- •1. «Тін» ұғымының анықтамасы
- •2. Тіндік элементтер
- •3. Тіндердің жіктелуі
- •4. Эволюция барысында тіндердің дамуы
- •5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы түсінік
- •6. Тіндердің даму негізі (көзі)
- •7. Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты, стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі
- •8. Регенерация.
- •Жабу эпителийінің морфологиясы Бір қабатты эпителий.
- •Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
- •Көп қабатты эпителий.
- •Секреторлық циклдың сатылары.
- •Бездердің жіктелуі.
- •Бездердің морфологиялық жіктелуі. Бездердің құрылысы.
- •Қанның құрылысы
- •Қанның пішіндік элементтері
- •Агранулоциттер
- •Қанның адам жасына байланысты өзгерістері
- •Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі
- •Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
- •Жасушааралық затты
- •Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары
- •Ұлпалық базофил (лаброцит, тучные)
- •Көрнекі материал
- •Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық тіндердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
- •Шеміршектің әртүрлі түрінің ерекшеліктері
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі.
- •Көрнекі материал
- •Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.
- •Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы
- •Көрнекті материал
- •Жүйкелік талшықтар
- •Көрнекті материал
- •Сезім мүшелерінің қызметі
- •Көз алмасының құрылысы
- •Көздің мөлдір қабықшасының құрылысы
- •Торлы қабықша
- •Иіс сезу анализаторы
- •Көрнекі материал
- •Есту және тепе -теңдік сақтау мүшесінің жалпы құрылысы
- •Ортаңғы құлақ
- •Тепе-теңдік сақтау мүшесі немесе вестибулярлы аппарат.
- •Спиральды мүшенің құрылысы
- •Көрнекі материал
Көрнекті материал
Тақырыбы: «Жүйке тіні. Нейроглия, жүйке талшықтары, жүйкелік аяқтамалар»
Дәрістің жоспары
Нейроглия
Жүйке талшықтарының құрылысы
Жүйке талшықтарының қалпына келуі
Жүйкелік аяқтамалар
қимылдатқыш жүйкелік аяқтамалар
сезімтал жүйкелік аяқтамалар
Ннейроглия
Нейроглия. Нейроглия жүйке тілінде сан алуан қызмет атқаратын жүйке тінінің аралық заты.
Нейроглияның жіктелуі:
-
Макроглия
Микроглия
Астроциттік
Олигодендроглия
Эпендимдік
Глиальды макрофагтар
1. Талшықты 2. Протоплазмалық
1. Мантийялық
2. Леммоциттер
3. ОЖЖС бос олиго-дедроглиясы
4.Жүйкелік аяқтамардың олигодендроглиясы
1.Жұлын каналының эпендимасы
2.Бас миы қарыншаларының эпендимасы
3. Танициттер
4. Хороидты глия
5. Радиальды глия
Нейроглияның жасушалары үлкен екі топқа бөлінеді. Олар: глиоциттер немесе макроглия және микроглия. Макроглияға жататындар: эпендимоглия, астроглия және олигодендроглия. Эпендимоглия жұлын өзегі (каналы) мен бас миы қарыншаларының ішкі қабырғасын тыстайды. Жасушалары эпендимиоциттер. Эпендимиоциттердің жұлын өзегі ішіне қараған бетінде көптеген кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйығын жылжытуға өзінің қимылы арқылы қолайлы жағдай жасайды. Ал, базальді жағында миға бағытталған ұзын өсіндісі болады. Бұл өсіндісі мида миханикалық және шектеулік қызмет атқарады. Көптеген эпендимиоциттер секреторлы қызмет атқарады. Олар қанға және ми қарыншаларына активті (белсенді) заттарды бөледі. Эпендимоциттердің пішіні куб тәрізді.
Астроглия. Астроглия орталық жүйке-жүйесінде тіректік аппарат болып саналады. Жасушалары майда көп өсінділі астроциттер. Астроциттердің екі түрі бар. Олар: протоплазмалы және талшықты астроциттер болып бөлінеді. Протоплазмалы астроциттер мидың сұр затында орналасады. Денесінен көптеген тармақталған қысқа өсінділер шығады, цитоплазмасында эндоплазмалық тор, бос рибосомалар, көптеген митохондриялары болады. Бұлардың мидағы атқаратын қызметі шектеушілік (миды бөліктерге бөледі) және трофикалық. Талшықты астроциттер мидың ақ затының құрамында орналасып, тіректік қызмет атқарады. Олигодендроглия – жасушалары олигодендроциттер. Нейроглияның құрамындағы саны жағынан ең көбі. (Орталық және шеткі жүйке-жүйесінің құрамындағы нейрондар мен жүйке талшықтарының сыртын қоршайды. Жүйке жүйесінде трофикалық қызмет атқарады, зат алмасу процесіне де қатысады. Бұларды леммоциттер немесе Шванн жасушалары деп атайды.
Жүйкелік талшықтар
Нейрон өсінділері – нерв талшықтары болып саналады. Олардың сыртын глиальді қабық қоршап тұрады. Бұл қабықты кұрайтын олигодендроциттер. Нерв жүйесінің құрамындағы нерв талшықтары құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: миелинді және миелинсіз талшықтар болып. Бұлар нейрондардан шыққан өсінділер, құрамындағы білік цилиндрі глиальді қабықпен қоршалған. Сыртқы қабығы олигодендроциттер немесе нейролеммациттер.
