Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тін» ымыны анытамасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Қанның адам жасына байланысты өзгерістері

Эритроциттер. Жаңа туған нәрестелерде эритроциттердің мөлшері 6—7х1012/л құрайды, 2-апталық мерзімде ересек адамдардың көрсеткіштеріне дейін жетеді. Мөлшерінің біртіндеп төмендеуі 3—6-айда физиологиялық қаназдыққа әкеледі. Олардың көрсеткіштері ересек адамдардың көрсеткіштерімен жыныстық есею кезінде теңеседі. Жаңа туған нәрестелерде анизоцитоз және ретикулоцитоз байқалады. Қартайған шақта эритроциттердің мөлшері төмендеуі мүмкін.

Нәрестелерде туған кезде физиологиялық лейкоцитоз байқалады (10-30х109/л). Қалыпты деңгейі 14 жасқа қарай тұрақтанады. Нейтрофилдер мен лимфоциттер арасында мөлшерлерінің өзгеруіне байланысты физиологиялық айқастар байқалады, жаңа туған нәрестелерде олардың мөлшері ересек адамдардың көрсеткіштерімен тең. Кейін лимфоциттер мөлшері артады, ал нейтрофилдер төмендейді. 3-4 тәулікте олардың мөлшері теңеседі (бірінші физиологиялық теңесу). Кейінгі лимфоциттер мөлшерінің артуы және нейтрофилдердің төмендеуінің нәтижесінде 1-2 жасқа қарай нейтрофилдердің -25%, ал лимфоциттер -65% құрайды. Қайтадан лимфоциттердің санының төмендеуі және нейтрофилдер санының артуы 4 жастағы балаларда олардың көрсеткіштерінің теңесуіне әкеледі (екінші физиологиялық теңесу). Кейінгі лимфоциттер санының біртіндеп төмендеуі және нейтрофилдер санының артуы жыныстық есею кезіне дейін жалғасып, олардың көрсеткіштері ересек адамдардың көрсеткіштерімен теңеседі.

Лимфа

Лимфа плазманың капиллярлардан және венулалардан плазманың сүзілуі арқылы пайда болады. Оған интерстициалды кеңістіктегі гидростатикалық қысымның жоғары болуы және онко қысымның айырмашылығы септігін тигізеді.

Лимфа лимфа плазмасынан және пішіндік элементтерден тұрады.

Лимфа плазмасы құрамы бойынша қан плазмасына ұқсас. Пішіндік элементтер лимфаның мөлшерінің 1% құрайды, пайызбен алғанда 95% лимфоциттер, 5% гранулоциттер, 1% моноциттер.

Лимфа қызметтері:1. Тасмалдау, метаболизмдік және трофикалық — ішекте сіңірілген липидтердің, пластикалық және энергетикалық материалдың тасмалдануы. 2. Организмде судың таралуы. 3. Антиденелердің түзілуін реттеуге қатысу, қорғаныс қызметі. 4 Реттеушілік қызметі, иммундық ақпаратты, ферменттерді, гормондарды және т.б. реттеу факторларын өткізу жолы болып табылады. 5. Ақуыздарды тіндерден қанға қайтару және қанның онко қысымын тұрақтандыру.

Көрнекі материалда

1 . Эритроцит

2. Тромбоцит

3. Нейтрофил

4 . Эозинофил

5 . Базофил

6. Лимфоцит

7. Моноцит

Тақырыбы: Дәнекер тіндер. Жасушалық элементтері

Дәрістің жоспары

  1. Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі

  2. БТДТ құрылысы

  3. жасушааралық заты

  4. БТДТ жасушалары

фибробластылар

макрофагтар

ұлпалық базофилдер

плазмоциттер

май жасушалары

пигментоциттер

адвентициальды жасушалар