Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fiz_ras_shpor.docx
Скачиваний:
89
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
148.29 Кб
Скачать

2.Жарық экологиялық фактор ретінде

Жарық абиотикалық факторға жатады. Жарықтың 43 % -ы ғана жерге жетеді. Таза жарық 25 пайыздай . Күн сәулесінің интенсивтік радиациясы-сандық мөлшері д.а. (дж/см2 минутына)

Жарық сәулесінің түсуі- радиация д.а. Өсімдікке физиологиялық әсер беретін сәулелер сапалық сәулелер. 580-460 нанометр сәулелер ең сапалы сәулелер. Альбидо шағылысқан сәуле мен түсу сәулесінің қарым қатынасы. Жарықтың түсуі жер рельефіне б/ты б/ды. Биоценоздың ярустылығы ол өс-дің биіктікке б/ты өсуі. Фотоперидизм – күн мен түннің бір организмге әсері.

Гелиофиттер (жарық сүйгіш өсімдіктер) – өсуі үшін тура түскен күн сәулесін қажет ететін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктерге бақажапырақ, тұңғиық, балқарағай, акация, қайың, бозкілем, т.б. жатады. Жарық сүйгіш өсімдіктермен көлеңкеде өсетін өсімдіктердің ішкі құрылысында айтарлықтай айырмашылықтар болады. Мысалы, Жарық сүйгіш өсімдіктердің эпидермисклеткаларының қабықшалары қалың және лептесіктері (устьицелері) көп болады. Жапырақ клеткаларында хлоропластар өте көп (50 – 300). Жарық сүйгіш өсімдіктердің жапырақтарының бетінде көптеген ақ түсті түктер, төмпешіктер болады, ол тура түскен күн сәулесін кері шағылыстырып, өсімдіктен судың көп булануына кедергі жасайды.

Жарық. Күн сәулесінің спектрінде  биологиялық әсері бойынша ультракүлгін, инфрақызыл, көзге көрінетін сәулелер болып бөлінеді. Ультракүлгін сәулелер аз мөлшерде ағзаларға қажет, өйткені онық бактерияларды жоятын, өсу үрдісін және жасушалардың дамуын әрекеттендіретін. Көп мөлшерде мутацияға себеп болуы да мүмкін. Ультракүлгін сәулелердің басым бөлігі озон қабатында шағылысып, жерге жетпейді. Көзге көрінетін сәулелер – фотосинтезге энергия беретін, жердегі тіршіліктің негізгі көзі. Инфрақызыл сәулелер – жылу энергиясының көзі. Өсімдіктерге күн сәулесі фотосинтез үшін энергия көзі болғаны үшін маңызды. Ортаның жарықтығына бейімделуіне байланысты өсімдіктер гелиофиттер (жарықсүйгіш), сциофиттер (көлеңке сүйгіш) және фокультативті гелиофиттер (көлеңкеге шыдамды) болып бөлінеді. Фотопериодизм – өсімдіктер мен жануарлардың жарықтың түсу ұзақтығына байланысты әрекеттері. Ағзалардағы маусымдық өзгерістер көбінесе жарықтың түсу ұзақтығына байланысты реттеледі. Жарықтың түсу ұзақтығының өзгеруі температура өзгеруімен бірге жүреді.

3.Өс-тің минералды қоректенуінде микроэлементтердің рөлі

Орташа есеппен өс-тің сусыз құрғақ затының құрамында көміртек-46%,сутегі 6.5%,азот-1,5%,мин-қ элементтер-5% .Органогендер деп аталатын элементтердің үлесіне өс-ң құрғақ салмағының 95% тиеді,қалған 5% мин-қ элементтер құрайды.Мөлшері 0.001-ден 0.00001% арасында кездесетіе микроэлементтерге-Mn,B,Cu,Zn,Ba,Ti,Li,Br,Mo,Co,т.б жатады.Мөлшері одан да аз ультромикроэлементтерге Cs,Se,Cd,Hg,Ag,Au,Ra жатады.

Микроэлементтер–топырақта, тау жыныстарында, қазба көмірлерде, табиғи және минералды суларда, организмдерде (аз мөлшерде 0,01 – 0,1% не одан төмен) кездесетін химиялық элементтер. Микроэлементтерге Al, Fe, Cu, Mn, Zn, Mo, Co, І, т.б. жатады. Олар бірқатар ферменттердің, витаминдердің, гормондардың, тыныс алу пигменттерінің құрамына кіреді. Академик В.Вернадский Микроэлементтердің биосферадағы таралуының бірнеше заңдылықтары бар екенін зерттеді. 30-дан астам Микроэлементтер адам, жануар және өсімдік тіршілігіне өте қажет. Микроэлементтердің артық не кем болуы организмдегі зат алмасу процесін бұзады. Микроэлементтер өсімдіктің организміне топырақпен ауысады. Егер өсімдік құрамында бор болған жағдайда ол азот, фосфор және калийді жақсы сіңіреді. Бор жетіспегендеөсімдік тұқымы нашарлайды, әр түрлі ауруларға шалдығады. Марганец пен мырыш тотығу - тотықсыздану процесін жылдамдатып, өсімдіктің өсуін тездетеді. Мыс тотығу ферменттерінің құрамына кіреді және В тобы витаминдерінің синтезін белсендендіреді. Микроэлементтер мұнай, газ және полиметалл кендерін іздеуге, ауыл шауашылығындағы дақылдарының өнімділігін арттыруға (микротыңайтқыштар), т.б. пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]