- •1. «Тін» ұғымының анықтамасы
- •2. Тіндік элементтер
- •3. Тіндердің жіктелуі
- •4. Эволюция барысында тіндердің дамуы
- •5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы түсінік
- •6. Тіндердің даму негізі (көзі)
- •7. Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты, стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі
- •8. Регенерация.
- •Жабу эпителийінің морфологиясы Бір қабатты эпителий.
- •Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
- •Көп қабатты эпителий.
- •Секреторлық циклдың сатылары.
- •Бездердің жіктелуі.
- •Бездердің морфологиялық жіктелуі. Бездердің құрылысы.
- •Қанның құрылысы
- •Қанның пішіндік элементтері
- •Агранулоциттер
- •Қанның адам жасына байланысты өзгерістері
- •Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі
- •Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
- •Жасушааралық затты
- •Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары
- •Ұлпалық базофил (лаброцит, тучные)
- •Көрнекі материал
- •Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық тіндердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
- •Шеміршектің әртүрлі түрінің ерекшеліктері
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі.
- •Көрнекі материал
- •Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.
- •Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы
- •Көрнекті материал
- •Жүйкелік талшықтар
- •Көрнекті материал
- •Сезім мүшелерінің қызметі
- •Көз алмасының құрылысы
- •Көздің мөлдір қабықшасының құрылысы
- •Торлы қабықша
- •Иіс сезу анализаторы
- •Көрнекі материал
- •Есту және тепе -теңдік сақтау мүшесінің жалпы құрылысы
- •Ортаңғы құлақ
- •Тепе-теңдік сақтау мүшесі немесе вестибулярлы аппарат.
- •Спиральды мүшенің құрылысы
- •Көрнекі материал
Көрнекі материал
Тақырыбы: «Дәнекер тінінің мамандануы»
Дәрістің жоспары
Тығыз талшықты дәнекер тін
Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
Ретикулярлық тін
Май тіні
Шырышты тін
Пигментті тін
БТДТ және қанның қабыну үрдісіне қатысуы
Тығыз талшықты дәнекер тін
(пішінделмеген және пішінделген)
Тығыз талшықты дәнекер тіні борпылдақ дәнекер тінінен айырмашылығы онда талшықтар көбірек болады. Бұл талшықтардың орналасуына байланысты тығыз пішінделген және тығыз пішінделмеген дәнекер тіндерге бөлінеді.
Тығыз пішінделмеген дәнекер тіні әр бағытта орналасқан жуан коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан тұрады. Дәнекер тінінің жасушалары көп емес, оның көп бөлігін фибробластылар және фиброциттер құрайды. Негізгі заттың мөлшері көп емес. Тығыз пішінделмеген дәнекер тіннің мысалы ретінде тері дермасының торлы қабатын атауға болады. Тығыз пішіделген дәнекер тінде коллаген шоғырлары белгілі бір тәртіппен орналасқан, мысалы: сіңір, байлам, тарамыс, фиброзды мембраналар.
Сіңір (сухожилие) жуан параллельді орналасқан коллаген талшықтарының шоғырынан тұрады. Олардың арасында негізгі зат және фиброциттер болады. Сіңірде әрбір коллаген шоғыры көршілес орналасқан шоғырлардан сіңір жасушаларымен бөлінген. Бұл шоғырлар І ретті шоғырлар деп аталады. Бірнеше І ретті шоғырларды дәнекер тіні қоршап ІІ ретті коллаген шоғырларын құрайды. Ал бірнеше ІІ ретті шоғырлар ІІІ ретті шоғырды құрайды. Ең сыртқы дәнекер ұлпа эпитеноний деп аталады. Әрбір шоғырдың сыртындағы дәнекер тіні эндотеноний деп аталады. Ол трофикалық және камбиальдық қызмет атқарады , 2 реттік шоғырдың сыртында перитеноний анықталады.
Фиброциттер (тендиноциттер) өсінділі. Жалпы органеллалары нашар дамыған, бірақ олар жасушааралық заттарды түзеуге қатысады. Тендиноциттер бір-бірімен өсінділері арқылы байланысып, кеңістікте үш жазықтықта да орналасқан торды құрайды. Жасушааралық байланыстардың ішінен бұл жерде нексустар анықталады. Олардың көмегімен жасушалар бір-бірімен механикалық, электрлік және химиялық байланыстар жасай алады. Өсінділердің цитолеммасы жасушааралық талшықтармен адгезиялық байланыста болады. Бұл жағдай үстеме күш түскенде жасушалардың белсендірілуіне себеп болады. Ал ол өз кезегінде жасушааралық заттардың өндірілуінің артуына әкеледі.
Байлам (связка) оның негізін параллельді орналасқан эластин талшықтары құрайды. Әрбір талшықтың жанында жұқа дәнекер ұлпа орналасады.
Фиброзды мембраналарда фасциялар, апоневроздар, диафрагманың сіңірлі орталықтары, ішкі мүшелердің капсулалары, периост жатады. Оларды коллаген талшықтары белгілі тәртіппен орналасады. Бірінің үстіне бірі орналасқан шоғырлардың талшықтарының бағыты бір-бірімен сәйкес болмайды. Олар әр бағытта болады.
Тығыз пішінделмеген дәнекер тінде жасушалар мен жасушааралық зат ажыратылады. Ол дерманың торлы қабатында, көптеген мүшелердің капсуласында анықталады. Жасушалары негізінен – фиброциты, аздаған фибробластылар болады. Ұлпалық базофильдер, лейкоциттер, макрофагтар кездеседі. Жасушааралық заты әр түрлі бағытта жатқан коллаген талшықтарынан және негізгі аморфты заттан тұрады. Тығыз талшықты дәнекер тіннің ішімен өтетін тамырлардың сыртында БТДТ орналасады.
Тығыз талшықты пішінделмеген дәнекер тіннің қызметі тіректік, механикалық. Қалпына келу қабілеті аса жоғары емес, өйткені оларда камбиальдық элементтер болмайды. Бөлінуге қабілетті жасушалар БТДТ құрамында орналасады, бірақ бұл тіннің мөлшері өте аз.
