Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тін» ымыны анытамасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Секреторлық циклдың сатылары.

Эпителий тіндерінің бұл түрінде бірінші орынды секреторлық қызметі – заттарды (өнімді) «экспортқа» шығару алады. Өнімдері дененің бетіне немесе қуыстарға бөліне алады (сыртқы секреция, экзокринді бездердің қызметі). Сонымен қатар, өнім қан мен лимфаға да бөлінеді (ішкі секреция, эндокринді бездердің қызметі). Секреторлық эпителийден бездер – жеке мүшелер немесе олардың бөліктері құралады.

Секреторлық цикл 5 сатыдан тұрады:

  1. Заттарды қаннан сіңіру, олар өнімнің синтезіне қажет. Бұл саты жасушаның тасмалдаушы жүйесінің қатысуымен өтеді: пиноцитоздық көпіршіктер мен фагосомалар жүйесі, иондық каналдар.

  2. Сіңірілген заттардан өнімнің синтезделуі түйіршікті, түйіршіксіз эндоплазмалық торларда, Гольджи комплексінде өтеді. Бұл процестердің алдында арнайы и-РНК пайда болады.

  3. Өнімнің жасушада жинақталуы. Жасушаларда секреторлық түйіршіктердің мөлшері көбейеді. Жасушада өнім артық мөлшерде жинақталмас үшін, секреторлық түйіршіктердің жартысы лизосомалармен бірігіп, жойылады. Бұл процесс кринофагия деп аталады. Экзокриноциттерде өнім жасушаның апикальды полюсында жинақталса, эндокриноциттерде – жиі базальды бөлімдерінде.

  4. Өнімді бөлу мерокринді (жасуша бұзылмайды), апокринді (жасушаның апикальды бөлігі зақымдалады), голокринді (жасуша толық бұзылады) жолдар арқылы өтеді.

  5. Секреторлық жасушаның қалпына келуі.

Бездердің жіктелуі.

Бездердің жіктелуінің бірнеше түрлері бар (Быков В.Л., 1988).

  1. Бездерді құрайтын жасушалардың санына байланысты олар бір жасушалы (бокал тәрізді жасушалар) және көп жасушалы деп бөлінеді.

  2. Эпителиальдық қабатқа қатысты орналасуына байланысты олардың экзоэпителиальды (эпителиальдық қабаттан тыс орналасқан) және эндоэпителиальды (эпителиальдық қабаттың құрамында орналасқан: бокал тәрізді жасушалар) түрлерін ажыратады.

  3. Құрылу деңгейіне байланысты. Бездер мүшенің бір бөлігі немесе жеке мүше ретінде болуы мүмкін.

  4. өнімді бөлу орнына байланысты: экзокринді бездер өнімін дененің бетіне немесе қуыстарға бөлсе, эндокринді – қан, лимфа және тіндік сұйықтыққа бөледі.

  5. Құрылысы бойынша (морфологиялық жіктелуін қара).

  6. Өнімнің химиялық құрамына байланысты: белоктық, шырышты, аралас, май және т.б.

  7. Секреция механизміне байланысты: мерокринді, апокринді және голокринді.

Соңғы үшеуі экзокринді бездерге қатысты қолданылады.

Бездердің морфологиялық жіктелуі. Бездердің құрылысы.

            1. Бездер

            1. Эндокринді

            1. Экзокринді

1. Трабекулярлық (бүйрек үсті безі, гипофиз)

Қарапайым (бір шығару өзегі бар)

Күрделі (көп шығару өзегі бар)

2. Фолликулярлық (қалқанша безі)

Тармақталған (секреторлық бөлігі тармақ-талады)

Тармақталмаған (секреторлық бөлігі тармақ-талмайды)

Тармақталған (секреторлық бөлігі тармақ-талады)

Тармақталмаған (секретор-лық бөлігі тармақталмайды)

Түтікшелі

Альвеолярлық

Түтікшелі

Альвеолярлық

Түтікшелі – альвеолярлы

Экзокринді бездер аяққы (секреторлық) бөлімнен және шығару өзегінен тұрады. Аяққы (секреторлық) бөлім секреторлық жасушалардан экзокриноциттерден тұрады. Кейбір бездерде (эктодермальды даму көзі бар) секреторлық бөлімнің құрамына ерекше көп өсінділі жиырылғыш жасушалар – миоэпителиоциттер (себет тәрізді) кіреді, олардың жиырылуы өнімнің шығару өзектерге жылжуын қамтамасыз етеді. Шығару өзектері секреторлық процеске қатыспайтын (кейде қатысуы мүмкін) эпителиоциттерден тұрады. Оның құрамында камбиальды жасушалар болуы мүмкін, эктодермальды даму көзі бар бездерде – миоэпителиоциттер.

