- •1. «Тін» ұғымының анықтамасы
- •2. Тіндік элементтер
- •3. Тіндердің жіктелуі
- •4. Эволюция барысында тіндердің дамуы
- •5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы түсінік
- •6. Тіндердің даму негізі (көзі)
- •7. Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты, стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі
- •8. Регенерация.
- •Жабу эпителийінің морфологиясы Бір қабатты эпителий.
- •Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
- •Көп қабатты эпителий.
- •Секреторлық циклдың сатылары.
- •Бездердің жіктелуі.
- •Бездердің морфологиялық жіктелуі. Бездердің құрылысы.
- •Қанның құрылысы
- •Қанның пішіндік элементтері
- •Агранулоциттер
- •Қанның адам жасына байланысты өзгерістері
- •Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі
- •Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
- •Жасушааралық затты
- •Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары
- •Ұлпалық базофил (лаброцит, тучные)
- •Көрнекі материал
- •Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық тіндердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
- •Шеміршектің әртүрлі түрінің ерекшеліктері
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі.
- •Көрнекі материал
- •Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.
- •Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы
- •Көрнекті материал
- •Жүйкелік талшықтар
- •Көрнекті материал
- •Сезім мүшелерінің қызметі
- •Көз алмасының құрылысы
- •Көздің мөлдір қабықшасының құрылысы
- •Торлы қабықша
- •Иіс сезу анализаторы
- •Көрнекі материал
- •Есту және тепе -теңдік сақтау мүшесінің жалпы құрылысы
- •Ортаңғы құлақ
- •Тепе-теңдік сақтау мүшесі немесе вестибулярлы аппарат.
- •Спиральды мүшенің құрылысы
- •Көрнекі материал
Спиральды мүшенің құрылысы
Спиральды мүшенің құрамына екі түрлі клеткалар жатады: сенсорлық және тіректік. Бұл клеткалардың әрқайсысы ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Туннель шекаралық қызмет атқарады.
Ішкі сенсорлы қылшықты эпителиоциттер, төменгі жағы кеңейген құмыраға ұқсас, бір қабат болып жатады. Апикальды бөлігінде 30-60 дейін тығызданған микробүрлер – стереоцилиялар 3-4 қатар болып орналасады. Клетканың ядросы базальды бөлігінде болады. Адамда 3500 ішкі қылшықты клетка болады. Апикальды бөлігі кутикуламен қапталған, олардан сыртқа қарай стереоцилиялар өтеді. Клеткада митохондриялар ЭТ, актин және миозинді миофиламенттер болады.
Сыртқы қылшықты клеткалардың пішіні дөңгелектеу болады. Қылшықты клеткалар бұл жерде 3 қатар болып орналасқан. Кутикулярлық пластинканың үстінде жатқан стереоцилиялар Ү әрпі сияқты болып орналасқан. Бұл клеткалардың стереоцилиялары жабу мембранасымен түйісе жатады. Стереоцилияның құрамында жиырылғыш белок (актомиозин) болады. Ересек сүт қоректілерде спиральды мүшенің қылшықты клеткаларында киноцилия болмайды.
Тіректік клеткалар базальдық мембранада орналасады. Ішкі фалангалық клеткалардың саусақ тәрізді (фаланга) өсіндісі бар. Ішкі және сыртқы бағаналы клеткалар туннельдің қабырғасын түзейді. Туннель эндолимфамен толтырылған. Бағаналы клеткалар базальды мембранаға орналасады.
Базальды мембранада бұлардан басқа сыртқы фалангалық клеткалар да болады. Олар сыртқы бағаналық клетканың жанында 3-4 қатар құрап орналасады.
Биік тональды дыбыстар ұлудың төменгі иірімдеріндегі қылшықты клеткаларды қоздырады, ал төменгі дыбыстар ұлудың ұшындағы қылшықты клеткаларды және төменгі иірімнің клеткаларын қоздырады.
Дабыл жарғағына дыбыстың әсері кезінде пайда болған толқулар есту сүйектеріне жеткізіледі, әрі қарай сопақ терезе арқылы перилимфаға, базилярлық және текториальды мембраналарға өтеді. Бұл қимыл дыбыстың күшіне әрі оның жиілігіне дәл есептелген. Стереоциялардан кері ауытқуы басталысымен рецепторлық клеткалардың қозуы да басталады.
Қозу кезінде эндолимфаның құрамына кіретін ацетилхолиннің стереоцилияның мембранасының холинорецепторлары белогымен өзара байланысы жүреді. Стереоцилия мембранасында ацетилхолинэстераза ферменті де болады. Бұның бәрі рецепторлық потенциалдың таңдауына әкеледі (микрофондық эффект).
Жарғақты лабиринттің вестибулярлық бөлігінде тепе-теңдік сақтау мүшесінің рецепторлары орналасады. Ол екі қапшықтан тұрады: эллиптикалық (atriculus) және сферикалық (sacculus). Екі қапшық бір-бірімен және үшжартылай иірілімді каналдармен байланысты. Каналдардың эллиптикалық қапшықпен түйіскен тұсында ампулалар болады. Қапшықтарда және ампулаларда сезімтал (сенсорлы) клеткалар орналасқан аймақтар бар. Қапшықтарда оларды дақтар немесе макулалар дейді. Ампулаларды – айдаршалар немесе криптілер деп атайды.
Қапшықтардың дақтары эпителиймен қапталған. Бұл эпителий базальдық мембранаға орналасқан, оның құрамында сезімтал және тіректік клеткалар болады.
Эллиптикалық қапшықтың рецепторлық клеткалары жазықтың үдеуді (линейное ускорение), гравитацияны анықтайды, ал сферикалық қапшықтың клеткалары гравитацияны және вибрацияны қабылдайды.
Қапшықты сенсорлық клеткалардың апикальды бөлігі лабиринттің қуысына қарай бағытталған. Бұл клеткалардың сыртқы бетіндегі кутикуласынан 60-80 қозғалмайтын стереоцилиялар және жиырылғыш кірпікше құрылымдас, қозғала алатын бір кірпікше – киноцилия өсіп шығады. Киноцилия стереоцилияларға үнемі полярлы орналасады. Киноцилия стереоцилияларға қарай иілсе клеткаларда қозу басталады, ал қарама-қарсы жаққа қарай ауытқыса клетканың тежелуі басталады.
Тіректік клетккалар сенсорлықтардың арасында орнығып, олардан қүңгірт сопақ ядролармен ерекшеленеді, көптеген метохондриялары болады.
Криптілер (ампулярлық айдаршалар) әрбір жатылай иірілімді каналдардың ампулаларында көлденең қатпарлар түрінде түзелген. Айдаршаның құрамына сенсорлы қылшықты және тіректік эпителиоцит кіреді. Клеткалардың апикальдық бөлігін желатин тәрізді мөлдір күмбез жауып тұрады. Оның ұзындығы 1 мм. Қылшықты клетканың құрылысы қылшықтардың сенсорлық клеткасына ұқсас. Желатинозды күмбез бұрыштың үдеудің рецепторы болып табылады.
