Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fiz_ras_shpor.docx
Скачиваний:
89
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
148.29 Кб
Скачать

12.Шектеуші факторлардың концепциясы

Фактор, экологияда — 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі. Факторлардың ішіндегі маңыздылары: абиотикалық-экологиялық Фактор — организмдерге әсер ететін бейорганиктік және экологиялық Факторлар; адам Факторы — адамның “адам — қоршаған орта” жүйесіндегі әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін не шектейтін анатропологиялық-морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы; а) адамның әлеуметтік, экономикалық өндірістік, ғылым-техникалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, т.б. қатынастар жүйесіндегі әрекетінің ерекше белгіленуі; ә) қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы қызметтің субъектісі ретіндегі адамға қатысты жағдайлардың бәрі жатады; ақпараттық Фактор— әдетте тіршілікте аса маңызды мәліметтің коды (“жазылу” жүйесі) ретінде көрінетін, сондықтан тіршілік иесіне шамадан тыс әсер етпейтін Фактор, мысалы, генетикалық Фактор; антропиялық Фактор — адамның бір нәрсеге тікелей әсері барысында пайда болатын Фактор; атмосфералық Фактор — атмосфераның физикалық күйімен және химикалық құрамымен байланысты Факторлар; әлеуметтік Фактор — адамдарда қоғамдық қатынастардан немесе табиғаттағы жәндіктерде (құмырсқа, ара, термит, т.б.) әлеум. құрылымнан болатын Фактор; биогендік Фактор — тірі организмдердің қоршаған ортаға қазіргі және бұрынғы замандардағы тікелей не аралық ықпалына байланысты Факторлар жиынтығы; биологиялық Фактор — тіршілік барысында пайда болатын, атап айтқанда оның қалыптасуының негізгі көзі тірі организм не олардың қандай да болсын жиынтығы болып табылатын Фактор (мысалы, жыртқыш пен оның жемтігінің арасындағы байланыс — қорек азаю Факторы); биосфералық Фактор — негізгі көзі және ортасы биосфера болып саналады; биотикалық Фактор — 1) шығу негізі тірі организмнің ортаға аралық әсері болып табылатын Фактор, мысалы, химиялық бөлінділер (фитонцидтер, т.б.), организмдердің жойылуы (көмір, теңіз карбонаттарының түзілуі) немесе олардың бұрынғы өтіп кеткен кезеңдегі іс-әрекеттері (мысалы, топырақ түзілуі); 2) бір организмнің тіршілік әрекетінің басқа организмнің тіршілік әрекетіне әсер-ықпалының жиынтығы. Бұлар түрішілік (демографикалық, этологиялық, топтық, т.б.) және түраралық (селбесу, жыртқыштық, т.б.) болып бөлінеді; (қара Бәсекелестік, Комменсализм, Мутуализм, Паразитизм); биоценоздық (ценоздық) Фактор — негізі жеке организм, популяция, түр не олардың кездейсоқ жиынтығы емес, биоценозды құрайтын организмдердің жиынтық әрекеті болып табылатын Фактор; мутагендік Фактор — тікелей немесе жанама түрде гендік мутациялар тудыратын Фактор, мысалы, радиацияның жоғары болуы, қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы; табиғи Фактор — адамның қатысуынан тысқары (антропогендік емес) немесе оның биологиялық мәнімен байланысты (бұған техногендік әсер де қосылады) әрекет ететін Фактор; табиғи-антропогендік Фактор — табиғи Фактордың адам әрекетінен өзгергендігі соншалық, ол өзінің түп нұсқасынан сан жағынан да, сапа жағынан да өзгеше болып келеді; түрлік Фактор — биологиялық түр шеңберінде пайда болып, әрекет ететін Фактор Жалпы түрлік, популяц., топтық және индивидтік Факторларды қамтиды; физиологиялық Фактор — адамның өз организміне тигізетін жекеше ықпалы, мысалы, стресс; химиялық Фактор — қоршаған ортаның химиялық құрамынан (соның ішінде химиялық ластанудан) болатын Фактор; шектеуші Фактор— 1) қайсыбір процестің, құбылыстың не организмнің (түрдің, қауымдастықтың) тіршілік етуі үшін шектеу қоятын Фактор, мысалы, түрлер арасындағы бәсекелестік; 2) ең көп не ең аз шамада болатындықтан экожүйенің құрамы мен биологиялық өнімділігіне басқалардан гөрі ықпалдырақ әсер ететін экологиялық Фактор, мысалы, далалық аймақта өсімдіктер үшін — су, орманды жерлерде — топырақтағы қоректік заттардың молдығы, тундрада — жылу мөлшері шектеуші Фактор болып саналады; эволюциялық Фактор — қазіргі кездегі әсер сипаты организмдердің бұрынғы геол. кезеңдердегі тіршілік әрекеті нәтижесінде анықталған Факторлар (мысалы, атмосферадағы оттек мөлшері, озоносфера, т.б.); қара Абиотикалық фактор, Антропогендік фактор, Экологиялық фактор

Шектеуші фактор - 1) қайсыбір процестің, құбылыстың не организмнің (түрдің, қауымдастықтың) тіршілік етуінің өтуі үшін шектеу қоятын фактор. Мысалы, басқа түрлердің бәсекелесі; 2) ең көп не ең аз шамада болатындықтан экожүйенің құрамы мен биологиялық өніміне басқалардан гөрі ықпалы болатын экологиялық фактор. Далалық өңірде өсімдіктер үшін шектеуші фактор — су, орманды жерлерде — топырақта қоректік элементтердің молдығы, тундрада — жылу мөлшері. Шағын көлдерде қыстың ортасынан былай судағы оттек мөлшері шектеуші фактор болып шығады (ол жетіспегенде балық жаппай қырылады). Топырақта (немесе су қойманың суында) уытты тұздардың болуы да шектеуші фактор болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]