқаша мазмұны

Ескерту

1

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Аудиторияны семинар сабағына дайындау, студенттердің қатысуын тексеру

2

Негізгі бөлім

40 минут

а) Студенттерден бала асырап алу түсінігін сұрау

15 минут

Бала асырап алу – сот шешімінің негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны, нәтижесінде шығу тегі бойынша туысқандық міндеттерге және құқықтарға теңестірілетін жеке мүліктік және мүліктік емес міндеттер туындайды.

ә) Студенттерден патронат, қамқоршы, қорғаншыны сұрау

10 минут

Патронат жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылық бойынша қызметтерді жүзеге асыратын орган және баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның арасында жасалатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиеге беріледі.

Қамқоршылық 14 жасқа толмаған балалардың және сотпен қабілеті жоқ деп танылған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Қорғаншылық – 14 және 18 жастағы баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктер немесе нашақорлық заттарды шамадан тыс қолдану салдарынан әрекет қабілеттілігі сотпен шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

б) Баланы асырап алудың қадамдық рәсімдер сұрау

15 минут

  • Қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша қызметті жүзеге асыратын органға қажетті құжаттарды және өтінішті беру.

  • Қорғаншылық және қамқоршылық органынан жолдама алу немесе баланы асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою.

  • Бар жолдамаға сәйкес жеке:

3

Қорытынды

5 минут

Семинар сабағын қорытындылап, студенттерді бағалау

Ғылыми жетекшісі,

з.ғ.к., доцент Ермухаметова С.Р.

Педагогикалық

тәжірибе жетекшісі,

з.ғ.д., доцент Алдашев С.М.

Магистрант-практикант:

Қуанышбаева Ғ.Б.

Бала асырап алу

Бала асырап алу және қамқоршылық – ерекше жауапкершілік пен маңызды шешуді талап ететін қарым-қатынастың екі түрі. Баланы асырап алу немесе қамқоршылық туралы маңызды шешімді қабылдай отырып, тек моральдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар моральдық және материалдық, сонымен қатар заңдық тұрғыдан дайын болу қажет. Қазақстандағы қамқоршылық немесе асырап алуға рұқсат алудың кезеңдері және негізгі талаптарын қарастырамыз.

Алдымен ата-ана мен асыранды баланың қарым-қатынасын сипаттайтын түсініктерді талдайық. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес заңдық қарым-қатынастардың түрлері мыналар болуы мүмкін: асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық немесе патронаттық тәрбие. Әрқайсысына толығырақ тоқталайық.

Бала асырап алу – сот шешімінің негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны, нәтижесінде шығу тегі бойынша туысқандық міндеттерге және құқықтарға теңестірілетін жеке мүліктік және мүліктік емес міндеттер туындайды.

Патронат жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамқорлық пен қорғаншылық бойынша қызметтерді жүзеге асыратын орган және баланы (балаларды) тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның арасында жасалатын шарт бойынша отбасына патронаттық тәрбиеге беріледі.

Қамқоршылық 14 жасқа толмаған балалардың және сотпен қабілеті жоқ деп танылған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Қорғаншылық – 14 және 18 жастағы баланың (балалардың), сондай-ақ спирттік ішімдіктер немесе нашақорлық заттарды шамадан тыс қолдану салдарынан әрекет қабілеттілігі сотпен шектелген кәмелетке толған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Осылайша, қалыптасқан жағдайға байланысты егер сіз баланы отбасына қабылдап, ол үшін өз туған балаңызға қарағандай толық жауапкершілікті алғыңыз келсе, болашақта оған мүлік құқығын  беруге дайын болсаңыз, бала асырап алуға тоқталғаныңыз жөн.Егер сіз туыстық және мүліктік құқықтарды берместен тәрбиелеген жөн деп санасаңыз, бұл жағдайда патронатты таңдау қажет. Бұл жағдайдағы баламен қарым-қатынас қамқорлық және қорғаншылық органымен шартпен реттеледі, ал патронат ақысыз негізде және белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.

Қамқоршылық пен қорғаншылық жалпы көбіне мүліктік құқықтарды анықтайды, алайда бұл қамқоршы немесе қорғаншы қамқорлыққа алынатын тұлғаның қамын ойламау керек дегенді білдірмейді. Асырап алудан қамқорлық пен қорғаншылықтың басты ерекшелігі әрекет қабілеттілігі және жасын шектеудің аспектілері болып табылады. Басқаша айтқанда, бұл көмек өзінің жасы мен денсаулығына байланысты өздігінен өмір сүре алмайтын, өз құқықтарын қорғай алмайтын және мүлікті басқара алмайтындарға көмек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]