- •1. «Тін» ұғымының анықтамасы
- •2. Тіндік элементтер
- •3. Тіндердің жіктелуі
- •4. Эволюция барысында тіндердің дамуы
- •5. Тіндердің дің және дифференцияланған жасушалары туралы түсінік
- •6. Тіндердің даму негізі (көзі)
- •7. Камбиальдық және камбиальдық емес (тұрақты, стационарлық) тіндер туралы түсінік, олардың гистогенезінің механизімі
- •8. Регенерация.
- •Жабу эпителийінің морфологиясы Бір қабатты эпителий.
- •Эпителий тіндерінің жалпы морфофункционалдық сипаттамасы
- •Көп қабатты эпителий.
- •Секреторлық циклдың сатылары.
- •Бездердің жіктелуі.
- •Бездердің морфологиялық жіктелуі. Бездердің құрылысы.
- •Қанның құрылысы
- •Қанның пішіндік элементтері
- •Агранулоциттер
- •Қанның адам жасына байланысты өзгерістері
- •Меншікті дәнекер тіннің жіктелуі
- •Борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тінінің құрылысы.
- •Жасушааралық затты
- •Борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушалары
- •Ұлпалық базофил (лаброцит, тучные)
- •Көрнекі материал
- •Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық тіндердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
- •Шеміршектің әртүрлі түрінің ерекшеліктері
- •Көрнекі материал
- •Қаңқалық бұлшық ет тінінің қайта қалпына келуі.
- •Көрнекі материал
- •Тегіс (жазық) бұлшық ет тіндері.
- •Жалпы морфофункциональдық сипаттамасы
- •Көрнекті материал
- •Жүйкелік талшықтар
- •Көрнекті материал
- •Сезім мүшелерінің қызметі
- •Көз алмасының құрылысы
- •Көздің мөлдір қабықшасының құрылысы
- •Торлы қабықша
- •Иіс сезу анализаторы
- •Көрнекі материал
- •Есту және тепе -теңдік сақтау мүшесінің жалпы құрылысы
- •Ортаңғы құлақ
- •Тепе-теңдік сақтау мүшесі немесе вестибулярлы аппарат.
- •Спиральды мүшенің құрылысы
- •Көрнекі материал
Көз алмасының құрылысы
Ортаңғы (тамырлы) қабықшасының құрамына:
меншікті тамырлы қабықша
кірпікшелі дене
нұрлы қабықықша жатады.
Меншікті тамырлы қабықша – көздің торлы қабықшасын қоректендіруге қатысады. Оның құрамында келесі қабаттар болады.
А. Тамырлы үсті
В. Тамырлы
С. Тамырлы-капиллярлы
Д. Базальдық комплекс
Тамырлы үсті қабаты – склерамен шекаралас жатады, ол БТДҰ-дан құралған. Құрамында көптеген эластикалық талшықтар, фибробластылар, меланоциттер болады.
Тамырлы табақша – артериялармен веналардан, дәнекер ұлпадан, жекелеген жазық миоциттер шоғырынан тұрады.
Тамырлы-капиллярлық табақша гемокапиллярлардан құралады.
Базальдық комплекс – тамырлы қабықшамен торлы қабықшаның пигментті қабатының арасында орналасқан. Оның өзі 3 қабаттан тұрады:
эластикалық
коллагенді (фиброзды)
базальды мембрана
Көз бұршағы (хрусталик)
Бұл мөлдір, екі жағында дөңес дене, оның пішіні өзгере алады. Сауле сындыру көрсеткіші 1.42. Сыртынан қалыңдығы 2-18 мкм мөлдір капсуламен қапталған. Оның алдыңғы қабырғасы І қабатты жазық эпителийден тұрады. Экваторға қарай эпителиоциттер биіктеп, жақұттың өсінді аймағын құрайды. Жаңа пайда болған эпителиоциттер жақұттың талшықтарына айналады. Әрбір талшық мөлдір алты қырлы призма болады. Олардың цитоплазмасында мөлдір белок кристалин болады. Талшықтарды бір-бірімен желімдейтін заттың да сауле сындыру көрсеткіші талшықтардікіндей болады. Жақұт кірпікшелері аймақтың талшықтарының көмегімен цилиарлық (кірпікшелі) денеге бекітілген.
Көз алмасының үш қызметтік аппаратын ажыратады:
диоптриялық
аккомодациялық
фоторецепторлық
Диоптрикалық көз алмасы аппаратына көздің мөлдір қабықшасы, көздің алдыңғы және артқы камераларының сұйықтығы, көз бұршағы және шыны тәрізді дене жатады.
Аккомодациялық көз алмасы аппаратына көздің нұрлы қабықшасы, цилиарлы денешік жатады.
Фоторецепторлық көздің торлы қабықшасы жатады.
Көздің мөлдір қабықшасының құрылысы
Көздің мөлдір қабықшасы бес қабаттан тұрады:
1. Сыртқы эпителий көпқабатты жазық мүйізденбейтін эпитеийден тұрады, олардың өзінің үш қабықшасын ажыратамыз: базальды, тікенекті және беткейлі жазық жасушалар. Эпителийдің құрамында көптеген бос жүйкелік аяқтамалар көп болғандықтан, көздің тактильді сезімталдығы жақсы дамыған. Эпителийдің базальды қабықшасындағы камбиальды жасушалардың бөліну нәтижесінде жоғары регенерациялық қабілетке ие болады. Зақымдану кезінде тікенекті қабықшаның жасушаларының бөліну қабілеттілігі пайда болады. Сұйық және газ тәрізді заттарды жақсы өткізеді.
2. Алдыңғы шекаралық (боуменова) мембрана. Фибриллярлық құрылым болып табылады. Зақымдалса қалпына келмейді.
3. Меншікті заты. Тығыз пішінделген талшықты дәнекер тінінен тұрады. Реттеліп орналасқан талшықтардан тұрады, талшықтардың өзі бір-біріне параллельді орналасқан. Дәнекер тін арасында негізгі аморфты зат пен фибробласттар орналасады. Негізгі аморфты затта глюкозамингликандар мөлшері көп болады.
4. Артқы шекаралық (десцеметова) мембрана. Реттеліп орналасқан коллаген талшықтарынан тұрады. Зақымданушы факторларға төзімді.
5. Артқы эпителий – бірқабатты жазық эпителийден тұрады, көздің мөлдір қабықшасының құрамында қан тамырлары болмайды.