Миелинсіз талшықтар. Бұл талшықтар көбінесе вегетативтік жүйке жүйесінде болады. Миелинсіз талшықтардың сыртын олигодендроциттердің цитоплазмасы қоршайды, қабықтың белгілі бір жерінде олардың ядролары да көрінеді. Миелинсіз талшықтардың құрамында 10-20-ға дейін біліктік цилиндрлері болады. Талшықтардың мұндай түрлерін кабель типтес талшықтар дейді. Біліктік цилиндрлерінің олигодендроциттердің мембранасына ілінген жері екі қабатты. Жасушаның осы мембранасын (плазмолеммасын) мезаксон дейді.
Миелинді талшықтар. Нерв талшықтарының бұл түрі орталық және шеткі жүйесінің құрамында кездеседі. Миелинсізге қарағанда бұлар жуандау келеді. Көлденең кесіндісіндегі диаметрі – 1-2 мкм болады. Миелинді талшықтардың сыртқы нейролеммоциттермен қоршалады, бірақ бұл талшықтардың біліктік цилиндрі біреу. Біліктік цилиндрдің сыртқы екі қабаты қабықпен қоршалған: ішкі – қалың қабаты миелинді, ал сыртқы қабаты жұқа нейролеммоциттердің ядросы мен цитоплазмасы немесе нейролемма. Миелинді қабығының құрамында липидтер болады, сондықтан миелинді талшықты осмий қышқылымен өңдегенде бұл қабығы қара түспен боялады. Миелинді қабығының ерекшелігі миелинді қабығының кейбір жерінде осмиймен боялмайтын, кертік сызықтары болады (насечка миелина). Екінші ерекшелігі миелинді қабығының белгілі бір аралығында қабықтың үзіліп отыратын бөліктері де кездеседі. (NODUS NEUROFIBRAE), NODUS NEUROFIBRAE екі леммоциттің жалғасқан жері болып табылады. Бұл талшықтарда мезаксон-екі қабатты леммоцит жасушаларының плазмолеммасы.Осы мезаксон талшықтың біліктік цилиндрін бірнеше рет орап алып, ішкі миелинді қабықты құрайды. Электронды микроскопиялық зерттеулерде бұл орам ашық түсті дм 8-12 нм липидті қабат. Сыртқы қабат миелинді талшықтың нейролеммасы – ОСМИЙ қышқылымен өңделмейді (ашық түсті). Біліктік цилиндр нерв талшығының нейроплазмасы – болып саналады, құрамында нейрофиламенттер мен нейротубулалары болады.
Миелинді талшықтар нерв импульсін тез өткізеді 5-120 м/сек, ал миелинсізі баяу өткізеді 1-2 м/сек.
Жүйкелік аяқтамалар. Нерв талшықтарының ең соңғы терминальді бөлігін – нерв ұштары дейді. Атқаратын қызметіне байланысты нерв ұштары үш топқа бөлінеді. Эффекторлы, рецепторлы (сезімтал) және соңғы бөліктері болып бөлінеді. Соңғы бөліктері нейрон аралық контакт – синапстар.
Эффекторлы жүйкелік аяқтамалар. Мұндай нерв ұштарының екі түрі бар: қозғалтқыш және секреторлы. Қозғалтқыш нерв ұштары, қозғалтқыш нейрондардың соматикалық және вегетативтік жүйесіндегі ең соңғы аппараты (ұшы) болып табылады. Бұлардың қатысуымен нерв импульсі жұмысшы мүшелерге таралады (беріледі). Мысалы: көлденең жолақ ет тіндеріндегі нерв ұштары. Бұлардың қозғалтқыш талшықтары жұлынның алдыңғы мүйізінде бас миының қозғалтқыш ядроларында жатады. Миелинсіз нерв талшықтары көлденең жолақ ет тініне еніп, мионевральді синапс түзеді. Мионевральді синапстың құрамында көптеген митахондриялар мен пресинапстық көпіршіктер болады. Мұндай көпіршіктердің құрамындағы ацетилхолин медиаторы синапстық қуысқа еніп, постсинапстық мембранадағы холинорецепторларды тітіркендіреді.
Секреторлық жүйкелік аяқтамаларының құрылысы қарапайым. Мұндай нерв ұштарында жуандаған бөліктері бар. Бұл бөліктеріндегі синаптикалық көпіршіктерінің құрамында ацетилхолин болады.
Сезімтал немесе рецепторлық жүйкелік аяқтамалар. Бұлар организмдегі ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі тітіркендіргіш әсерлерді қабылдайтын рецепторлар болып саналады және бірнеше топқа: экстерорецепторлар, интерорецепторлар, механо-, баро-, хеморецепторлар болып бөлінеді. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты рецепторлар: бос жатқан нерв ұштары және инкапсулярлы нерв ұштары болып жіктеледі. Инкапсулярлыға: пластинкалы дене және терідегі сезімтал денешіктер жатады.
