Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тін» ымыны анытамасы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Торлы қабықша

Көздің торлы қабықшасы retina – ішкі қабықша – құрамындағы фоторецепторлық жасушалардың көмегімен қамтамасыз етеді.

Торлы қабықша радиальды бағытта орналасқан 3 нейроннан түзіледі: сыртқы рецепторлық, аралық-ассоциативті, ішкі ганглионарлы және 2 қосымша нейрондар. Кейінгілер радиальды тізбекке І және ІІ деңгейдің нейрондарының байланысы тұсында (горизонтальды), ІІ және ІІІ деңгейдің нейрондарының байланысы тұсында қосылады.

Морфологиялық тұрғыдан торлы қабықшада келесі қабаттарды ажыратады:

  1. пигментті қабат

  2. фотосенсорлы таяқшалы, колба тәрізді клеткалы қабаты

  3. сыртқы шекаралық мембрана

  4. сыртқы түйіршікті (ядролы) қабат

  5. сыртқы талшықты қабат

  6. ішкі түйіршікті ядролы қабат

  7. ішкі талшықты қабат

  8. ганглиозды клеткалы қабат

  9. жүйкелік талшықтар қабаты

  10. ішкі шекаралық мембрана

Нейронсенсорлық жасушалар саулені шеткері бөліктерімен, өзгеріске ұшыраған дендриттерімен, яғни таяқшалар мен колбочкалар арқылы қабылдайды. Фоторецепторлық жасушалардың ядролары орналасқан аймағы сыртқы түйіршікті қабатты түзейді. Фоторецеторлық жасушалардың және биополярлы жасушалардың өсінділерінің түйіскен аймағы торлы қабатты береді.

Таяқшалы фоторецепторлық клетканың дендритінің 2 бөлігін ажыратады. Сыртқы және ішкі сегменттер, олар кірпікшемен сегменттелген. Сыртқы сегмент цилиндр пішінді болады да екі қабатталған мембраналардан түзелген тұйық дискілерден құралады. Дискілер бір-бірімен байланысы жоқ. Қалыңдығы 140 нм, ені 2 мкм. Сыртқы сегментінің мембранасында көрі пигменті родопсин болады. Родопсиннің құрамына опсин белогы және bit А-ның альдегиді, ретинал кіреді. Таяқшалы жасушалардың саны адамда 130 млн-дей болады.

Сауытшалы нейросенсорлық жасушалардың сыртқы сегменті жартылай дискілерден құралады. Ішкі сегментінің ішінде эллипсоид деп аталатын аймақ бар. Ол липид тамшысынан және тығыз орналасқан ??? құралады. Ядролы бөлігі сыртқы түйіршікті қабатта орналасады. Ядролары таяқшалы жасушаларға қарағанда үлкенірек, дөңгелектеу және анықтау болып боялады. Аксондары биополярлы нейрондармен сыртқы торлы қабатта синапстар түзейді. Сауытшалы жасушалардың саны 6-7 млн-дай болады, олар әртүрлі түсті көрі жасушалары болып табылады. Сыртқы сегменттің дискілерінің мембраналарында екінші көру пигменті – иодопсин анықталады. Бұл жасушалар негізгі үш түсті айыра алады: қызыл, көк, жасыл.

Сауле түскен кезде көру пигменті құрылымдық бөліктеріне ыдырайды. Ал бұл құбылыс биохимиялық реакциялардың тізбегінің басталуына әкеледі де, осының нәтижесінде фоторецепторлық клетканың мембранасының өткізгіштігін өзгертеді, яғни рецепторлық потенциал пайда болады. Көру пигментінің қалпына келуі қараңғыға бейімделуде өтеді.

Ішкі ядролық қабатта 3 түрлі ассоциативті нейрондар орналасады. Горизонтальды, биополярлы, амакринді.

Горизонтальды клеткалар 1 немесе 2 қабат құрап орналасқан. Олардың дендриттері фоторецепторлық клеткалардың аксондарымен синапстар құрайды. Жасушалардың аксоны горизонтальды бағытта алысқа кетеді. Таяқшалар мен сауыттар тәрізді жасушалардың аксондарымен байланысады. Бұл тежегіш клетка болғандықтан ол фоторецепторлардың келетін импульстерді өткізуге уақытта блокада құрайды (контраст).

Биополярлы клеткалар таяқшалы және сауытшалы клеткаларды ганглиозды клеткалармен байланыстырады, бірнеше таяқшалы клеткалар І биополярлы клеткалармен байланысса, сауытшалы сауытшалы клетка. І биполярлы клеткаға келіп түйіседі. Ядролы бөлігі ішкі ядролық қабатты құрайды, ал дендриттері – сыртқы торлы қабатта фоторецепторлық клеткалардың аксондарымен синапстар түзейді. Биополярлық клеткалардың ішінде ганглиозды қабатқа жақын орналасқан клетканы көруге болады. Бұл центрифугальды биополярлы клеткалар. Олар импульсті кері бағытта өткізеді, ганглиозды клеткадан фоторецепторлық клеткаға қарай.

Амакринді клеткалар – горизонтальды клеткаларға ұқсас қызмет атқарады, тек олар биополярлық және ганглиоздық клеткалар деңгейінде.

Ганглиозды, мультиполярлы клеткалар – көлемі жағынан ең үлкен клеткаға жатады. Дендриттері ішкі торлы қабатта орналасқан, биополярлық нейрондардың нейриттерімен түйіседі. Ганглиозды клетканың денесі ганглионарлық қабатты түзейді, ал нейриттері жүйкелік талшықтар қабатын құрайды.

Торлы қабықшаның жүйкелік талшықтары радикальды бағытта жатады да, көз нервісінің дискісін жинақтайды. Бұл аймақ «соқыр дақ» деп аталады. Сыртынан миелинді қабықшамен қапталып көру нервісіне айналып, хиазмадан соң қыртыс асты көру төмпешіктерінде аяқталады.

Торлы қабықшаның ішкі бетінде дөңгелек пішінді сары дақ (Д 12 мм) болады. Ортасында – орталық ойықты айыруға болады. Бұл көрудің ең жақсы өтетін аймағы

Пигемнтті қабат торлы қабықшаның ең сыртқы қабаты. Ол призмалық полигональды клеткалардан құралған. Негізінен олар базальдық мембранаға бекіген, яғни тамырлы қабықшаға түйісе орныққан. Апикальды бөлігіндегі микробүрлер фоторецепторлық клеткалардың сыртқы сегменттерін қоршап жатады. Пигменттер қорғаныш қызметін атқарады.