Қарапайым бездерде бір шығару өзегі болады. Күрделі бездерде бірнеше шығару өзегі бар. Қарапайым бездер тармақталған (секреторлық бөлімдері тармақталады) және тармақталмаған болады. Секреторлық (аяққы) бөлімінің пішініне байланысты олар түтікшелі және альвеолярлық болады. Түтікшелі бездерде секреторлық бөлімінің пішіні түтік тәрізді болса, альвеолярлықтарда - альвеола тәрізді.

Күрделі бездердің тармақталуы да осындай, бірақ олардың секреторлық бөлімдері түтікшелі-альвеолярлы болуы да мүмкін.

Кейбір жағдайларда экзокринді бездердің секреторлық бөлімдері мен шығару өзектерінің анық шекарасы жоқ, өйткені өнім бөлуге бездің барлық жасушалары қатысады. Мысалы, асқазан және жатыр бездері. Мұндай бездердің түбін, денесін, мойнын ажыратады.

Секреторлық эпителийдің жасушалары бездің жұмысшы бөлімін құрайды, оны паренхима деп атайды. Бірақ, бездер оларды қоршаған дәнекер ұлпадан тыс қызмет атқара алмайды, онда қан тамырлары, жүйкелік аппарат орналасады – строма.

Өнім бөлу механизміне байланысты экзокринді бездердің жіктелуі.

Өнім бөлудің мерокринді, апокринді және голокринді түрлерін ажыратады.

Мерокринді өнім бөлуде секреторлық жасуша зақымданбайды. Секреция екі ықпалдың әсер етуімен өтеді: жүйкелік (нейромедиатр арқылы) және гормональдық. Секреторлық жасушаға гормонның немесе нейромедиатрдың әсер етуі рецепторлардың қозуына байланысты. Онан кейін бұл әсер жасушаның ішіне өтеді. Егер жүйкелік ықпал секреторлық жасушаның белсенділігін кальций иондары арқылы жоғарылатса, гормональдық – циклдық аденозинмонофосфат (цАМФ) арқылы. Секрецияны реттеуші негізгі белок кальмодулин болып табылады. Ол жасушаішілік кальцидің негізгі рецепторы. Са2+ + кальмодулин комплексі миозинкиназа ферментінің белсенділігін арттырады, ол жасушаішілік миозинді фосфорландырады және оның актинмен әсерін күшейтеді. Бұл миофиламенттердің жиырылуы мен секреторлық түйіршіктердің цитолеммаға қарай жылжуына әкеледі.

Мерокринді жолмен өнімді сілекей, ұйқы бездері және т.б. бөледі.

Апокринді жолмен өнімді тер және сүт бездері бөледі. Олардың секреторлық түйіршіктері жоғарыда айтылған жолмен жасушаның бетіне жақындайды. Онан кейін секреторлық жасушаның апикальды бөлімі зақымданады. Жасушаның бұл зақымданған бөлімі өнімнің құрамына кіреді. Секреторлық жасушаның зақымданған көлеміне байланысты макро- және микроапокринді секреция түрлерін ажыратады.

Голокринді жолмен өнімді май бездері бөледі. Әрбір май безі қап тәрізді, бөлінуге қабілетті жасушалардан тұрады. Өнім бөлу барысында секреторлық жасуша толық бұзылады. Олардың қалпына келуі бөлінуге қабілетті жасушалар есебінен өтеді(камбиальды).

Өнімінің химиялық құрамына байланысты бездердің жіктелуі.

Өнімінің химиялық құрамына байланысты барлық бездер белоктық немесе серозды, шырышты немесе мукозды, аралас немесе серозды-мукозды, және майлы деп бөлінеді.

Көрнекі материал

Қан және лимфа

Дәрістің жоспары

  1. Қанның қызметтері

  2. Қанның құрылысы

  3. Эритроциттер

  4. Тромбоциттер (қан табақшалары)

  5. Лейкоциттер

    1. Нейтрофилдер

5.2.Эозинофилдер

5.3.Базофилдер

5.4.Моноциттер

5.5.Лимфоциттер

  1. Лейкоцитарлық формула. Гемограмма

  2. Қанның адам жасына байланысты өзгерістері.

  3. Лимфа

Қан және лимфа мезенхимадан дамыған ерекше тіндер. Олар жасушааралық заттан (плазмадан) және пішіндік элементтерден (жасушалардан) тұрады. Плазма қанның 55-60% құрайды, ал қанның пішіндік элементтерінің үлесіне 40-45% тиеді. Адам салмағының 9% қанның үлесі.

Қанның атқаратын қызметтері:

  1. Тасымалдау

  2. Трофикалық

  3. Тыныс алу

  4. Гомеостатикалық

  5. Қорғаныш

Қанның ішіне түскен қоректік заттарды тасымалдау, өкпеден оттегін әкеліп, мүшелерден көмірқышқыл газын әкету, гуморальдық және жасушалық қорғаныс – мұның бәрі оның атқаратын қызметі.